Сенбі, 23 Қараша 2024
Әттең... 6893 0 пікір 15 Наурыз, 2017 сағат 10:05

ОЛЖАС ПЕН БИГЕЛДІЛЕР ҚАЗАҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

Abai.kz ақпараттық порталының электронды почтасына белгілі журналист Жұмаш Көкбөрінің атынан "ОЛЖАСТАР, БИГЕЛДІЛЕР және т.б. «шала қазақтар»   - ҚАНДАЙ «ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫМЕН» КҮРЕСІП ЖАТЫР?.." атты материал келіп түсті. Олжас Сүлейменов пен Бигелді Ғабдуллиндерді сын тезіне алған мақаланың бір әрібін де өзгертпей назарларыңызға ұсынамыз. Қарсы тараптың айтары болса, оларға да мінбер беретінімізді ескертеміз!

Abai.kz ақпараттық порталы

"Қазақтардың дені «ұлт патриоттары», басқаша айтқанда «кілең ұлтшылдар», бұлар мемлекетімізді өзге елдерден оқшаулауға тырысуда. Бұлармен күресті тоқтатпаған жөн" деген сыңайда қазақтың орыс тілді ақыны, орыс десе ішкен асын жерге қоятын, орыс тілінің қамын жеуші Олжас Сүлейменов талай рет айтты. Осы Олжас «Central Asia Monitor» и «Radiotochka.kz» басылымдарының қожасы "Бигельды Габдуллинмен" тығыз байланысқа көшіп, ана газет арқылы қазаққа қарсы күресін тоқтатар емес.

Қазақ халқы «қазақ ұлтшылы» атанған  екі кезең есімізде.

Оның алғашқысы, сонау қанішер Сталиннің кезінде 30-шы жылдарғы қанды репрессияда жазалаушылар ең алдымен «қазақ ұлтшылдарын» атып, асқан, ұзақ мерзімге жер аударған. Соның нәтижесінде 4 миллионға жуық қазақ қуғынға ұшырап, тоз-тозы шығып, жер бетінен жоқ болған.

Ал, «қазақ ұлтшылы» атанудың екінші кезеңі - Алматыдағы 1986 жылғы «Желтоқсан қасіретімен» тұспа-тұс келеді. Мәскеудегі "құдайлар" Желтоқсан көтерілісін жасаған «қазақ ұлтшылдары» деп ашық айыптап, орталық комитет осындай қаулы қабылдап, аяусыз жазалау саясатын жүргізіп, қамалғандардың алдына өлім жазасын, қалғанына «ит жеккен» бұйырғаны бүгінгідей есімізде...

«Қазақ ұлтшылдығын» айыптаудың ұшінші кезеңі - Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен басталып кетті десек артық айтқандық болмас.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығында О.Сүлейменов бастаған топ ашық түрде «қазақ ұлтшылдарымен, ұлтшыл патриоттармен» аяусыз күрестерін бастап кетті. 

Қазақ тілін тұқырту саясаты, «үш тілділік», «Әліппеден» бастап барлық қазақ оқулықтарын аластау, ҰБТ-дан қазақ тілін алып тастау, т.б. қазақ ұлтына қарсы жүргізіліп жатқан жаулық саясаттың барлығы біздің осы ойымызға дәлел бола алады...

Тағы да қазақтың басына қара бұлт үймелейтін күн таяу сияқты. Басқаша айтқанда, «шалақазақтармен» күрестің соңы бейбітшілікпен бітетініне күмән бар...

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371