Сенбі, 23 Қараша 2024
Жанайқай 5199 0 пікір 31 Қазан, 2016 сағат 10:22

АШЫТҚЫ ЗАУЫТЫНЫҢ АЩЫ ЗАРЫ

  • Алматы ашытқы зауыты 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
  • Бірақ, белгісіз себептермен, аталған зауыт 70% дейін азайтылған арнайы салық режиміне кіретін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеушілердің қатарына кірмей қалды. 
  • Осы күндері «ашытқы нарығын» Ресей мен Белоруссияның өнімдері жаулап алды.
  • Алматы ашытқы зауытын олар нарықтан ығыстырып, шығарып барады.

...........................................................

Осы жылдың 23-ші маусымында Мәжілістегі Ақжол фракциясы тағамдық ашытқы өндіру саласындағы жалғыз отандық өндіруші – Алматы ашытқы зауытының «жетім баланың күйін кешкен» жағдайына байланысты депутаттық сауал жолдаған еді. Жауабы «сиырқұймышақтанып» кеткен осы мәселеге байланысты Мәжілістің соңғы Пленарлық отырысында депутат Берік Дүйсенбинов (суретте сол жақта) тағы әңгіме көтерді.   

 «Аталған компания 40 жылдық тарихы бар ауылшаруашылық өңдеушісі болып табылады,-деді ол, - өйткені шикізат ретінде қант қызылшасының қалдықтарын қолданып,  нан, тоқаш пісіруге қолданылатын ашытқы жасайды.Осы ашытқымен піскен нан әр қазақстандықтың дастарханында тұр десек артық айтпаймыз

Бірақ, белгісіз себептермен, аталған зауыт 70% дейін азайтылған арнайы салық режиміне кіретін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеушілердің қатарына кірмей қалды. 
Белоруссия мен Ресейдің осындай ұқсас өнім өндіруші компаниялары базалық 18%ставкадан жеңілдетілген ставкамен қосымша құн салығын 10% төлеп отырған кезде, ААЗ толық көлемде 12%  төлеуде. Соның салдарынан отандық ашытқы сырттан келген бəсекелестердің арзан ашытқысына төтеп бере алмай,  ішкі нарықтан ығыстырылуда. 

«Ақ жол» фракциясы үшін əрбір отандық өндіруші қымбат! Оның үстіне Алматы Ашытқы Зауыты отандық өндірістегі бүкіл бір сектордағы жалғыз тұрған мекеме! Осы орайда тағамдық ашытқы өндіруді ҚР Салық кодексінің 267-бабы, 2- тармағы бойынша жеңілдетілген  бағыттарының  қатарына қосуды ұсынғанбыз. Алайда, Үкімет өзінің жауабында Әлемдік Сауда Ұйымының талаптарына сүйене отырып, жоғарыдағы мекемені қолдаудан бас тартқан еді. Ал, Әлемдік Сауда Ұйымына мүше мемлекеттер мұндай жағдайға түскен өздерінің кəсіпорындарын қолдаудың амалын ойлап табуда.

Сонау 2012 жылы Елбасымыз Үкіметке халықаралық тəжірбиені зерттеп, отандық өндірушілерді қолдау шараларын ойластыруды тапсырған. Әлі күнге дейін басқа тапсырмаларында да осыны қадап айтуда.

Сұрақ: Үкімет салықтық ынталандырудың орнына қандай қолдау шараларын жасап шығарды жəне осы саланы қолдау үшін не істемек ойлары бар?»

Үкімет әзірге үнсіз. Қазақстандықтар болса, Ресей мен Белоруссиядан келген арзан ашытқымен бауырсақ пісіріп, «жеті нан» таратуда. Ал, отандық ашытқы зауытының жағдайы қиындап барады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435