Қауіп еткеннен айтамын

РЕСЕЙ БАЗАЛАРЫН АТАМБАЕВ АЙДАП ШЫҚПАҚ. БІЗ ШЕ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Жақында Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев "Қырғызстан территориясындағы Ресейдің әскери базалары  ел аумағынан шығып кетуі керек" депті.

Қырғыз басшысының бұлай деуі ресейліктерді елең-алаң күйге түсірген секілді. Ресейлік БАҚ жапа-тармағай жазып жатыр, мұны.

Ресей Федерациясы Қырғызстан үшін стратегиялық әріптес ел екендігін айтқан Атамбаев әскери қауіпсіздік тұрғысынан біреудің қорғауына мұқтаж болып отырмағандығын айтқан.

«Біз «Ганси» (Бішкек әуежайы маңында орналасқан АҚШ Халықаралық әскери базасы) әскери базасын елден шығарғанда өте дұрыс шешім қабылдадық деп есептеймін. Бұл біреуге ұнасын, ұнамасын, солай болуы керек-тін. Одан бері міне, бес жыл өтті. Сол кездегі шешіміміз дұрыс болғанын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Бұдан бұлай Қырғызстан өзгелердің әскери көмегіне мұқтаж болмауы керек. Сол тәртіп бойынша ел аумағындағы Ресейдің барлық базаларын шығаруымыз керек» , - деді Алмазбек Атамбаев.

Атамбаевтың айтты. Бұл әсіресе біздің солтүстігімізде орналасқан, өздерін әскери держава санайтын Ресей мен оның Президенті үшін ауыр тиетіні рас.

«Әрине, бұл көбісіне ұнамауы мүмкін. Бірақ, мен өзімнің позициямды Ресей Президентіне жеткіздім және Ол мені түсінді», - дейді және Атамбаев.

Сөйтіп, Алмазбек Атамбаев Владимир Владимировичпен сөйлесіп, әскери базаларын алып кетуді сұраған. Владимир Владимирович бұған келіспеске болмаған.

"Орыстан досың болса, айбалтаң қасыңда жүрсін" дегенді ерте ме кеш пе, түсінген болса керек.

Ресейдің өзге елдердегі әскерлері

Қосымша дерек ретінде айта кетейік, Қазақстан аумағында 7 бірдей Ресейдің әскери, ғылыми-зерттеу және сынақ полигондары бар.

Кеңес одағы күйрегеннен соң, ТМД елдері территорияларында көптеген әскери базалар қалып қойған. Ескі одақта болған кейбір елдер ішінде әлгі базаларды Мемлекет пайдасына шешкендер де болды, тіпті жойып жібергендер де. Мысалы, Латвия «Дарьял-УМ» кешенін түбегейлі жарып жіберген. Ал Қазақстан мен Белорусия әлгі базалар үшін Ресейден ақша алып отырады.

Әскери достық бола ма?

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресейдің әскери қарым-қатынасы мына құжаттар негізінде түзілген.

-          ҰҚКҰ-ға (Ұжымдық қауіпсіздік келісі ұйымы) мүшелік.

-          Бірлескен әскери оқу-жаттығулар, әскери кадр дайындайтын оқу орындары.

-          Әскери қару-жарақ саудасы (Біз Ресейден қару сатып аламыз).

-          Штаб деңгейінде өзара келісім.

-          Ортақ Әуе шабуылынан қорғану жүйесі.

Құжаттар:

-          ҚР мен РФ арасындағы әскери одақтастық туралы келісім (Мәскеу, 1994 ж. 28 наурыз)

-        «Байқоңыр» айлағындағы жұмысты жүргізу туралы ҚР мен РФ арасындағы меморандум (Астана, 2004 ж. 9 қаңтар)

-     ҚР мен РФ арасындағы әскери-техникалық одақтастық туралы келісім (Мәскеу, 2013ж. 24 желтоқсан)

-          ҚР, РФ Қорғаныс министрлігінің Ортақ Әуе шабуылдан қорғану жүйесін құру туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімі (Астана, 2013ж. 30 желтоқсан)

КСРО кезінде Қазақстан аумағында 8 ірі сынақ полигоны болған. Қазір солардың жетеуі қалды. Бірнеше миллион гектар жерді алып жатқан бұл полигондардың ірілері – Сары-Шаған, Байқоңыр, Тайсойған.

"Сары-Шаған" Балқаш көлінде орналасқан, Ресей Қарулы күштерінің Зымыран-ғарыштық қорғаныс жүйесінің нысаны.

Дау-дамайдың ортасындағы "Байқоңыр" туралы айтар болсақ әңгіме көп. Қызылорда облысы аумағында орналасқан. Әлем халқы үшін Байқоңырдың стратегиялық маңызы жоғары.  Байқоңырдың зымыран тасығыштардың барлық түрін ұшыруға мүмкіндігі бар.

"Тайсойған" - Атырау облысы территориясында орналасқан. 1949 жылдан бері полигон статусына ие болған. Ал 1952 жылдан бері мұнда ядролық сынақтар жүргізілген. Деректерге қарасақ, 1966-1977 жылдар аралығында мұнда 24 ядролық сынақ жасалған. ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегіне назар аударсақ, тек 2000 жылдан бері ғана сынақ жүргізу тоқтатылған. Соның салдарынан өңірде онкологиялық аурулар күрт артқан.

