Жұма, 28 Ақпан 2020
Кәсіп-түбі нәсіп 2579 0 пікір 29 Мамыр, 2016 сағат 14:32

Джек Ма Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті белсенді дамытуға кеңес берді

«Жастарды шабыттандырыңыздар, жастарды оқытыңыздар», – деді Джек Ма Астана экономикалық форумының кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде. Және де оның айтуынша, әлемді одан ары қарай дамытуда Интернет жаһандық қана емес, негізгі рөлді атқармақ  

Джек Ма – әлемдегі ең танымал кәсіпкерлердің бірі. Қытайдың атақты «Alibaba Group» компаниясының іргесін қалаушы шағын компанияларды отандық экономиканың негізі деп санайды.

Ол Қазақстанда да шағын компаниялардың санын арттыру қажет деп есептейді:

 «Егер сіздер экономикаларыңыз бұдан да қуаттырақ болу үшін сервистік қызметті дамытқыларыңыз келсе, шағын кәсіпорындарыңыз молырақ болуы қажет.

Егер шағын компанияларды көбейткілеріңіз келсе, кәсіпкерлеріңіз көп болуы тиіс.

Жастарды шабыттандырыңыздар, жастарды оқытыңыздар».

Джек Маның пікірі бойынша, әлемді одан ары қарай дамытуда Интернет жаһандық қана емес, негізгі рөлді атқармақ. «Азия мен АҚШ-тың, Азия мен Еуропаның арасында электронды жол саламыз деп ойладық па? Кез келген шағын бизнес осы электронды жолмен жүріп, өз ісін тегін жүргізе алады. Қолында ұялы телефоны бар әр адам бұл жолда қалаған дүниесін сатып та алады, сата да алады. Менің ойымша, бұл ойлануға тұрарлық дүние», – деді Ма.

«Білім ақылды етеді. Егер ақылды болсаңыз, неге қол жеткізгіңіз келетінін білесіз. Алайда өмір – қатал, ол сізді дана болуға мәжбүрлейді. Даналыққа жеткенде, неден бас тартуға тура келетінін білесіз», – деді Қытайдан келген қонақ.

Джек Ма технологияның дамуына қатысты қызықты болжам жасады.  «Қазір қолымызда бар технологиялармен, мәліметтермен алдағы адамдар 30-40 жылда адам тәнін кодтап тастайды. Біз ұзағырақ өмір сүреміз, қатерлі ісік ауруы мәселесін шешеміз. 200 жылдан соң ешбір адам 200 жылдан артық өмір сүрмеуі қажет деген заң болуы да мүмкін», – деді ол.

Abai.kz

 

0 пікір