Маңызды

ТӘЖИН ОРАЛДЫ. САЯСИ РЕФОРМА БАСТАЛА МА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Астанада тағы да ауыс-түйіс. Осы уақытқа дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып қызмет еткен Марат Тәжин Президент жарлығымен қайтып оралды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Марат Мұханбетқазыұлы ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Ал бұл қызметті атқарып келген Бағлан Майлыбаев Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған.

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Марат Тәжин - әлеуметтану ғылымдарының докторы. Бір жылдары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болды. 2007 жылы қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымын иеленді. 2014 жылдан бері бүгінге дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.

Марат Тәжиннің елге оралуына қатысты саясаткерлер түрлі болжамдар айтуда. Тіпті, Марат Мұханбетқазыұлының Қазақстанға оралуы елдегі болатын саяси реформаның бастамасы деген пікірлер де бар.

Әміржан Қосанов, саясаткер:

- Тәжин мен Майлыбаевты салыстыруға болмас: екеуі - екі бөлек болмыс. Бұл кадрлық өзгерістің бір оң тұсы бар: Елбасы мемлекеттің ішкі саясатының дағдарысқа ұшырағанын түсінген сияқты. Сондықтан да осындай маңызды қадамға барып отыр. Тәжин, сөзсіз, досы да, дұшпаны да мойындаған интеллектуал, саяси технолог, тереңнен ойлайтын, алысты болжай алатын стратег. Нақты, практикалық саясаттағы тәжірибесі де баршылық. Ондай адамдар билік ішінде саусақпен санарлықтай. Елбасы билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы айтып жатыр, тиісті жұмыс тобын құрды. Тәжиннің басты миссиясы сол жұмысты ұйымдастыру болар. Бірақ бір үлкен сұрақ бар. Тәжиннің таланты мен тегеуріні шынайы, елді алға жетелейтін, транзиттік кезеңде мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын саяси реформа жасауға жұмсала ма, әлде тағы да, саяси жүйені сылап-сипап қана қоятын көзбояушылыққа пайдаланыла ма? Оны уақыт, Елбасы, Тәжин... өздері көрсете жатар...

Abai.kz           

34 пікір 2985 рет оқылды Қосылған: 12.01.17
    • #1
    • ШАЛА Казахпын
    • бн, 12/01/2017 - 13:32

    Ой кайдагы реформа, Сингапур методын колдану керек болды. Наведение элементарного порядка. Мысалы Досаев не iстеп жур Карашаганды лактырды. Инвест банкты лактырды. Ендi кiмдi лактырса екндеп iздеп жур.
    Саакашвили сиякты ОЛИГАРХТАРДЫ итше тепкiлеу керек. Елдi экономиканы сактап калатын ол МАЛЫЙ И СР.БИЗНЕС. 17 млн. халыкка канша банк керек ол гылыми турде баягыда далелденген. Ал бiзде ит екеш ит банк ашатын болды. ОЛИГАРХТАРДЫ окметке 5 метрге жакындатпау керек.
    Мысалы: Астананы ел басынын атына ауыстрайык, елде жаппай регистрация жасайык ал будан кейiн кайдагы инвестор келедi саган.

    • #2
    • Сөз жоқ
    • бн, 12/01/2017 - 14:14

    Елдi экономикасын сактап калатын ол МАЛЫЙ И СР.БИЗНЕС болса, осы қазақ не бағып отырсыздар ғаламторда таңның атысынан күннің батысына дейин. Агайын келіңдер, кәсіппен айналысыңдар деп өтіне сұрап, укімет даму атамекен сиякты бағдарламаларды ашып берді. бизнеснавигатор кз деген ресурсты ашып берді, казакстанның кез келген аймағының экономикалық портретін жасап, бизнестің кандай саласы сұраныска ие екенін талдап, сараптама жасап койган. Тек сапалы бизнесжоспар жасап, комиссияның қарауына усынсаңыз болды. Каражатты Даму фонды аркылы алуға болады, барлық контактілері жазылған. Кәсіпкерлікті колдауда үкіметтің жасап отырған шарттары туралы теледидардан күнде айтады, сұхбат береді, бірак казак шіркін шіркін гой кашанда. Жан жактан келіп кәсіптерін домалатып жатыр украиндар, прибалттар, ресейліктер, кыргыздар, ығай мен сығайлар. Не айтуға болады бұндайда.

