Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Ел іші... 6527 8 пікір 15 Сәуір, 2017 сағат 20:11

Зиялылар Президент мақаласы жайлы не дейді?

Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жария болды. Президент мақаласы жария болысымен қоғамдық пікір талқысына түсіп жатыр. Бүгін қазақ қоғамының зиялалары Елбасы мақаласына қатысты пікірлерін айтты.

Асанәлі Әшімов: Президент мақаласындағы бастамаларды қолдау, оны өз саламызда орындау әрқайсысымыздың міндетіміз, - дейді.

Ұлт мәдениетінің аңызы, кино және театр майталманы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов осындай пікір білдірді.

«30 дамыған елдің қатарына қосыламыз деген талпынысымыз бар. Қала мен дала арасын жақындату, Президент мақаласындағы бастамаларды қолдау, оны өз саламызда орындау әрқайсысымыздың міндетіміз. Сондықтан да рухани жаңғыру дер кезінде көтерілген мәселе деп ойлаймын»,- дейді Асанәлі Әшімов.

Сонымен қатар, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі латын әліпбиіне көшу мәселесін қолдайтынын білдірді. Өйткені күн сайын дамып жатқан ғылым, технология мен коммуникацияны, инновацияның тілін меңгеруде латын әліпбиінің рөлі айрықша.

Ш.Беркімбаева: Елбасы мақаласында көрсетілгендей, латын әріпіне көшу, білім саласын арттыру, тағы басқа да жобалардың іске асуында ұстаздар қауымы алдынғы шепте жүреді.

Қазақстан Республикасының бұрынғы Білім және ғылым министрі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры, педагог-ғалым Шәмшә Беркімбаева да Елбасының білім саласының дамуына ерекше көңіл бөліп келе жатқанын баса айтады.

«Білім әрдайым бірінші орнында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Тәуелсіздік жылдары елімізде 1300 мектеп салынып олардың дені негізінен қазақ мектебі болып ашылды. Мақалада көрсетілгендей, латын әріпіне көшу, білім саласын арттыру, және де тағы басқа жобалардың барлығының іске асуында ұстаздар қауымы алдыңғы шепте жүретініне күмәнданбаңыздар», - деді Ш. Беркімбаева.

Айта кету керек, 1991 жылы Алматы қаласында 18 ғана, оның өзінде қазақша-орысша аралас тәрбиелейтін мемлекеттік балабақша болса, бүгін оның саны 157-ге жеткен. Мектеп саны да 7-ден 65-ке дейін өсіп, ондағы бала саны 11 мыңнан 104 мыңға дейін, яғни 10 есеге өскен. Ал, заман көшінен қалмай, өз тілімен қатар, орыс, ағылшын тілін жетік меңгеретін жастар үшін латын әліпбиін меңгеру оңтайлы өзгерістер жасауға нақты мүмкіндіктер бермек.

Н. Оразалин: Елбасы мақаласы ұлт болып ұйысудың, жұрт болып жұмылудың жаңа үлгілерін ұсынатын жаңа тарихи құжат.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласы адамзат дамуының қазіргідей күрделі кезеңінде ұлт болып ұйысудың, жұрт болып жұмылудың жаңа үлгілерін ұсынатын жаңа тарихи құжат. Жаһанданудың жаңа жағдайында ұлт болып қалыптасудың сыры мен сипатын жан-жақты  талдай отырып, ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы өрістетудің сара жолдарын ұсынады», - деген Қазақстан  Жазушылар Одағының төрағасы, Алматы қаласының құрметті  азаматы Нұрлан Оразалин әдебиет пен өнер иелерінің Елбасын ұстанымын қолдайтынын, жаңа бағдарлама – халықты қанаттандыратын  Елбасы  ұсынған ұлы көш деген пікір айтты.

Сонымен қатар, Елбасы атап көрсеткендей, әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін алға тарта отырып, бәсекелестікке  барынша  бейім ұрпақ өсіріп, оларды күрескер етіп  тәрбиелеу қажет. Демек, ұлт пен ұрпақ  деген проблемада сананы уақыт талабына сай бейімдеген жөн. Ал, бұл мәңгілік ел үшін тарихи қажеттілік.

Ілияс Ақбай

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053