Маңызды

БАТЬКА БАТЫЛ ШЫҚТЫ. БІЗ ШЕ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Апта басталды. Ел ішіндегі «екі ұшты» мәселелер қызу талқыланып жатыр. Онсыз да халық пен биліктің арасындағы кетеуі кеткен байланыс одан бетер алшақтай түсуде. Осы орайда Қазақстанға қатысы бар деген, жә болмаса отауы бөлек болғанмен, одағы бір көршілес елдердегі кейбір өзекті мәселелерге шолу жасаған едік.

Әуелі, орыспен құрған одаққа арқасын берген Белоруссия Президенті жақында мәлімдеме жасапты. Минскідегі «Свято-Духова» кафедралды шіркеуіне тәуап етуге барған Александр Лукашенко: «Не жағдай болса да белорус халқын ешкімге де қорлатпаймын» депті.

«Ria.ru» агенттігі Батьканың батыл мәлімдемелерін қалт жібермей қадағалап отыратыны белгілі. Әсіресе Петербордағы саммиттен соң, орыс одағының іргесі сөгіле бастағаны туралы болжамдар да айтылды. Ресей Президентінің арнайы шақыртуын пысқырмаған Лукашенко туралы ресейлік дезинформаторлар түрлі қауесет тарата бастады.

«Сіздер түсініңіздер, біздің әрекетіміздің басты мүддесі – халықты, мемлекетті ешкімнің мазағы мен табасына қалдырмау» деген Ол, ондай жат пиғылдылармен «сөйлеспек түгілі, байланыс орнатпайтынын» айтыпты.

«Мен немесе менен басқа да басшылар белорус халқын басқарып тұрғанда, ешкімнің біз туралы жаман пікір білдіріп, еркімізге қол сұғуына жол бермеймін. Біздің мемлекетіміз бар. Ол Тәуелсіз мемлекет. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ бұл солай. Сондықтан бізбен санасулары керек. Біз оларға қалай қараймыз, бізге де солай жауап қатсын», - дейді Александр Лукашенко.

Лукашенконың бұлай кіжінуіне тағы бір себеп – өткен жолғы саммитте қаралған Кедендік кодекс болса керек-ті. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, дәл осы Лукашенко бұл кодекске о бастан қарсы болған. Петерборға келмеуінің де сыры осы.

Ал «Взгляд» басылымы «Батька мен Путин достығының соңы сарттың саудасына ұласты» деп жазады.

Ал бұл екі арада Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Сергей Нарышкин «Ресей мен Белоруссия достығына ешкім сызат түсіре алмайды» деп тырмануда.

Белорус басшысының қиқар мінезді екені әуелден-ақ белгілі. Дегенмен, берекесі кеткен одақта түрлі ойын көрсетіп келеді. Ресейдің ығына жығылуға бейімсіз көрінетін тұстары да жоқ емес. Әйткенмен, осы жолы Лукашенко Кремлге өкпесі қара қазандай екенін танытты. Бұғып қалмады. Шындап келсек, Ресейден ертеде кеткен кек демесек те, бертінгі 25 жылда елімізге келтірген түрлі залалдары үшін алар құнымыз көп... Ой таразысына сап қарасақ, белорус құрлы бір батыл мәлімдеме жасай алдық па? Жасадық. Өткен жолы ғана қызметінен босап қалған Ерлан Ыдырысов, қазақстандықтарға Қырымға инвестиция салмауға шақырды. Қырымның кімге тиесілі екені әлі анықталмағанын айтып, бір апаттың алдын алды. Осыдан соң, ол қызметінен босап қалды. Әйтпесе, Талғат Мұсабаев секілді тонналаған у жайылып, Ресейдің зымырандары ай сайын құлап жатқанда қыңқ демей өтсе қайтер ек...

Айтпақшы, Ресей  өткен жылғы АҚШ-тағы Президент сайлауына да араласқан көрінеді.

