Жұма, 22 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 9745 1 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 10:52

ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ҚАЙДА?

Осы Қазақстан Журналистер Одағы бар ма, өзі?  Сейітқазы Матаевтың тағдыры жалпақ жұртқа аян. Бірақ, бір таңқаларлығы - Қазақстан Журналистер Одағы деп жүргеніміз жалғыз Секең екен-ау. Матаев істі болғалы журналистер Одағының өлі-тірі екені белгісіз.

Елде неше түрлі  іс-шаралар  өтті:  жылдағы БАҚ қызметкерлерінің күні, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы сияқты мерекелерде БАҚ қызметкерлерінің еңбегіне баға берілер еді. Тым-тырыс.

Төраға істі болды, бірақ қоғамдық ұйымның жұмыс атқаратын органы болуы керек емес пе? Төрағаның міндетін уақытша атқаратын немесе төрағаның орынбасары, хатшысы дегендей  лауазымдары жоқ бұл не деген одақ? 

Журналистер Одағы деп  қопақардай ғып жүргеніміз, жалғыз Матаев екен ғой.

Бүкіл Қазақстан бойынша мүйізі қарағайдай болып жүрген журналистердің серкелерінің неге үні өшіп қалды? Бірде - біреуінің бас көтеріп, оу, Матаев түрмеде,  қалғанымыз  бостандықтамыз,  тірлігімізді неге  жасамаймыз демеуі қалай?

Тіпті Матаевқа қатысты Қазақстан Журналистер Одағының көзқарасы да белгісіз болып қалды емес пе? Сайып келгенде,  Қазақстан  журналистері жалтақ, қорқақ, бейшара болғаны. Әйтпесе, биліктен пәрмен күтіп, бұқпантайлап жатқаны несі? Неге жаңа төрағасын сайлап, жұмысын жалғастырмайды?

Меніңше, қазақ журналистерінің сорлылығы осы жерде тағы бір көрініп қалды.

Тураби Үшқараев, қоғамдық тілші

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1446
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5207