Жұма, 26 Сәуір 2024
Тарих 5428 14 пікір 16 Қазан, 2019 сағат 11:27

Шыңғысханның анасы туралы жаңа роман

Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында тарихи романдар шеруін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Нұрлан Санжардың «Жошы – шақырылмаған мейман» («Нежданный гость – Джучи») атты орыс тіліндегі тарихи романы толықтырды. Кітаптың мұқабасының безендірілуіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері суретші Сәбит Құрманбеков ат салысты.

Қаламгер осы туындысының қалай өмірге келгені туралы  Forbes.kz. сайтының тілшісі Гүлнар Танкаеваға берген сұхбатындағы сайт ұжымының «Ол «нағыз» қазақтардың өзіне соқтығарын біле тұра, ештеңкеден жасқанбай осындай қадамға барып отыр. Автордың жаңашылдығы біздің тарихымыздағы Жошының кім екенін бірінші рет таныта білуінде» деген дәріптеуін ескеріп, «Абай кз» оқырмандарына ұсынып отырмыз. 

F: «Жошы – шақырылмаған мейманның» идеясы қалай өмірге келді?

- Маған продюсер Арман Асенов ой салды. «Шыңғысханның анасы туралы тақырып бар. Біздің анамыз туралы баллада. Осыған бел шеше кірісе аласың ба?», - деді ол. Мен шошып қалдым, тақырып ауқымы тым үлкен. Бірақ одан кейін ойға баттым да, кітапқа бас қойып дендей іздене бастадым. Кенет бұған дейін не қазақ әдебиетінде, не қазақ ғылымында ешкім көтермеген мәселеге жолықтым. Бұл мені айран-асыр етті! Мен «Ананың тілі» аталатын сценариймен жұмыс істей бастадым, бірақ, бәрін түйіндей тұжырымдайтын кезде, қолымдағы материалдың тереңдігі сондай, дайын романға айналғандығын ұғындым. Әр сценарийде кадрдан тыс қалатын дүниелер «ремарка» деп аталады. Мендегі ремаркалардың құндылығы сондай, далаңдап киноға қор қылғанша, дайын кітапқа айналдырдым. 

F: Сөзіңізді үзе қояр сауалым: неге «Ананың тілі»?

- Мынаған қараңыз: қазақ әдебиетінде зорлықпен жасалған этногенез жөнінде ешкім де ауызға алмайды. Дегенмен тап осы жайт түркі тайпалары маңғұлдармен шайқасқан шақта біздің сайын далада орын алды. Бір таңқаларлығы: ғалымдар сол кезде қанша түркі, қанша  маңғұл болғандығы төңірегінде әлеуметтанушылық есептеулер жасап шықты. Шын мәнісінде маңғұлдар бар болғаны 10% құрады. Әрі осы 10% қалғандарды қалай құлдана алды? Тарихи жақтан бұны ұйғұр, қырғыз, одан кейін – наймандар т.с.с. біршама ірі тайпалар хандық құруға талпыныс жасады деп ұғындыруға әбден болады. Бұл тарихи қанды қырғын еді, осыны маңғұлдар пайдалана білді. Сонда қазақтар кейін өздерін жеке этносқа айналдыратын әлдебір субмәдениетті (субкультура) сақтап қалуға тиіс қой? Бұл шынтайтауытына келгенде – тіл. Ол түркі аналарының: Оян – Шыңғысханның анасы, Бөртө – Жошының анасының және басқа аналардың тілі. Олар өз балаларына: «Ана тілдеріңді ұмытпаңдар!» деп айтты. Сондықтан біз туған тілімізді «Ана тілі» деп атаймыз. Бізге айтылмай келген бір дүние тіл – ұлтты құрып кетуден сақтайтын бірегейлік коды. Сондай-ақ, «каа-сақтардың» кім екендігі де сөз етілмеді...

F: Сіздің романыңыздың алғы сөзіндегі «Оян ана мен оның үлкен келіні Бөртө соғыс жетімектерінен жаужүректігі, батылдығы мен қайсарлығы үшін маңғұлдар мен түркілер «каа-сақ» деп ерекше есіммен атайтын болашақ дала қаһармандарын тәрбиелеп шықты. Ерекше көзге түскендерге тағылатын ең жоғарғы «каа-сақ» лақап атауы кейін келе Ұлы Даладағы жаңа этнос қазақтардың жалқы есіміне айналды» деген дәйексөзіңізді осы арада келтіре кеткенім орынды сияқты.