ОББ (Орталық барлау басқармасы) Доналд Трамптың сайлаудағы компаниясына Мәскеудің араласқанын мәлімдеді. «New York Times» деректеріне сүйенсек, ресейлік хакерлер (арнайы агенттер) WikiLeaks арқылы АҚШ Демократиялық партиясының әм Трамптың басты қарсыласы болған Хилари Клинтонның электронды поштасына шабуыл жасапты. Сөйтіп, Клинтон мен оның партиясының жеке хаттары мен құжаттарын Трамптың сайлауалды компаниясына берген. Бұл өз кезегінде сайлау соңындағы көрсеткіштерге айтарлықтай ықпал еткен (In the months before the election, it was largely documents from Democratic Party systems that were leaked to the public. Intelligence agencies have concluded that the Russians gave the Democrats’ documents to WikiLeaks).


Бұл туралы «Washington Post» басылымы да жазады. АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің Америкадағы сайлау процесіне араласуы аяқ астынан емес, алдын ала жоспарланған деп мәлімдеді. Ол бұл жөнінде жексенбі күні ABC каналына берген сұхбатында айтқан.

Америкалық арнайы қызметтің ресейлік кибер-шабуылға қатысты мәлімдемесіне Дональд Трамптың шүбә келтірген сөздеріне қатысты Обама «Мен көптеген республикашылдардың өзінің отандастарынан гөрі Владимир Путинге көп сенетініне алаңдаймын. Өйткені олар осылай өздерінің "демократ" екенін дәлелдеп жүрген секілді» деген пікірін жеткізді.

Қош, Батька азуын көрсеткен Путинмен Трамптың ауыз жаласып кетуі алда әлі талай қызықтың боларын білдірсе керек.\

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

28 пікір 1464 рет оқылды Қосылған: 09.01.17
    • #1
    • Жоңғарбек
    • дн, 09/01/2017 - 15:51
    Пікір алынып тасталды!
    • #2
    • анықбай
    • дн, 09/01/2017 - 16:16

    александр болу үшін нән-ге екі рет туу керек. путинге қарсы келсе 2-сағатта тақтан түседі.

    • #3
    • мәңгілік көсеуович жоңғарбеков
    • дн, 09/01/2017 - 16:22

    2 минутте.

    • #4
    • saqaldy
    • дн, 09/01/2017 - 16:24

    БАТЬКА МОЛОДЕС!!!

    • #5
    • Шындық
    • дн, 09/01/2017 - 16:27

    Батко мен Мәңглік Көсеуовичтің аирмашлығы Жер мен Көктеи Батко өзіне сенген Беларус халқынң сенімін ақтаиалды Еш кімге қорлатпады Ал Көсеуович болса өзіне сенім артқан халықты Сонша жыл алдап келгенімен тұрмай Көріңгенге тонатты Қытайғада Орысқада Еврей мен Кәнскеде Ең алдмен Прихватизация жасаимыз деп Өзі бастаған сбаиластары тонады Батко еш қандаи прихватизация жасаған жоқ сол колхоз совхоздар әлі тұр Селолары Біздегідеи Қалада тентреп жүрген жоқ Путлер менде тең дәрежеде сөилесуге трысады Біздікіндеи қорқып дірілдемеиді

    • #6
    • Авторға
    • дн, 09/01/2017 - 16:29

    Мем Думаның спикері Нарышкин емес Володин

    • #7
    • pikir
    • дн, 09/01/2017 - 17:16

    europasyna zytty qosh batko

    • #8
    • СЕРІК НҰҒЫМАН
    • дн, 09/01/2017 - 18:36

    НҰРГЕЛДІ, БАЛА, ЖАРАЙСЫҢ!!!

    • #9
    • аноним
    • дн, 09/01/2017 - 18:41

    Орыстан іргемізді ажыратпай,қазақтың көсегесі ешқашан көгермейді.

    • #10
    • Есенғали, Антакиядан
    • дн, 09/01/2017 - 18:57

    Былтыр жиенімнің үйінде қонақта болдым. Жиен - қарапайым құрылысшы, келін - батьконың қарындасы, Минскі телестудиясында диктор, содан-ақ қандай көрікті қазақ екенімізді білуге болатын шығар ? ! Жиеншар Вашингтон университетінде оқып жатыр, анда -санда "Hello, нағашы !" деп тұрады қазақшалап. Орыс анандай, хақол мынандай деп ақырзаманды түсіре бергенше ақты ақ, қараны қара деп айту керек, ит ұрыстырған қазақты жамандай бермей.

