Дүйсенбі, 16 Желтоқсан 2019
1969 12 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 15:53

CNN: АҚШ Ресейден тыңшысын жасырын алып шығып кеткен

Құрама Штаттар 2017 жылы Ресейдің үкімет аппаратында жұмыс істейтін тыңшысын жасырын алып шығып кеткен. CNN телеканалы Дональд Трамп әкімшілігіндегі дереккөзіне сүйеніп, осылай хабарлады.

Дереккөздің сөзінше, оны алып шығу жөнінде шешім шығарғандар құпия мәліметтермен жұмыс істеуде Трамп айналасындағы адамдардың кәсібилігіне күмән келтірген. Оған негіз болған құпия құжаттармен жұмыс істеуде бірнеше рет олқылықтар орын алғаны себеп болған дейді CNN. Бұл Ресей билігі дәлізіндегі америкалық тыңшының өміріне қауіп туғызған.

Тыңшыны алып шығу туралы шешім 2017 жылдың мамыр айында қабылданған. Сол кезде Трамп Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және АҚШ-тағы Ресей елшісі болған Сергей Кислякпен құпия ақпараттар жөнінде талқылаған.

Ол кезде Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео болған. Трамп әкімшілігінде ресми адамдармен әңгіме барысында Помпео Мәскеуден алынған көп ақпаратты талқылау қажеттігіне күмән келтірген. Осыдан кейін оны тез арада алып шығуға мәжбүр болған.

АҚШ мемлекеттік хатшы өкілі пікір білдіруден бас тартты. Ақ үй баспасөз хатшысы Стефани Гришам "CNN материалы қате ғана емес, ол адам өміріне үлкен қауіп келтіруі мүмкін" деп мәлімдеді.

Abai.kz

12 пікір