Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жөн-ақ 6427 8 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 08:43

Qazkom банк кешірім сұрады

Оғыз Доған атты азамат Qazkom банктің Астанадағы Сарыарқа бөлімшесіне барып, мемлекеттік тілде қызмет ала алмағанын айтып, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған еді. Ол жайында жеріне жеткізе жаздық та... Ол оқиға кешеден бері біраз қызу талқыға түсті. Кеше кешке таман Qazkom банкі ресми кешірім сұрады.

Видеода «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Ульф Вокурка орыс тілінде банк тұтынушыларынан кешірім сұрайды және Астанадағы Сарыарқа бөлімшесінің басшысы мен Оғыз Доғанға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген банк қызметкері де болған жағдай үшін кешірім өтінеді.

Сондай-ақ, желідегі банктің ресми парақшасында қазақша мәтінде жарияланған.

«Казкоммерцбанк, 25 сәуірде Астана қаласында «Сары-Арқа» банк бөлімшесінде болған оқиға үшін барлық қатысушылар мен куәгерлерден кешірім сұрайды.Тіл туралы заңға сәйкес, банк өз қызметін мемлекеттік тілде, қазақ тілінде және ресми статусы бар орыс тілінде көрсетеді. Клиенттердің сұранысы бойынша және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша банк үш тілде қызмет көрсетуге дайын. Мемлекеттік тілді жетік білетін мамандар Казкоммерцбанктің барлық бөлімшелері мен кеңселерінде бар. Клиенттерге қызмет көрсететін барлық менеджерлер міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгерген. Астанадағы «Сары-Арқа» филиалының қызметкерлері арасында да қазақ тілін жоғары деңгейде білетін менеджерлер бар. Бұл жағдайда да біз клиентке қажетті банк қызметін қазақ тілінде ұсына алар едік, өкінішке қарай, түсінбеушілік салдарынан бөлімше қызметкерлері эмоцияға жүгініп, клиентке қызметті дұрыс көрсетпеді. Қызметкерлеріміздің бұл іс-әрекеттерін біз ақтамаймыз. Алайда бұл оқиғаның бейнетаспаға түсіруге байланысты стресстік жағдай тұғызғанын атап өткіміз келеді. Болашақта мұндай оқиға қайталанбас үшін біз өз қызметкерлерімізге тиісті оқыту тренингтерін өткіземіз» делінген банк мәлімдемесінде.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048