Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1637 0 пікір 29 Қаңтар, 2026 сағат 19:53

Павлодар кардиоорталығында алғаш рет мультиоргандық донорлық операция жасалды

Сурет: Ұлттық ғылыми онкология орталығы нан алынды.

Павлодар кардиоорталығында алғаш рет мультиоргандық донорлық операция жасалды. Қайтыс болған донордан бірнеше ағза алынды.

39 жастағы науқас геморрагиялық инсульт диагнозымен орталыққа түскен. Өкінішке қарай, жағдайы ауыр болып, комаға түсті. Кейін дәрігерлер консилиум арқылы ми өлімін растады. Науқастың отбасы батыл шешім қабылдап, ағзаларын донорлыққа беруге келісімін білдірді. Бұл өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Ағзаларды алу жұмысына Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен «UMC» корпоративтік қорының трансплантолог дәрігерлері қатысты. Нәтижесінде жүрек, бауыр, екі бүйрек және көздің қасаң қабығы сәтті алынып, трансплантацияланды.

Донор отбасының шешімі мен медицина мамандарының үйлесімді еңбегінің арқасында «күту парағындағы» науқастарға өмір сыйлау мүмкін болды. Алынған ағзалар жедел түрде Бірыңғай республикалық донорлар мен реципиенттер регистріндегі пациенттерге жеткізілді.

Бүгінгі күні барлық ағзалар күту парағындағы науқастарға трансплантацияланды. Оның ішінде бір бүйрек балаға салынды, бұл ерекше маңызды.

Науқастың отбасына олардың батыл шешімі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Жақындарының осы қадамы бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осындай шешімдердің арқасында біз үмітке мұқтаж жандарға жаңа өмір сыйлай аламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 443
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 415
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 392