    • #3
    • дерек
    • бн, 12/01/2017 - 14:14

    билікте отырғанның бәрі олигарх болса қ-өз қалтасын ойлаудан әрі аспайтын пасықтар болса амал не.әлемнің еш бір елінде жоқ байлықты 17-млн адамды асырауға жол таппай емес қалтасын толтырудан әріні ойламаса не дамымақ.

    • #4
    • ШАЛА Казахпын
    • бн, 12/01/2017 - 14:28

    #2 Сөз жоқ

    Мен соларга ГАЙ боламын...................

    • #5
    • Амантай
    • бн, 12/01/2017 - 15:33

    "Ожық кетсе шаппас қонады" деген осы. Дәмеленбей-ақ қояйық ештеме өзгермейді, ешбір жаңалық болмайды.

    • #6
    • Бейбарыс
    • бн, 12/01/2017 - 15:51

    Транзиттік кезең.реформа...бір жиырма бесті аяқтап.екінші жиырма беске өттік десейші.

    • #7
    • таңатар маңғыстаудан
    • бн, 12/01/2017 - 15:57

    дұрысы "ожырай кетсе,жаппас қонады".Кім білген, үлкен өзгерістер болып қалуы да ықтимал. теория б-ша!?

    • #8
    • pikir
    • бн, 12/01/2017 - 16:03

    bugingi zhuieni zheke tulga ozgertedi degen ertegi

    • #9
    • калбит
    • бн, 12/01/2017 - 16:30

    бул реформа жасаиды хаааааааааааааа хаааааааааааааааа жасаиды кутиндер вот казахы мама миа

    • #10
    • Азамат
    • бн, 12/01/2017 - 16:43

    Киледи - китады, адамды расствайт етип китады гой булар!
    Бо-кда битирмепти булар! Битиретин адам болса каншама жыл сол прездакимшилигинде май шелпекте отырды, битирмеппе сол кезде! Далбаса битпейтин ауыс-кйуис!
    Соз жок кумасай, бизде кайдагы малый-средный бизнеске жол ашык, бари кагаз жузинде! Оншакты жыл болды талай табалдырыкты тоздырганымыз! Бизнеске еркин жол ашык болса, кай басына министрлермен ири шиновниктер усталынып жатыр взяткамен! Взятка алып неси бар, егер бизнес сен айткандай ашык болса, сол бизнесте акшаны куреп тауып журмейме! Кенкелестин созин айтып, елди алдамайак кой!

    • #11
    • Білгіш
    • бн, 12/01/2017 - 16:46

    Бір емес, 10 Тәжинді тағайындаса да, бұл жүйеде ештеңе өзгермейді. Өйткені, барлығы Біріншінің өнімдері. Балық басынан шіріп жатыр. Жемқорлар мен жағымпаздардың көзін құртып, халықшыл және ұлтжанды билік жүйесін орнату керек. Тек сонда ғана елімізде ұлы өзгерістер жасалады. Халықтың әл-ауқаты жақсарады. Босағадағы тіліміз төрге шығады. Қазақтың еңсесі көтеріледі. Тек сонда ғана!

    • #12
    • Сөз ада
    • бн, 12/01/2017 - 17:21

    #10
    Қай салада бизнес жасайын деп талай табалдырықты тоздырып едің? Нақты жазшы, дамуға не атамекенге бардым, менен пара талап етті, кәсібімді колдауға бас тартты деп. Әлде қиялыңда ма бәрін бітіріп тындырып жүргенің. Біле білсең шенеуніктерге бизнеспен айналысуға болмайд, оған заңмен тыйым салынған любой елде.

    • #13
    • төрешіл
    • бн, 12/01/2017 - 17:41

    Қап, осындағы төреге бір қызмет тимей қойды ғой!

    • #14
    • Эх досым Бахон-Бағлан
    • бн, 12/01/2017 - 17:58

    Өзің де түк бітірмедің, достарыңа да қолдау жасай алмадың! Басқарған 5 жылыңда жақсы команда жасақтап, елдің намысын қорғап жүрген мықты жігіттердің басын қосып, мемлекеттік масштабтағы шаруаларды атқарғаныңда, елге де, Елбасыға да, қызметің-көмегің болар еді! Артында жақсы сөз қалатын еді. Бұл уақыт: енді қайтып келмейтін уақыт, сенің бар-жоғың білінбеген уақыт! Алла қуат берсін!

