Қанат Айтбаев: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» пәні болсын!
Қазақстандық әнші, композитор, продюсер, мәдениет қайраткері және танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев мектептердегі «қазақ тілі» пәнін «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» сабағы деп өзгертуді ұсынды.
Қанат Айтбаев:
«Еліміздегі мектептердегі оқу кестесінде қазақ тілі сабағын жай ғана «қазақ тілі» демей «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл сабағы» деп атаған жөн.
Бұлай атау - мектеп қабырғасынан бастап қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін, оның аса маңыздылығын күнделікті өскелең ұрпақтың санасына сіңіреді.
Кітаптың мұқабасында «Қазақ тілі» деп жазылған Мемлекеттік тіл сабағына немқұрайлы қараудың немесе жөнді қатыспай, нашар баға алудың қандай болатынын ойлап көріңіз?
Бұл - мемлекетке, мемлекеттік тілге құрметсіздік және сауатсыздық болады емес пе?
Қай бала ондай қатарда жүргісі келеді?
Мемлекеттік тіл сабағынан тапсырылатын емтиханда қойылатын баға оқушының жоғары оқуға түсуі үшін қажетті ең маңызды көрсеткіштердің бірі болуға тиіс.
Осы бағытпен жүрсек, әнұранды балабақша кезінен жаттап өскендей балалар мемлекеттік тілге де үлкен құрметпен қарауды үйренеді», - деп жазды.
Бұл ұсынысқа қатысты сіздің пікіріңіз қандай? Abai.kz ақпараттық порталының әлеуметтік желідегі парақшасында ойларыңызбен бөлісе аласыздар...
Сілтеме: Қанат Айтбаев: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» пәні болсын!
Abai.kz