Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3836 0 пікір 9 Қаңтар, 2017 сағат 16:42

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері казинодан пара алды деген күдікпен ұсталды

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері казинодан пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Бейөндірістік төлемдер басқармасының бас сарапшысы Р.Жұмабаевты ұстады. Ол Қапшағай маңындағы казино өкілдерінен олардың кәсіпкерлік қызметін жасыру үшін және оларға қатысты салық тексерістері жүрмес үшін жүйелі түрде пара алып отырған", - деді Ұлттық бюродағылар.

Сондай-ақ, Р.Жұмабаевтың делдал арқылы (өз баласы) Қапшағайдағы казино өкілдерінен 5 000 доллар көлемінде кезекті пара алып жатқан жерінен ұсталғаны хабарланып отыр.

Қазіргі уақытта Р.Жұмабаев пен Д.Уданов ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша Іле аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Abai.kz

0 пікір