Сейсенбі, 17 Қазан 2017
Деп жатыр 2843 6 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:32

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді

Петропавлдағы православ әулиелері Петр және Павелді еске алуға арналған "Крест шеруі". Петропавл, 12 шілде 2017 жыл. Cурет Азаттық радиосының сайтынан алынды.

Петропавл қаласында христиан әулиелері Петр мен Павелді еске алу күніне орай "Крест шеруі" өтті, - деп хабарлайды Azattyq.org басылымы. Шеруге қатысушы православтар әулилердің соборынан бастап қала көшелерін жүріп өтті. Жыл сайын өтетін крест шеруіне казактар да қатысты. Олар Петр мен Павелдің православтар үшін ұлы әулие екендерін айтады.

- Олар христиан әулиелері. Біз оларды құрметтейміз, еске аламыз.
Петр мен Павел православтар үшін өте қадірлі, - дейді Сібір казактары бауырластығы қоғамдық бірлестігінің атаманы Виктор Таранов.

Православтар Николай Погодин атындағы орыс драма театрының алдына жиналды. Тарихи деректерге сәйкес, өткен ғасырда бұл жерде шіркеу болған. "Крест шеруіне" қатысушылар жылдағы дәстүрмен көшелерді жүріп өтіп, қаланы сумен аластап шықты.

Христиан әулиелері Петр мен Павел күніне арналған меркелік шара әулиелер ғибадатханасының алдында аяқталды. "Крест шеруіне" барлығы екі мың адам қатысты, оның 70-і - казактар.

Abai.kz

6 пікір
жəй Қазақ 2017-07-20 22:51:40
Алматы, Астанада үш Қазақ бірігіп көшеге шықса, полиция дереу "қара қарғаға" тығады. Мыналар 2000 адам Қазаққа қас əрі жат дінді мадақтап, үлкен көшелерде талтаңдап жүр. Бəрін қойшы, ертең Х-сағатта Ресейді көмекке шақыру яғни Ресейге қосылу акциясына дайындық шығар. Орыстан бəрін күтуге болады, Молдова, Грузия, Украиннан артық емессің, байқа Қазақ.
Тимурга 2017-07-16 10:27:06
Уларды Руза деген куркытып куатін иді гой, ол узі коркып кашып кеттіме?
Тимур 2017-07-15 00:21:24
Бир туйр комментарии жок. Казактар шеру откизди дегенде биздн ашейндеги таскот батыр жазгыштар бутына тышып койды
Қайырхан 2017-07-14 20:47:19
Осы облстың жергілікті билігі әкімі,ішкі саясат бөлімі түк жұмыс жасамайды,мемлекетке пайдасы жоқ осындай мамандарды үкімет неге үстап отыр
! 2017-07-13 13:01:32
былтырғы жер сатпау митингісін қуып-қудалап тастап еді,енді неғып ауыздарын буа қалды полиция немесе ішкі істер бастықтары?
Айна 2017-07-13 11:20:42
Сүмірейіп отырыңдар солай қазақтар

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7520
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 14700