Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4555 9 пікір 11 Қыркүйек, 2019 сағат 12:10

Жапонияның билігі халықшыл, біз оны үлгі етпедік...

-Жапония 125 млн халқын түгі жоқ аралда (жер асты ресурсы) қағанағын қарқ, сағанағын сарқ етіп отырған ел. Билігі халықшыл, халқы еңбекқор. Біз онысын үлгі етпеппіз.

- Жапондар ұстазын құдайындай сыйлап, құрмет тұтатын халық. Құданы солай сыйласақ та, ұстаздың мәртебесін көтеруді үйрене қоймаппыз.

- Жапонияда император халқынан бас иіп кешірім сұраса, біз "билікке тізерлеп алғыс айт" деп төтесінен қойып қалыппыз.

- Жапония дәстүрін құрметтеген, тілін қадірлеген, тарихын ту еткен ел. Біз әзірге өзге тілді қолданып, өз тілімізді запасқа қойып, тарихты Мәскеудің жазғаны бойынша оқып жүрміз.

- Жапондар түнгі төртте бір минутқа интернет өшкені үшін халықтан тізерлеп кешірім сұраса, біз арасында ВПН-мен кіріп жүрміз. Самурайлар мемлекет ақшасына нәски алған министрді тақтан тайдырса, біз ондайды әзірге түсімізде де көрмедік.

Жапондардан аларымыз да, үйренеріміз де көп болса да, түк алмаппыз. Аа жоқ, алдық. Алғанда да іздеп тұрып, таңдап тұрып алдық. Супер реформа. Енді біз оқушыларға еден жуғызамыз(ау). Жапон әдісі. Осыны істесек жемқорлық жойылып, байып кететін сияқтымыз. Лібә.

ПыСы: Түк алмасақта, көзде жапон көзілдірігі. Ең болмаса, әлемге жапон көзілдірігімен қарап көрейінші!

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622