Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3355 0 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 13:23

ҚР Қорғаныс министрлігі Қырғыз елінде жоғалған альпинистерді іздеуде

ҚР әскерилері Қырғыз тауларында жоғалған қазақстандық альпинистер – Мұрат Өтепбаевты, Андрей Корнеевті, Александр Чечулинді іздеу бойынша құтқару операциясын бастады. Оларды өкпе ісігінен қаза тапты деген де болжам бар. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәлімет бойынша құтқару тобында – капитан Мақсұт Жұмаев, майор Аманжол Рахметов, топ басшысы – аға лейтенант Василий Пивцов бар.

Қазақстандық әскери қызметшілер дабыл бойынша көтеріліп, толық жауынгерлік әзірлікте тұр. ҚР ІІМ ТЖК бөлген тікұшақпен 4400 метр биіктіктегі базалық лагерьге көтерілуді жоспарлауда және жаяу іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған операция ауа-райының нашарлығына байланысты күрделенуде, жоғалған альпинистерді іздестіру үшін жылуға ден қоюды көздеуші құрылғылар қолдануда. Осындай биіктікте жұмыс жасау үшін ауа-райына бейімділген құтқарушыларды жіберу аса маңызды. Бұл операцияда Еуропадағы биік шыңдарды бағындырып жүрген альпинизм бойынша Ресейде өткен «Эльбрус шеңбері-2019» халықаралық сайысына қатысушылар жұмылуда. Жалпы командалық сынақ бойынша қазақстандықтар үздік үштіктің құрамында.

Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7439 метрлік Жеңіс шыңының жоғарғы нүктесіне көтерілген. Тянь-Шаньның жоғарғы шыңына шығу бағыты альпинизмдегі ең күрделі, яғни 5-6 күрделі санаттағы шыңдардың бірі болып табылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530