Сейсенбі, 25 Ақпан 2020
46 - сөз 2226 16 пікір 12 Ақпан, 2020 сағат 12:29

Ұлтшылдықты шовинизммен шатастырмаңыздар

Ұлтшылдық деген ұғым өз ұлтынды сүю, нанға сатылып кетпей өз халқына опасыздықты жасамау деген сөз. Басқа ұлттарды кұрметтейміз, бірақ өз ұлтымызды сүйеміз. Бұл әр жөн адамның ұстанымы. Бүкіл әлем де сондай. Ұлтшылдықты шовинизммен шатастырмаңыздар.

Сондықтан кім не десе о десін, өз басым, әкем сияқты, ұлтшыл бұдан бұрын да болдым, бұдан былай да қала берем.

Ұлтшылдық жойылып кетсе, ұлттық мемлекет те құриды, сонда Тәуелсіздігіміз де таусылады. Сонда сендер, ұлтшыл еместер, нанды қайдан табасыңдар?

Сендердің бүгінгі байлықтарыңыз - анау ұлтшыл Алашорда қайраткерлерінің, желтоқсандықтардың арқасы. Жер сатылып тұрғанда оны сендер емес - ұлтшылдар қорғап шықты, керек болса. Жақсылықтың барлығы ұлтшылдықтың арқасы. Соны ұмытпауыңыз керек.

Мұхтар Тайжанның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

16 пікір