Сейсенбі, 15 Қазан 2019
Билік 1728 3 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 19:46

Бейбіт Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды

Бейбіт Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, 2018 жылы 26 желтоқсанда Бейбіт Атамқұлов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалған еді.

2006 жылдан бастап дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Қазақстанның Германиядағы бас консулы, Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды.

Ол сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болды.

Abai.kz

3 пікір