Жұма, 29 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 6945 9 пікір 5 Маусым, 2018 сағат 11:00

Елбасының қолынан арнайы марапат алған ақын Қытай түрмесінде отыр

Қытай билігінің этникалық аз ұлттарға жасап жатқан саяси сүргіні жайлы біз түгілі әлемдік БАҚ дабыл қағуда. Еуропарламент пен Халықаралық Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Шыңжаңдағы шырғалаңға араша түсіп жатыр.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де қол қусырып отыр дей алмаймыз. Қытайдың саяси оқыту лагерлері мен түрмелеріне нақақ қамалған 12 қазақстандықтың тоғызы босап шыққанын өткен аптада министр Қайрат Әбдрахмановтың өзі хабарлаған еді.

Десе де, туыстары әм отбасы мүшелері Қытайда саяси түрмеге түскен және хабарсыз кеткен қазақстандықтар ел билігінен араша сұрап, бейнеүндеу жолдауда.

Осындай бейнеүндеудің бірін белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің «Facebook» желісіндегі жеке парақшасында бөлісіпті.

Онда Қытайдың саяси түрмесіне түскен ақын, жазушы Ертай Сұлтанбекұлының туыстары Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтан, СІМ-нен, Халықаралық Адам құқығын қорғау ұйымдарынан және Қоғамдық белсенді топ өкілдерінен көмек сұраған.

Бізге белгілі ақпарат бойынша, Ертай Сұлтанбекұлы 2018 жылы 25 маусымда Қытайдағы саяси түрмеге түскен.

ҚХР, Құлжа қаласы, Шапшал ауданында 1967 жылы туған. Жоғары білімді. Ақын. Ұстаз.

2004 жылы «Нұр-ағаның монологы» атты поэмасы үшін Елбасының қолынан арнайы марапат алған. Ақынның бауырлары атқамінелерден көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады.

«Біз Қазақстан Республикасының азаматтары Жеңісбек Сұлтанбекұлы, Нұргүл Сұлтанбекқызы, бауырымыз Елтай Сұлтанбекұлының 2018 жылдың 25-маусымында Қытайдың саяси оқыту лагеріне түскенін білдік. Жалынайын сіздерге, осы ағама араша түсіп, көмектесулеріңізді сұраймын», - деп жылап жіберді Нұргүл Сұлтанбекқызы.

;feature=youtu.be

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606