Жұма, 27 Ақпан 2026
Жаңалықтар 98 0 пікір 27 Ақпан, 2026 сағат 14:01

Ақордадағы әңгіме: Тоқаев пен Вучич келіссөз өткізді

Сурет: Ақорда сайтынан алынды

Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Біз Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз санаймыз. Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін, - деді.

Александр Вучич:

– Қазақстанға ресми сапармен келгеніме қуаныштымын. Қонақжайлық танытқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз, - деді.

Abai.kz

0 пікір