Айта кетейік, Атырау мен Ақтөбе аумақтарында орналасқан «Ембі» полигоны 2016 жылы жабылып, оның территориясы Қазақстанға қайтарылған болатын.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

9 пікір 714 рет оқылды Қосылған: 01.12.16
    • #1
    • Есенғали, Антакиядан
    • бн, 01/12/2016 - 17:48

    Алмазбектей болу үшін ұлттық рух керек, ал біздің Меккесі - Мәскеу, Қағбасы - Кремль, пайғамбары - лилиПутин болған орысқыл билігімізде ұлттық рух, халық мүддесі үшін қызмет жасау
    деген ұғым бар ма ? !

    Алмазбек Атамбаев Мәскеуде оқыған, орысша тәрбиеленген, әйелі татар ұлтынан нағыз орысқұл болатын кандитаттың бірі.
    Бірақ ол азаматта қырғыздың қаны, ұлттық рух бар.

    • #2
    • pikir
    • бн, 01/12/2016 - 19:20

    poligonstan ekenbiz

    • #3
    • осылай айта кетейін
    • бн, 01/12/2016 - 19:22

    Эрдоган: турецкая армия вошла в Сирию, чтобы свергнуть Асада.

    Эрдоган прав. Гражданская война в Сирии вспыхнула в 2011 году ровно через 2 месяца после подписания Асадом “программы четырех морей” — программы строительства по территории Сирии газопроводов в Европу из Персидского залива — т.е. программы вытеснения «Газпрома» из Европы газопроводным газом из Кувейта, Катара и Ирана. Меморандум о строительстве “Исламского газопровода” был подписан Ираном, Ираком и Сирией в июле 2011 года.
    Всего 2 месяца потребовалось Путину, чтобы перебросить в Сирию тысячу подготовленных в Чечне моджахедов-головорезов с задачей разжигать войну всех против всех, чтобы утопить “программу четырех морей” в крови и извечной вражде между алавитами, суннитами, шиитами и курдами. Войну, которая выгодна только крупнейшему поставщику газа в Европу — «Газпрому», удалось поджечь. Вдобавок, неадекватная кровавая реакция Асада на докатившуюся до Сирии “арабскую весну” привела к формированию нерелигиозной светской вооруженной оппозиции.

    • #4
    • Адайшал
    • бн, 01/12/2016 - 20:00

    Мұндай сөз айту - бізге өліммен тең! Орысқұл билікті былай қойғанда қараорыс "азаматтарымыз" қанша: Ойбай орыс біздің қорғаушымыз, 7000 км шекарамыз бар құдайы көршіміз, болмаса қытай басып алады деп шулап шығакеледі. Мына 3-ші пікір білдірушінің айтқаны рас болса біз кіммен дос болып жүрміз өзі.

    • #5
    • калбит
    • бн, 01/12/2016 - 22:00

    Кыргыздар сендер кутырмандар кезинде Кенесарынын басын кесип единдер енди орыска карсы шыгып онбаган сболочьдар биз батырмыз Кенесардын басын кестирдык сендерге енди орыстын басын кестир алмаимыз мы великии славянскии народ орыс ушин олемиз мы черныи русскии народ быз Орыстар алемде держава екенин билип коиындар кеин сожелаете

    • #6
    • Байқаушы
    • бн, 01/12/2016 - 23:13

    28 панфиловшылар өтірік деп орыстың өзі айдай әлемге айтып бұл ойдан шығарған ертегідеп күлгенде, біздің қазақ байғұстың жаны шығып кете жаздап біздің орысқа шың берілген екенімізді неге аяқа таптады деп жылап аяғын жалаған соң орыстан біреу құрсын қайтесіндер дедіме, ия сендер сөйткен екенсіндер дегенге келгендей болды, оған біздің орыстың жылтпасын ішіп өскендер мәз, намыс, тектілік, батырлық,шыңдықты мойындау деген асыл қасиеттер қазақта қалмауға қалды. Ақын жырау Мұрат мөңке ұлы айтқандай Ердің соны — Исатай бармағын тістеп өткен соң ақ, содан соң қазақта,сатқындық,парақорлық,екіжүзділік,жағымпаздық сияқтылар кең жайлып басқа қасиет қалмады десе болады.

    • #7
    • Ауа
    • жм, 02/12/2016 - 0:31

    Хан Абылайдың көрген түсі дәл шындыққа айналды, біздер құрт-құмырсқа мен бақа-шаянбыз, ұрпақтары. Ұлттық намыс деген мүлдем қалмаған, өзгенің қалдығына таласып, өзінікін тебетін бір сорлы ұлт болдық. Осында азаматтардың жазған пікірінен де талай нәрсеге көз жеткізуге болады. Орта жүздің азаматтары үнемі Ұлы жүзбен жауласады да жүреді, ата-бабасын орыс емес, Ұлы жүз қырғандай. Ұлы жүзден шыққан президент ұнамаса, неге дауыс бердіңдер, пысықтар мен пасықтар!!! Түбімізге осы жүзге бөліну жететінін біле тұра, осында бір-бірін соғысқа шақырып жатыр. Кімдер? ҚАЗАҚТАР!!! Я фигею от вас дейді мұндайда орыстар.

    • #8
    • Саят
    • жм, 02/12/2016 - 9:40

    Тек бірге әлемдік қол жеткізіледі болады

    • #9
    • Жансерик
    • жм, 02/12/2016 - 9:41

    ссср!!!! базар жок

Пікір қосу

  • 3 + 29 =

Кіру