Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 8420 5 пікір 4 Қаңтар, 2018 сағат 02:50

Ыдырысов: "Астанада Назарбаев культі орнықты деу - сандырақ"

Өткен жолы "Financial Times" басылымы Қазақстанның Астанасы жемқорлық пен мақтанқұмарлыққа жол ашатын жоба деген ауанда мақала жариялаған болатын.

Оған Ұлыбританиядағы бас елшіміз Ерлан Әбілфайызұлы жауап беріпті. Сөйтіп ол өз жауабында Британ басылымы жазғандай, Қазақстанда, әсіресе, Астанада Назарбаев культі жоқ екендігін, бұл тұжырымның сандырақ екенін айтыпты.

Біз ағылшын тілінде жария болған Ыдырысов мырзаның "Қазақ халқы өзінің жаңа Астанасымен шексіз мақтанады" атты жауап мақаласын қазақ тіліне аударғанды жөн көрдік.


-Сэр, 27 желтоқсанда жария болған "Ел астанасы мақтанқұмарлық жобаға айналғанда" атты сіздің редакцияның мақаласы ешбір дәлелсіз-ақ, "Қазақстан Астанасы - жемқорлыққа жол ашатын мақтанқұмарлық жоба" дегенді нұсқап тұр... (президенттің портретімен) әрленген. Шындық мүлде басқа.

Sir, Your editorial “When a national capital becomes a vanity project” (December 27) asserts, without any supporting evidence, that Astana, the capital city of Kazakhstan, is a “vanity project with ample scope for corruption . . . plastered with [the president’s] portrait”. The truth is different.

1997 жылы мемлекеттің жаңа астанасын елдің орталық аймағында құру туралы шешім нақты қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қабылданды: Алматы - сейсмологиялық қауіпті аймақта, Шығыстағы шекараға өте жақын орналасқан. Оның үстіне, Астананы салу тәуелсіздік алған Қазақстанның Сталин қуғындаған адамдар мен саяси тұтқындар айдауға түскен және қырғи-қабақ соғысында 500-ден астам ядролық сынақтар жасалған советтік кезеңінен арылуға мүмкіндік берді.

The decision in 1997 to establish the new Kazakh capital in the central part of the country was based on genuine security concerns: Almaty sits on a seismologically active zone very close to the country’s eastern border. The founding of the new capital Astana, moreover, offered post-Independence Kazakhstan an opportunity to make a clean break from its Soviet past as a dumping ground for political prisoners and entire peoples despised by Stalin and, later, as a cold war test area for more than 500 nuclear weapons.

1999 жылы Астанада 281 000 адам тұратын. 2007 жылы адам саны 600 000-ға жетті. Астанада қазір миллионнан астам халық тұрады және жан саны күн санап өсуде. Басқасын айтпағанда, астаналықтар жап-жаңа "Опера" театрымен мақтанады.  Бұл мақтанқұмарлық жоба емес.

In 1999 Astana had a population of 281,000. By 2007 it had doubled to 600,000. Today, more than 1m people live in the city, which is still growing fast and boasts a beautiful state-of-the art opera house, among many other things. This is not the trajectory of a vanity project.

Қазақ халқы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге осындай жетістіктерге жеткеніне мақтанады. Ал қала жұрты  "культ тұлғаның боданында" деп болжам жасау -  Лондонның Парламент алаңында орнатылған Уинстон Черчилльдің ескерткішіне қарап осындай ой түюмен бірдей сандырақ.

Kazakhs are immensely proud of this extraordinary achievement, led by President Nursultan Nazarbayev. But to suggest that the city is in thrall to a cult of his personality is as absurd as drawing a similar conclusion from the presence of a statue to Sir Winston Churchill in London’s Parliament Square.

Астана - Қазақстанның келешектегі мүмкіндіктерінің символы. Онда өткен ЭКСПО-2017-де "Болашақ Энергиясы" атты өмірлік маңызды тақырыптың аясында 115 штат, 22 Халықаралық ұйым мен 4 миллионнан астам турист бас қосты. Мен сіздердің көптеген оқырман жазық далада пайда болған осынау шаһар жайлы тебіреністі ойларын бөлісуге келеді дегенге шын сенемін.

Astana is a fitting symbol for the future potential of Kazakhstan. Its hosting of Expo 2017 saw 115 states, 22 international organisations and more than 4m visitors come together under the vitally important theme of “Future Energy”. I sincerely hope that many of your readers also will come to share our wonder at the emergence of this remarkable city on the Steppe.

Ерлан Ыдырысов,

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі


Айта кетейік, 27 желтоқсанда Британ басылымы жариялаған "Мемлекет астанасы мақтанқұмарлық жобасына айналған кезде" деп аталатын мақалада автор Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сисидің елдің жаңа әкімшілік астанасын салу туралы ұсыныс жасағанын айтып, оған астанасын ауыстырған бірнеше елдің тәжірибесінен сабақ алуға кеңес берген.

"Мысыр президенті шөл далада жаңа әкімшілік астана салуға ұмтылуда. Президенті Абдел Фаттах әл-Сиси бұл жобаның Каирдың 19 миллион тұрғынына немесе 1000 жылдық тарихы бар қалаға қандай қиындық туғызатынын аңғармайтын секілді. Десе де ол өзге де астана ауыстырған елдердің тәжірбиесіне жүгінсе нетті? Мысалы, Аустралия, Бразилия немесе Түркия...Кейініректе Қазақстан мен Мьянма бар...", - деп жазады.

"Коррупцияға жол ашатын мақтанқұмарлық жобаның соңына түсудің арасында автократиялық режимді байқауға болатын әлсіз айырма бар. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел астанасын Алматыдан асығыс салынған солтүстіктегі Астанаға көшіру шешімінде «Ресейдің Қазақстан территориясына көз алартуының алдын алу» сияқты стратегиялық мақсат болды. Бірақ нәтижесінде Астана Назарбаевтың өзі ұсынып, халықаралық сәулетшілердің басшылығымен салынған, президенттің портретімен көмкерілген инфрақұрылымы бар әлемішке айналды" делінген мақалада (The decision by Kazakhstan’s leader Nursultan Nazarbayev to abandon Almaty for a hastily built capital on the country’s empty northern steppe had some strategic merit, to fend off Russian claims to the territory. But the result, Astana, is bizarre: dotted with structures commissioned from international architects, but conceived by the president and plastered with his portrait, from a shopping mall shaped like a nomad’s tent, to a tower that references Kazakh folklore.).

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974