    • #15
    • https://www.youtube.com/watch?v=w4GPeQjjDAE
    • бн, 12/01/2017 - 19:12

    https://www.youtube.com/watch?v=w4GPeQjjDAE

    • #16
    • ШАЛА Казахпын
    • бн, 12/01/2017 - 20:01


    Реформаны МЕНТ-терден бастау керек ......... https://www.nur.kz/1373982-eks-nachalnik-otdela-ubn-dvd-astany-ok.html

    • #17
    • Төре, 13-ке, мына мен 13 санға құрметпен қараймын!
    • бн, 12/01/2017 - 20:08

    Сізге емес 13-ші санға? Айтқаныңыз келсін! Елдегі барлық жағыдайды ЕКІ Мұхтар келген соң шешеді?! Олар келген соң мені өздері тауып алады! Сол үшін БӘС тігем 13-ші МЫРЗА, қолыңызды жайыңыз? ӘМИН!

    • #18
    • Төре
    • бн, 12/01/2017 - 20:21

    Осының бәрі сәйкессіздіктен туындайды. Етікші етік тігу керек. Ол сол мамандықты біледі. Ал бізде мүлдем басқаша. Қзіргі "шенділердің" көбісі ҚАЗЫНА ТОНАУДЫ жақсы игерген. Соған лайықтап тәрбиеленген. Қашанда бұл өтпелі кезеңнің ауруы! "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады"

    • #19
    • Үнсіз қазақ
    • бн, 12/01/2017 - 20:24

    #17-ге. Елдегі барлық жағдайды шешетін Екі Мұхтарың кім? Мұхтар Мағауин мен Мұхтар Шаханов па? Олар бірінің етін бірі жеп, қырық пышақ болып қырылысып жатқан жоқ па?

    • #20
    • Акш
    • бн, 12/01/2017 - 20:50

    əблязов пен жекешелендіру та баска кім болушы еді тəйірі. ...

    • #21
    • Акш
    • бн, 12/01/2017 - 20:52

    əблязов пен жакишев та баска кім болушы еді тəйірі. ...

    • #22
    • А А
    • бн, 12/01/2017 - 21:25

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы Бейсенбі, 12.01.2017
    Мәке, Марат бауырым ақ жол, аброй тілеймін. Келгеніңе өте қуаныштымын, біздер 2014 жылы кездесе салып... бір аптадан соң Ресейге Елші етіп жібергенге таң-тамаша болып таңырқаған едім. Өзіңнің азаматтығыңды ерекше құрметтеуші - Жазушы-ғалым, проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 12. 01. 2017ж. 21: 17

    • #23
    • Салафи
    • бн, 12/01/2017 - 22:21

    Тек сапалы бизнесжоспар жасап, комиссияның қарауына усынсаңыз болды.
    **

    Атаңның басы! "Пара бермесең - бара бер!". Бизнес жоспарың мықты болса тіпті жақсы, оны алып өзінің пара беретін сыбайласына берер ғой. О баста жемқорлықпен басталып, о баста соған лайықталып, яғни тәуелсіз парламентті, тәуелсіз сот жүйесін, қоғамдық бақылауды жою арқылы, президенттің жауапты болу механизмін жою арқылы құрылған жүйесі бар, күнде бір шенеунік ұсталып жатқан мемлекетте даму ешуақытта болмайды! Тек, қана есебін тауып жеу, тек қана пайдаланып қалу болады. Бұндай жүйеде отанына шын жаны ашитын ешбір патриот қызмет етпейді. Қызмет етсе де олар жағымпаздар, тоғышарлар, сатқындардың қол астында жүреді.

    • #24
    • қараша
    • бн, 12/01/2017 - 22:37

    Тәжиннің келгені дұрыс болды.

    • #25
    • Әлім Сыры-мәлім
    • бн, 12/01/2017 - 23:38

    Бір шенеуніктің орнын екіншісімен ауыстырғаннан не өзгереді дейсің?! Мәселе жүйеде боп тұр ғой, жүйеде!!!

    • #26
    • Қайыршы
    • бн, 12/01/2017 - 23:49

    Мәселе шалда.

    • #27
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 13/01/2017 - 8:27


    Ит екеш иттiн жаксысы тамак урламайды. Иттiн жаманына уры ит деген атак тагылады. Бiздiн ЧИНОВНИК-терiмiз сол уры ит болды. шал мен кемпiрлердiн пенсиясын урлап талан таражга салды. Созiм жок................


