Сенбі, 22 Шілде 2017
Не көріп жүрсіз? 2780 0 пікір 15 Желтоқсан, 2016 сағат 10:22

ҚАЗАҚ ЕНДІ ШОШҚАҒА МІНЕ МЕ?

СУБСИДИЯСЫ 19 ЕСЕГЕ ӨСІП, ЖЫЛҚЫҒА БӨЛІНЕТІН АҚША 3 ЕСЕГЕ КЕМІГЕН

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қызу талқыдан өтіп жатыр. Бағдарламаның негізгі бағыттарының ішінде мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, өндіріс көлемін, экспорттық әлеуеттікті көтеру бар екендігін атап өту қажет. Алайда осы бағдарламаның мазмұнына үңілетін болсақ, бірқатар сұрақтар туындап отыр. Осыған орай «ақжолдық» депутат Үкіметтік басшысы Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады. 

Депутаттың пікірінше, соңғы кездері «құс етін өндіруді субсидиялау 9 млрд. теңгеден 13,5 млрд. теңгеге, яғни 1,5 есе өссе, сонымен қатар ірі қараның етін өндіруге берілетін субсидия 10 млрд. теңгеден 7 млрд. теңгеге, яғни дәл сол 1,5 есеге кеміген.

Асыл тұқымды шошқа сатып алуды субсидиялау 16,5 миллионнан 315 миллион теңгеге, яғни 19 есеге артып отыр, ал асыл тұқымды жылқы сатып алуды субсидиялау 387 миллионнан 126 миллион теңгеге дейін, яғни 3 есе кеміген».

Сонымен қатар, ірі қара бағытындағы асыл тұқымды малды импорттау, сүт бағытындағы ірі қараның бұқаларын жеке шаруашылықта ұстау, бірінші деңгейлі мал бордақысына өгіздерді өткізу, мал азығын арзандату үшін мемлекеттік қолдау көрсетуден, яғни субсидиялаудан мүлдем бас тарту жоспарланып отыр. Бұл қалай? Бұл кімге қарсы жасалған шара? Ауылдағы қарапайым халыққа ма?

Күні кеше ғана Индустрияландыру күнінде Елбасымыз шет елден асыл тұқымды қара малды алып келудің аса қажеттігін атап өтті. 

«Оның үстіне, жеріміздің 70 пайызы жайылым бола тұра, халкымыздын 43 пайызы ауылда тұрса да, тауық қора мен шошқа қораны неге айналып шыға алмай жүрміз, онын артында кім тұр? - деді Б.Дүйсембинов. - Мүмкін бұл саланы да қолдау керек шығар.  Бірақ атадан қалған кәсіпті – дәстүрлі мал шаруашылығын одан кем қоймауымыз керек. Қашаннан бері қазақтың дастарханы үшін тауықтың еті қазы-қартадан артық болып еді?»

Шынымен де, төрт түлік малды бағудан, өсіруден қазақтан асқан маман жоқ. Қазақ ауылдарындағы бүгінгі күн көрістің көзі болып отырған, төрт түліктің негізі – жылқы мен ірі қараға бөлінетін субсидияның күрт төмендеуін қалай түсінуге болады?

- Облыс орталықтарында шоғырланған ірі құс өндіретін фабрикалар, ірі шошқа фермалары, астық шаруашылығы қанша маңызды болса, шалғай ауылдарды, еліміздің асырап отырған мал шаруашылықтарының да әлеуметтік-экономикалық, керек десеңіз саяси маңызы өте үлкен деп санаймыз, - деді депутат.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 21535