Сәрсенбі, 28 Қазан 2026
Жаңалықтар 253 0 пікір 27 Қазан, 2026 сағат 20:41

Куәгерлер Боқаев ісіндегі келісімшарттардың жалған сипатын растады

Сурет: advokatoleshko.ru сайтынан алынды.

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. Жаңа айғақтар бір ғана автошеруді ұйымдастыру үшін екі түрлі келісімшарт жасау схемасының іс жүзінде қалай жұмыс істегенін айқын көрсетеді.

2018 жылы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-нің корпоративтік даму және активтерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарған Талғат Арыстанбаев іс-шараны шын мәнінде «We Can» компаниясы, оның директоры Жұлдыз Артықбаева арқылы ұйымдастырғанын растады. Куәгерді онымен Боқаевтың өзі таныстырған.

Арыстанбаевтың айғақтарынан шығатын негізгі қорытынды: ол «We Can» компаниясымен жұмыс істеген, ал екінші «BM Trust» фирмасын мүлде білмейді. Сондай-ақ, куәгер Боқаевтың жиені, «BM Trust» атынан өкілдік еткен Мадияр Қалменовтің автошеруге қатысты жұмыс кеңестеріне қатысқанын есіне түсіре алмады. Бұл айғақтар мемлекеттік айыптаушының нұсқасын толық растайды: барлық нақты жұмысты бір мердігер атқарған, ал екінші компания іске тек формалды түрде тартылған.

Кәсіподақтың «BM Trust» шоттарына аударған ақшасының нақты қайда жұмсалғанын тағы бір куәгер – Аида Нарышкина түсіндірді. Ол сотта осы компанияға «Stalex» маркалы қолмен басқарылатын вальцовка станогын 500 мың теңгеге сатқанын растады.

Әлбетте, мұндай жабдықты сатып алу автошерудің жобалық-сметалық құжаттамасына еш қатысы жоқ. Бұл жайт прокурордың бұған дейін айтқан ұстанымымен толық сәйкес келеді: тергеу нұсқасы бойынша, «BM Trust» арқылы шығарылған кәсіподақ қаражатын заңдастыру дәл осы станоктар мен Санжар Боқаевтың жеке жиһаз бизнесіне арналған техниканы сатып алу арқылы жүзеге асырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1230
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1731