    • #28
    • Төре
    • жм, 13/01/2017 - 8:36

    Бисмилляһи Рахмани Рахим!
    Нұсұлтан Әбішұлы! Сіз тығырыққа тірелдіңіз? Өйткені "Жау күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады" деген халық ДАНАЛЫҒЫН естен шығардыңыз. Жылытып айтқандарды "жау" көрдіңіз. Оларды енді қайтара алмайсыз. Өйткені олар енді Сізге сенбейді! Оларды өз қолыңызбен нағыз қайтпас жауларыңызға айналдырдыңыз? Абылай ханнан қалған деген сөз бар: "Бұқар еке, айтқаныңыз құлағыма жақпайды, бірақ тыңдау менің хандық міндетім!" Халқыңыз алаңдауда... Сіз әлі құлағыңызға жағатын "күлдіріп" айтқандарды тыңдаудасыз... Арты не болатынын Сізде-біздерде білмейміз? Оны Жаратқан Иеміз, Бір Алла біледі! Күтелік...

    • #29
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 13/01/2017 - 8:41

    #2 Сөз жоқ

    Неге Казахтар касiпкерлiке бармайды. Бул суракты гылыми турде зертеу керек. Ол ушiн ар обылыста экономикалык институттарга заказ берiп зертеу керек. Казахстан тв аркылы анкета уйымдастыру керек, аноним анкета.
    Мысалы...... сiз неге касiппен айналыспайсыз?..... не кедергi?.....неге касiбiнiздi осiрмейсiз?..... не кедергi? ...... т.б. сурактар .....ХАТ ЖАЗЫНЫЗ .... адрес!!! Болды. 1-2 айдан кейiн белгiлi болады. Сол кедергi болган уш мекеменi жауп тастау керек, болды !!!

    • #30
    • https://www.youtube.com/watch?v=w9x0xgqkHb4#t=30
    • жм, 13/01/2017 - 9:10

    https://www.youtube.com/watch?v=w9x0xgqkHb4#t=30

    • #31
    • Абай
    • жм, 13/01/2017 - 9:56

    Эх досым Бахон-Бағлан!
    Өзің де түк бітірмедің, достарыңа да қолдау жасай алмадың! Басқарған 5 жылыңда жақсы команда жасақтап, елдің намысын қорғап жүрген мықты жігіттердің басын қосып, мемлекеттік масштабтағы шаруаларды атқарғаныңда, елге де, Елбасыға да, қызметің-көмегің болар еді! Артында жақсы сөз қалатын еді. Бұл уақыт: енді қайтып келмейтін уақыт, сенің бар-жоғың білінбеген уақыт! Алла қуат берсін!

    Админ, 3-ші рет қайта салып отырмын. Өшіре бермеші

    • #32
    • 10
    • жм, 13/01/2017 - 13:27

    #29 ШАЛА Казахпын

    Зерттеудің де керегі жоқ, оған қаржы жұмсап, уақыт алып. Мен-ақ айтайын сізге, аталған сұрақтардың бәрінің жауабы бір да, ешкандай мекеме де емес, ол- кәдімгі бәрімізге бұрыннан таныс -жалқаулық. Кәсіппен айналасу үшін, кем дегенде 12-14 сағат күнделікті жұмыс жасап, жұмысшы жалдап, таңдай білу керек, кәсіптің техникалық базасының егжей-тегжейін меңгеріп, есеп-қисап біліп, ой-өрісті кеңейту керек, айта берсең, кәсіпкер деген әмбебаб маман болуы керек. Оған көбіміз шыдас бермейміз

    • #33
    • Мақсұт
    • сб, 14/01/2017 - 22:56

    НӘН-ді Тәжиннің орнына Мәскеуге елші етіп жібергенде -Елде оң өзгерістер болуы мүмкін еді. Әйтпесе -тірәктір қисық кетіп бара жатыр -деп, оның соқасын күнде ауыстырғаннан не оңады?!

    • #34
    • Билгишбек
    • жб, 15/01/2017 - 16:36

    Тажин деген пешка. Главный шахматистер шет елдерде жур. Абу-Даби мен Парижде. Сол игроктар калай шешеди, солай болады.

Пікір қосу

  • 10 + 16 =

Вход