Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5472 5 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:52

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жетті. Оған "мемлекеттік құпияны жариялады" деген айып тағылған.

"Нартай Дүтбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу биыл 4 шілдеде аяқталды. Істі Ақмола облыстық әскери гарнизоны қарады", - деп хабарлады ҰҚК. Тергеу "құпия" грифімен жүргізілген.

Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанына дейін басқарған Дүтбаев 2016 жылы 26 желтоқсанында ұсталды. Сол күні істегі екі күдікті - шенеуніктер Нұрлан Хасен мен Ерлан Нұртаев қамауға алынды. Үшеуі де мемлекет құпиясын жариялаған, билігін және қызмет бабын асыра пайдаланған деген күдікпен ұсталды.

Өткен аптада хабарланғандай, Астанадағы сот Дутбаев пен басқа да сотталушыларды тұтқында ұстау мерзімін 26 шілдеге дейін созған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984