    • #11
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 09/01/2017 - 19:09


    Мен талай кулакка лапша лактыргандарды кордiм бiрак дал осылай лактырганды бiрiншi коруiм ...... https://www.nur.kz/1370336-v-conakh-almaty-razdayut-goryachiy-chay-ko.html


    • #12
    • С
    • дн, 09/01/2017 - 19:17

    Елбасы бізді Еуразиялық Одаққа тығып жібереді де өзі кетеді... одан соң тағы да Қазақстанның "CCCР-2"-ге өз еркімен кіргенінің 250 жылдығын біздің ұрпақтарымыз "тойлайды" ма деп қорқамын...

    • #13
    • ҰЖДАН
    • дн, 09/01/2017 - 19:58

    Осы біз де - не ішкі.. не сыртқы идеологияның әлсіздігі , тікелей Президенттік басқаруда екені айқындала түсті. Кешегі Сан-Петербургтегі САМИТ те - Беларусь өз биіктігін көрсетсе... тіпті Одаққа кеше ғана кірген Қырғыз да - жағымсыз да жайсыз КЕДЕН ге қолын қоймай қойды. Міне осы бір әділетсіздікке басын шұлғыған Қазақстан өте ұятты күйде қалды !!.. Сонда Қазақстан - Орыстың да... Қытайдың да... айдағанымен жүрмек пе ?... Мұндай Тәуелсіздік бола ма ???...

    • #14
    • мангол
    • дн, 09/01/2017 - 20:49

    Казахстан улсад охидоо мөнгөтэй хятад эрчүүдэд “санал болгон гэрлүүлэх” бизнес эрхэлдэг товчоо бий болж байна.

    Охидыг хятад эрчүүдтэй гэрлүүлэх зуучлах товчоо жилд 90,000 ам доллараас доошгүй орлоготой эрчүүдэд охидыг санал болгож байгаа хэмээн NUR.KZ цахим сонинд мэдээлжээ. Харин казахстан бэрүүд 18-40 настай, хүүхэдгүй, урьд нь гэрлээгүй байх ёстой.

    Элит клубын хүргэчүүд гэх ганц бие хятад эрчүүд гэрлэлтийн зорилготой танилцахаар Бээжингээс Казахстаны нийслэл Астанад ирж байгаа ажээ. Тэдгээр хятад хүргэчүүд европ боловсролтой, англи хэлийг бүрэн эзэмшсэн бөгөөд олон нь орос хэлтэй гэнэ.

    Хятад хүргэчүүдэд зориулан арга хэмжээнүүд төлөвлөсөн байна. Хүргэчүүд уулзалтанд оролцож, хамтын аялал хийж, боулинг тоглож, караокед дуулж, эцэст нь баярын зоог барина. Дараа нь охидыг Хятадад аялуулж, арга хэмжээнүүдэд оролцуулах юм байна.

    • #15
    • казакстан кыздар акшалы кытаиларга тип жатыр
    • дн, 09/01/2017 - 20:51

    Казахстан улсад охидоо мөнгөтэй хятад эрчүүдэд “санал болгон гэрлүүлэх” бизнес эрхэлдэг товчоо бий болж байна.

    Охидыг хятад эрчүүдтэй гэрлүүлэх зуучлах товчоо жилд 90,000 ам доллараас доошгүй орлоготой эрчүүдэд охидыг санал болгож байгаа хэмээн NUR.KZ цахим сонинд мэдээлжээ. Харин казахстан бэрүүд 18-40 настай, хүүхэдгүй, урьд нь гэрлээгүй байх ёстой.

    Элит клубын хүргэчүүд гэх ганц бие хятад эрчүүд гэрлэлтийн зорилготой танилцахаар Бээжингээс Казахстаны нийслэл Астанад ирж байгаа ажээ. Тэдгээр хятад хүргэчүүд европ боловсролтой, англи хэлийг бүрэн эзэмшсэн бөгөөд олон нь орос хэлтэй гэнэ.

    Хятад хүргэчүүдэд зориулан арга хэмжээнүүд төлөвлөсөн байна. Хүргэчүүд уулзалтанд оролцож, хамтын аялал хийж, боулинг тоглож, караокед дуулж, эцэст нь баярын зоог барина. Дараа нь охидыг Хятадад аялуулж, арга хэмжээнүүдэд оролцуулах юм байна.

