Дүйсенбі, 24 Ақпан 2020
Жаңалықтар 1459 7 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 14:39

Президенттің ұлын депутаттыққа ұсынды

Душанбе қаласының мэрі Рустам Эмомали Душанбе қалалық мәжілісінің депутаттығына ұсынылды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Рустам Эмомалидің кандидатурасы Исмоил Сомони ауданы халық депутаттары мәжілісіне үміткерлерді ұсыну жөніндегі конференциядан кейін ұсынылған.

Рустам Эмомали Душанбе қаласының мэрі болып 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Биыл Тәжікстанда Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы 1 наурызда өтеді.

Айта кетейік, Эмомали Рахмонның жеті қызы мен екі ұлы бар. Оның балаларының көпшілігі жоғары лауазымдарда.

Мәселен, Рахмонның кенже ұлы Сомон Эмомали 2019 жылы Тәжікстан алюминий компаниясы Talco Cable бас директорының орынбасары болып тағайындалған. Бұл 21 жастағы Сомон Эмомалидің Тәжікстан ұлттық университетін бітіргеннен кейінгі алғашқы қызметі.

Екінші қызы Озода Рахмон - президенттік аппаратты басқарады. Ал үлкен ұлы Рустами Эмомали Душанбе қаласының мэрі. Төртінші қызы Рухшона Рахмонова сыртқы істер министрлігіндегі бөлімшелердің бірін басқарады. Президенттің алтыншы қызы Зарина Рахмон Тәжікстандағы ең ірі банктердің бірі Ориенбанк басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.

Abai.kz

7 пікір