Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 7890 14 пікір 14 Тамыз, 2017 сағат 10:39

«Отандас-Ел» Отанымен бірге!

 

«Отандас-Ел» Респубиликалық қоғамдық бірлестігі 2009 жылдың 18 маусымында құрылып, Әділет министрлігіне тіркелген. 21 адамнан құралған құрылтайшымыз, 9 адамнан тұратын тұрақты жорасы бар. Бәрі Тәуелсіздік жылдары арғы беттен оралған. Көбі кезінде жауапты қызметтер атқарған. Кәзір бәрі Қазақстан қоғамына сіңіп, өз орнын тапқан отаншыл азаматтар. Құрылтайшылар қатары алда тағы да осындай белсенді қыз-жігіттермен толыға түспек.

«Отандас-Ел» Респубиликалық қоғамдық бірлестігінің жарғысыны сай, басты мақсатымыз оралмандардың және қазақ диаспорасының экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де өмірлік маңызды проблемаларын шешуге қатысу.

«Нұр Отан» – Елбасымыздың партиясы. Көші-қон – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жарияламай тұрып жолға қойылған Тұңғыш Президентіміздің тарихи және стратегиялық маңызы төтенше зор Ұлы саясаты. Партияның қазіргі таңда алыстан оралған ағайындардың мәселелерін шешуде атқарып жатқан қызметіне халық та, бізде дән ризамыз!

Атап айтуымыз керек, көшіп келген ағайындардың шешуге тиісті проблемасы аз емес. Жаңа көшіп келген жұрт Қазақстан Заңынан хабарсыз. Оларды жаңа қонысқа оларды орналастыру, жаңа ортаға бейімдеу, Үкімет тағайындаған жеңілдіктерден толық игіліктендіру сынды қыруар шаруа бар. Жаңа заңның кемелденуіне байланысты, көшіп келетіндердің саны да жыл санап көбей түспек.

«Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі  арнайы «КӨШ КӨЛІКТІ БОЛСЫН!» атты тұжырымдама жасап, Үстіміздегі жылдың 14 шілдесінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің және облыс деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен партияның республикалық, аймақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде акция өткізді. Осы игі шараға шақырылған үш мемлекеттік емес ұйымның қатарында «Отандас-Ел» Респубиликалық қоғамдық бірлестігі де болып, Алматыдан қатыстық. Сондай-ақ, акция аясында көші-қон мәселелері бойынша жеке сұрақтармен келген азаматтар тақырыптық қабылдауға кіріп, өз өтініштеріне жауаптар алды. Аталған шара алдағы уақытта да жоспарлы түрде өз жалғасын табатынын естіп, қатты қуандық!

 

Заң дегеннен шығады, соңғы рет 2015 жылы қайталай өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы ширек ғасырдан бері жалғасып келе жатқан қазақ  көшіне соны леп әкелді деп ойлаймыз. Құдайға тәубе, қазақ топарағына табаны тиген қазақтың тіркеуге тұрып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына қатысты кедергілердің бәрі жойылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 қаулысына сай, оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін арнайы өңірлер айқындалды. Жеңілдіктер жеткілікті. Енді бұйырса, Қазақ көшінің екінші «Алтын дәуірі» басталады.

Жақында ғана өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Елім, жерім деп еңіреген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық, айқара ашық. Мен үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу – әр қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген өлең жолын құрылтай мінбесінен әлемдегі әрбір қазаққа жолдаймын. Қазақ баласы қай елде тұрса да, олар Ұлы Далада Мәңгілік Ел құрып жатқан байтақ Қазақстанның ажырамас бөлшегі болып табылады. Жүрегінің түбінде осыны ұстасын!» деп, тарихи сөз айтты.

Елбасымыздың оснау «Көші-қон» деген Ұлы саясатын өз деңгейінде жүзеге асыру, алыста жүрген ағайынды Отан құшағына оралту, оралғандарды ойдағыдай орналастыру ісіне қолғабыс жасау, Заңның жергілікті атқарушы билік жағынан шын мәнінде атқарылуын қадағалау – Үкіметтің ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың, қала берді өзін патриот деп санайтын әрбір азаматтың қастерлі борышы.

Біз «Отандас-Ел» Респубиликалық қоғамдық бірлестігінің жоралары мен құрылтайшылары ақылдасып, «Нұр Отан» партиясымен селбесіп жұмыс жасауды, әсіресе, өзіміз бастан кешірген, тәртібін жақсы білетін көші-қон жұмысында Сіздерге қолғабыс болуды бір ауыздан келісіп, мақұлдадық. Соның алғашқы қадамы ретінде, кезінде және үстіміздегі жылы шетелден көшіп келіп, Алматы облысына қоныстанған, ауылдарда бос жер телімдері жоқ болғандықтан шаруашылық құруға, жұмыс табуға мүмкіндігі шектелген 58 отбасының тізімін Сізге ұсынып отырмыз.

Сізден бұл отбасылардың көшіп келушілер мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін Үкімет айқындаған өңірлерге көшіп баруына, Заң аясында Мемлекет белгілеген жеңілдіктерді толық игіліктенуіне, сөйтіп жаңа қонысқа тұрақтап қалуына ықпал етуіңізді сұраймын.

 

«Отандас-Ел» Респубиликалық

қоғамдық бірлестігінің

атқарушы төрағасы

Еркінтай Маралбай

Abai.kz

 

14 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051