    • #16
    • http://www.politico.eu/article/vladimir-putin-war-criminal-inhumanity-syria/
    • дн, 09/01/2017 - 20:54

    http://www.politico.eu/article/vladimir-putin-war-criminal-inhumanity-syria/

    • #17
    • https://www.youtube.com/watch?v=KhtGTxxzuWg
    • дн, 09/01/2017 - 21:50

    https://www.youtube.com/watch?v=KhtGTxxzuWg

    • #18
    • ШАЛА Казахпын
    • дн, 09/01/2017 - 22:40


    Одному арабскому нефтяному шейху срочно понадобилось переливание крови… У шейха группа крови очень редкая и нашли ее только у одного еврея. Тот согласился, сделали переливание, за что араб подарил еврею дом и машину. Через год та же история — срочно нужна кровь. Еврей с радостью бежит в пункт по переливанию крови, за что арабский шейх дарит еврею коробку печенья.
    Еврей удивленно:
    — НО ПРОШЛЫЙ РАЗ ВЫ ПОДАРИЛИ МНЕ ДОМ И МАШИНУ!…
    Араб:
    — А В ТОТ РАЗ ВО МНЕ ЕЩЕ НЕ ТЕКЛА ЕВРЕЙСКАЯ КРОВЬ…

    • #19
    • Ауа
    • дн, 09/01/2017 - 23:38

    Бұл орыстың тепкісінен шығу өте киын болады бізге. Олардың максаты - өз үстемдігін неғұрлым көп елдерге жүргізу екенін жасырмай, ашық айтады. Ал Батькаға келсек, ол кісінің пікірі өзгеріп, құбыла береді.

    • #20
    • https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=TydWTfw0yLg
    • дн, 09/01/2017 - 23:50

    https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=TydWTfw0yLg

    • #21
    • Көрермен
    • сс, 10/01/2017 - 0:09

    Ей Батька да бержағы гой, ол біледі қалай қайжерге дейін баруға болатының, оған ноқта салғалы қай заман

    • #22
    • Ауылбай қазақ
    • сс, 10/01/2017 - 1:08

    Ойбой, Батька қайда, біздікі қайда... Біздікі Пукиннің унитазы ғой, онымен салыстырғанда. "Путин үшін халқым пида" деген адамның әрекеттерін көріп отырмыз. Уақыт өткен сайын күшеюде ол. Дүкендер, супермаркеттер толы ресей тауары, күн сайын көбейе түсуде. Жергілікті өндірушінің тауары азйып барады, азайып барады. Онсыз да тұралап тұрған, рейдерліктен аман қалған жергілікті бизнессымақ жақында біржола өледі деген сөз. Ресей бағаға демпинг жасап отыр.
    Енді қазақ тілін өлтіруді бастайды, осы алдыдағы оқу жылынан бастап. Не істейміз, халқым? Қой болып сойыламыз ба осылай?!

    • #23
    • https://www.youtube.com/watch?v=_1KKuM-csM4&feature=youtu.be
    • сс, 10/01/2017 - 7:44

    https://www.youtube.com/watch?v=_1KKuM-csM4&feature=youtu.be

    • #24
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 10/01/2017 - 8:08


    КГБ-шниктер Турцияны долбить Эрдоганнын планы орындалмай калуы мумкiн....... https://pp.vk.me/c617526/v617526875/16206/lO8_rGaB8c8.jpg

    • #25
    • Төре, 18-ге
    • сс, 10/01/2017 - 11:25

    Ей, ШАЛА Казахпын, первый раз, что то толковый сказали! Күлмегеніме көп болып еді? Бірінші рет сізге, мына мен кішірек "рахмет" айтайын! Қабылдамай-ақ қой?

    • #26
    • Қойшы
    • сс, 10/01/2017 - 11:30

    Ол Батька ғой бұл ботқа .

    • #27
    • жəй Қазақ
    • сн, 11/01/2017 - 14:27

    Нағыз Көріпкел ортамызда екен. Таны, сила Қазақ. Ол ДАНАмыз - ≪ N 12 С ≫. - тің Пікірі.

    • #28
    • Ауыл қазағы
    • жм, 13/01/2017 - 8:30

    Көтиннің қолында бір кісіге мықты компромат бар, сондықтан ещқайда кете алмайды. Салдары етегінде жүргені жүрген.

Пікір қосу

  • 5 + 34 =

Кіру