Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Қауіп еткеннен айтамын 6343 1 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 14:11

ЕАЭО бізді қып-қызыл шығынға батырып отыр

Қазақстандық билік ЕАЭО-дан келетін шығынға қарамай сауда-саттықты жалғастыруда, - деп жазады «finprom.kz» сайты.

 

Берекесі кеткен одақтың экономкасы ортайып, тараптар арасында талас-тартыс өршіді. ЕАЭО-тың соңғы үш отырысында Қырғызстан, Армения мен Белоруссия басшылары одақтағы теңсіздіктерді жіпкке тізгендей етіп көрсетті. Сөйтіп, бесеудің одағы опырылып түсудің аз-ақ алдында қалды.

 

Сөйтсе де, қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО елдеріне өз өнімдерін арзан бағамен жеткізуді мақұл көріпті.

2016 жылдың желтоқсан-қаңтар айларындағы статистикалық  деректерге қарасақ, дайын өнімдер экспорты 2015 жылмен салыстырғанда 1%-ке, жартылай дайын өнімдер 2,88%-ке, ал шикізат 8%-ке төмендеген екен.

 

Ал ЕАЭО-дан Қазақстанға кіргізілетін импорт тауарлардың бағасы күрт өскен. Өткен жылы импортты шикізат 14,7%, жартылай дайын өнімдер 9,5%, дайын өнімдер 14% өсім берген.

Жауапты органдағылардың жауабына қарасақ, бағаның құнсыздануы – теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының тұрақсыздығы кесірінен болған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша индекс мынау: АҚШ долларына шаққандағы курс -59,8%. Ресей рубльне шаққандағы курс - 89,9%.

 

2016 жылдың қорытынды есебіне көз жүгіртсек, біз ЕАЭО-қа сатқан тауар мөлшері – 3,9 миллиард долларды құраса, сатып алған тауар көлемі – 9,7 миллиард долларға жеткен.

 

Бұл нені көрсетеді? ЕАЭО дейтін псевдоэкономикалық ұйымның монополистік жүйеге жұмыс жасайтыны. Мұны Белоруссия Президенті бірнеше мәрте ескертті. Лукашенко елді қып-қызыл шығынға батыратын одақтан кететінін айтқанда, Кремль қоқан-лоққы жасауға кірісті. Бішкекте өткен жиылыста РФ Премьері Дмитрий Медьведев, «одақтан кетсеңдер газ бағасын көтереміз» деп шорт кесті. Бұл ЕАЭО-ты псевдоэкономикалық дегеніміздің дәлелі әм бесеудің бұл одағының бекересі кеткенін білдірсе керек. Ал бізге бұл одақ керек пе?

 

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972