Сенат төрағасы мемлекеттік тілді менсінбей ме?!
Ескі Қазақстан кезінде де, Жаңа Қазақстан кезінде де Парламенттен, нақты айтқанда Сенаттан ұзамаған Мәулен Әшімбаев кешелі-бері тіл жанашырларының талқысына түсіпті.
Әлеуметтік желіде өз парақшасы бар Сенат төрағасы біраздан бері жаңа бастаманы қолға алыпты. «Taldau Talks» деген талқылау ұйымдастырып, оған өзінің саяси лауазымы мен беделінің арқасында министрлерді, премьер-министрдің орынбасары, ұлттық банк төрағасы сияқты тұлғаларды шақырып, әңгімеге тартыпты. Журналист Жалғас Ертайдың жазуынша аталған жобаның осы уақытқа дейін мемлекеттің маңызды тақырыптарын талқылаған 2-3 сағатқа созылған 6 шығарылымы жарық көріпті. Өкініштісі бірде-біреуінде бір ауыз сөз мемлекеттік тілде айтылмапты.
Журналист: «Мәулен Әшімбаевтың подкасты орысша жүргізуі - саяси таңдау. Бұл - қазақ тілінің мәртебесі тек қағаз жүзінде екенінің айқын көрінісі», - деп күйініпті.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың тіл жанашырларының талқысына түсуі тегіннен тегін емес. Ең әуелі фамилиясына байланысты болса керек. Мәулен қазақтың әйгілі әдебиетшісі, сыншысы Сағат Әшімбаевтың тұяғы. Қоғамда кеңес заманында танылған әдебиетшілердің ұрпақтарының ана тілін білмей өскені жайындағы сын жиі айтылады. Сенат төрағасы олардың қатарында емес, ана тілін жақсы біледі. «Мәскеуге оқуға барып ана тілімді ұмытып қалдым» деген Тимур Сүлейменовтың мемлекеттік тілді қайтадан үйреніп, ел алдында сөйлеп жүргені белгілі. Сенат төрағасы Ұлттық банк төрағасымен қазақша сұхбат құрса ел алдында да, саяси ұпайда да ұтпаса ұтылмас еді.
Ең бастысы Парламенттің жоғары палатасы Сенат халыққа уәкілдік етеді. Басқа министірліктерге ұқсамайды. Халық дегенде еліміздегі басты електрод қазақ халқы басты орында тұратыны белгілі. Өзге ұлттарда мемлекеттік тілді құрметтейді. Үйреніп те жүр. Ендеше Сенат төрағасының келелі мәселелерді әріптестерімен орысша талқылауы ақылға симайды. Сіз қалай ойлайсыз оқырман?
Abai.kz