Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4031 0 пікір 22 Маусым, 2012 сағат 08:50

Мұрат Бақтиярұлы, сенатор. 2013 жылы латын әліпбиін енгізу қажет

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Еліміз тәуелсіздік алған  кезеңдерден бері айтылып та, талқыланып та келе жатқанымен, күні бүгінге дейін тоқтамды, әрі бір байламды шешімге келе алмай отырған  мәселенің бірі  латын әліпбиіне көшу мәселесі.  Бұл жайында жиырма жыл бойы  тіл мамандарымен қатар қоғам қайраткерлері де, саясатшылар да, түрлі БАҚ өкілдері де айтып та, жазып та келеді.

2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев:-Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгін де телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ  емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстарын жасауы тиіс. Біздің балаларымызды ағылшын тілінде оқытудың өзі латын әліпбиімен байланысты. Ал біз қазір барлық мектептерде ағылшын тілін оқытамыз. Сондықтан мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ ,--деген болатын.

Елбасының осы тапсырмасы мен латын әліпбиіне көшудің қаншалықты маңыздылығына қарамастан, өкінішке орай бұл мәселені әлі де болса тек қана  талқылаудан, ұсыныс айтудан әріге апара алмай отырмыз. Ендігі арада саяси-экономикалық, ғылыми және халықаралық маңызы бар бұл мәселені кідіртудің қажеті жоқ  қой деп ойлаймын. Өйткені ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары әсіресе,бүгінгі жас буын өкілдері латын әліпбиін әлдеқашан пайдаланып та жүр.

Бізде латын әліпбиіне көшуге қажетті барлық алғы шарттар жасалған деп санауға болады. Өйткені, ең бастысы біздің елімізде  бір әліпбиден екінші әліпбиге көшудің  бір емес, екі бірдей тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб  графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзге асырылды. Ал, латын әліпбиінен бүгінгі кирилицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын.

Елбасы латын әліпбиіне көшу мәселесіне өзі қолдау білдіріп отырғанда, ендігі арада бұл мәселені соза бермей жан-жақты сараптамадан өткізу қажет. Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл институты  латын әліпбиіне көшудің  жобасын  әзірлеп те қойған. Бұл институт мамандары ең әуелі өз еліміздің тарихындағы әліпби реформасының, сонымен қатар өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін кирилицадан латынға көшкен  Өзбекстан, Түркменстан, Азербайджан және басқа да елдердің  тәжірибелерін  зерттеп және де осы реформаның бұлардағы оң тұстары мен жіберілген кемшіліктерінің бәрін де   зерделеп, жинақтап отыр.

Көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны әлемдік өркениет  жетістіктеріне алып баратын бірден - бір төте жол деп есептейді.

Бұл реформаның саяси салмағы да бар. Яғни, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен жақындасуы одан әрі арта түседі.  Еліміздің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Сонымен бірге шет елдерде тұратын қандастарымыз үшін өз  атамекенімен қарым-қатынас жасауларын да жеңілдете түсер еді.

Латын әліпбиіне көшудін алғашқы кезеңінде  оған едәуір қаржы жұмсалғанымен, кейін ол өзін - өзі ақтайтын болады.  Үнем жасау жағынан экономикалық тиімділігін де әкеледі. Ақпарат және телекоммуникациялық саладағы қолжетімділік арта түседі. Бұл арада ең бастысы латын әліпбиі дегеніміз ағылшын әліпбиінің негізі екендігін ескергеніміз абзал. Ал, ағылшын тілі болса, ол ең ірі халықаралық тіл болып саналады. Сондықтан да келесі оқу жылынан бастап еліміздің барлық орта мектептерінің 1-ші сыныптарынан бастап, ағылшын тілі міндетті түрде оқытыла бастайды.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Латын әліпбиіне көшу ісі тәуелсіз Қазақстанның өз шаруасы. Сондықтан да бұл мәселені шешу үшін жан-жаққа қарайлаудың, болмаса мұны саясиландырудың қажеті жоқ қой деп санаймыз.

Латын әліпбиіне көшу туралы қоғамдық пікір айтылып болды,  толыққанды ұсыныстар мен пікірлер әбден жеткілікті. Ендігі арада бұл мәселені  қайтадан талқылауға салып, қайтадан қоғамдық пікірді зерттеудің ешбір қажеттілігі жоқ деп білемін. Бұлай жасар болсақ, онда бұл мәселені шешу тағы да ұзаққа созылып кетуі әбден мүмкін. Осыған жол бермей,қазіргі уақытта жасалып, дайын тұрған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін Мемлекеттік комиссия құрып, латын әліпбиіне көшудің арнайы бағдарламасын қабылдап, 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде кирилица мен латын әліпбиі кемінде бес жылдай өтпелі кезең шеңберінде қатар жүргізілуін жүзеге асыру қажет деп есептеймін.

Депутат

М. Бақтиярұлы

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053