- Істің шын мәнісінде менің бірінші мамандығым филолог, осы салада ұзақ істедім. «Каа-сақ» сөзінің тереңіне үңілсек, маңғұлша «каа» (ұлы жаугер) әм «сак» сөзі орыс тілшілерінің жіліктеуі. Тап солай. Қандары маңғұл мен түркімен баламатам араласып, әбден былыққан жандар қалай тірі қалуы керек? Олар тек қана қаһарман атануы үшін алғы шепте жан берісіп, жан алысты. Бәріде осы қадамға барды. Әлсіздері әрине шейіт болды. Міне, сол кезде «Каа-сақ» атауы зор құрметке ие болып, «Каа-сақтарға» түркілер, тіпті керек десеңіз жеке маңғұл тайпалары қосыла бастады. Бұл бәрінің бастау көзітін, іргетасытын, осыдан келіп кейін қазақ этносы өмірге келді. Олар ешкімге бас иіп құл болғысы келмгендер санатынан еді. Осыдан «Мен туа азатпын» делінетін сақ пәлсәпасына негізделген қазақ этносының қалыптасуының философиялық тұжырымы келіп шығады. Бұдан ары бұданда қызықты бір жайт турасында сөз етпекпін. Егер марксизм классиктерінің «Мемлекеттің нышаны – территориялық біртұтастық» деген қисынына сенер болсақ, онда тарихаттан бізге «Алтын Орда» атауымен бізге мәлім Жошы Ұлұсы – «Каа-сақтардың»,  қазақтардың бірінші мемлекетті. Біздің бірінші ханымыз – Керей мен Жәнібек емес, тап осы Жошы

F: Сіз өз версияңыздың сын садағына ілігуіне тастүйін дайынсыз ба?

- Әлбетте. Мен «қазақ – қашаннан қазақ» деп маңғұлдан басын ала қашатын «нағыз» қазақтардың ашу-ызасын келтіретінімді әлден-ақ біліп отырмын. Қазақтар әлімсақтан бері болған емес! Өкінішке орай, бізде тарихты мифтендіріп: «Біз бәрін екі бүктегенбіз» деп мақтанғанды хош көреді. Бұл қанға сіңген дағды. Не маңғұл, не түркі болып қала алмаған дүбәрә-мәңгүрттердің дағдысы. Осыдан «нағыз қазақтың» мәртебесін  әсіре дәріптеу келіп шығады, бірақ түптеп келгенде шындығында бұның бәрі «шала қазақтық»...

Ал, мен өз кітабымда ешқандай мифологиялық шетіндікке жолаған жоқпын, тек орта тұстан ойқастадым.  

F: Сіз қандай дереккөздерін кәдеге жараттыңыз?

- Өте көп дүниені. Әлбетте, Рашида Ад-Динді. Мұрағат ісіне өте құнытты қытайларды. Ғылыми көзқарас тұрғысынан мен кез келген сынға төтеп бере алам. Ал, ғылым жағын сөз етер болсақ, сценарийіме ҚазҰУ профессоры қазақ хандығы бойынша маман тарихшы-ғалым Берекет Кәрібаев  кеңесші болған еді. Ол (мүлдем өзге уақыт пен өзге қаһармандар турасында сөз болған) аталған сценарийді оқып шыққан соң : «Мен ғұмыр бойы тек қана ғылыми таным бар деп келген жан едім. Шындығында онымен қоса көркем таным да бар екен-ау» дей келе сөзін: «Мен қаһарманды жан-тәніммен сезіне алдым» деп аяқтады. Түсінесіз бе, неліктен мен Жошы жайлы кітап болғанын қалаймын? Себебі, оқырман кәләсінде Жошының кім болғандығы туралы образ бен түсінік қалуы керек қой!? Сондықтан өз басым барша тақырыбы  жаңашыл болып табылатын өздік көзқарасымды таныту үшін іске кірісіп, ой-пікірімді шыңдай жұтылдырдым. Меніңше, «Жошы» өз кезіндегі  Болат Жандарбековтің өзінің «Томирисімен» жаңа тақырыпты көтергені сияқты әлдебір зор істің есік ашары. Бәлкім заманалық қазақ прозасындағы ең үр жаңа қадам да шығар. Менің жазған жаңа романым сұрқы сіре қарыс та емес, қатпары қалың көп томдық та емес, бір демде оықлатын кітапша ғана. Өйткені, әдебиеттің болмыс-бітімі өзгерді. Ол мүлдем өзгеше кейіпке енді: бүгінгі қаламгер өзімді оқысын дейтін болса, драмашыдай ойыға шомып, эпизодын, сценасын, сюжетін әрлеп, кітабын «экшн»-ге айналдыруға тиіс. Әлбетте, «Днепр тамылжыған ашық кезде тым ғажайып» деп гогольшелесек, образ бойынан іздеген жоғымызды тауып, ВГИК-тегі тәлімгерімінің бірінің сөзінен айтар болсақ, оттай жанған көзі қаһарманымызға жол сілтейтін болады.

Аталған жағдайда менің Жошы ханымдай. Біздің әйтеуір бір түсіретін фильміміз жүзімізді жарық етеді. Естеріңізге сала кетейік: биыл Алтын Ордаға немесе Жошы Ұлұсына 750 жыл толып отыр. 1269 жылы арысты Талас бойындағы құрылтайда бірнеше Шыңғыс ұрпағы өздерінің билік жүргізу кеңістігін бөліске салған болатын, сол кезде Жошы Ұлұсы дербес мемлекет мәртебесін иеленді. 

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

14 пікір