Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Өзгелер 3162 22 пікір 11 Қаңтар, 2020 сағат 15:15

Иран украиналық ұшақты байқаусызда атып құлатқан

Иран билігі украиналық ұшақты байқаусызда атып құлатқанын мойындады. Бұл туралы Иран Қорғаныс күштері Бас штабы мәлімдеді.

"Халықаралық Украина әуе жолдары" әуекомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағының Тегеран маңында апатқа ұшырауына "адамның қателігі" себеп болған.

IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясы таратқан ресми ақпаратта, "адамның қателігі салдарынан және ұшақты байқаусызда құлатты", делінген.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылар түгел қаза тапты. Ресми мәліметтер бойынша ұшақта 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі болған. Олар Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.

Осыған дейін, батыс елдерінің көшбасшылары ұшақтың апатқа ұшырауы зымыран соққысына байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский де мәлімдеген. Ал Иран үкіметі мұны жоққа шығарған. Кеше New York Times газеті Boeing ұшағына зымыранның дөп тию сәті көрестілген видеоны жариялады.

Abai.kz

22 пікір