Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1523 0 пікір 31 Тамыз, 2026 сағат 15:00

Украина Ресей аумағына соққы жасады...

Сурет: report.az сайтынан алынды.

Украина Белгородтағы ЖЭО мен Ozon логистикалық хабына зымыранмен соққы берді...

30 тамыз күні Ресейдің Белгород қаласындағы жылу электр орталығы (ЖЭО) мен Ozon маркетплейсі жалға алған екі ірі қойма әуе шабуылына ұшырады.

Белгород облысы губернаторының міндетін атқарушы Александр Шуваев шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар екенін хабарлады. «Пепел» басылымының мәліметінше, соққы тиген инфрақұрылымдық нысандарда ауқымды өрт шыққан. Көп ұзамай басылым зымыран соққысынан кейін облыстық Халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратына да ұшқышсыз ұшақ (дрон) құлағанын жазды.

Осы оқиғаға байланысты Ozon компаниясы Белгород облысы аумағында тауар жеткізу қызметін уақытша тоқтатты. Маркетплейстің баспасөз қызметі компанияның сұрыптау орталығы мен логистикалық хабының шабуылға ұшырағанын растап, бірнеше адамның қаза тапқанын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1168
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2691
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 811
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 783