Жұма, 29 Наурыз 2024
Саясат 13374 12 пікір 18 Наурыз, 2017 сағат 13:11

ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ: РЕСЕЙ – «ИЗГОЙ» МЕМЛЕКЕТ

Ресей – «изгой» мемлекет және еліміздегі орыстар қазақтармен бір ұлт болғысы келмейді.

Орыстар қазақпен интеграцияға бармайды, қазақпен бірігіп бір ұлт болғысы келмейді! Бұл туралы белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали «qazaquni.kz» сайтына айтып берді.
Шындап айтса, – дейді саясаттанушы, – бұл бізге жаман емес, 43 мың орыс тектес адам бір жылда біреулері о дүниге, басқасы негізінен Ресейге аттанады. Қазақтың өсімі екі санақ 1999-2009 жылдардағы аралықта 26% асты. Енді орыс пен қазақтың үлес және сан арақатынасы: 20% бен 68% жетті.

Орыстың жастары Ресейге көшіп, қартайғандары о дүниеге кетіп жатқанда, орыс мектептері тез қысқара берді. Қазақтың ірі қалаға келуі қаланы тез қазақтандыра бастаған. Бірақ бұл жағдай Ресейге қолайсыз еді.

Бұл трендті тоқтату және кері жүргізу мақсатымен: латиницаны еңгізу ұсынылды. Соның нәтижесінде латиница қазақ тілін ақсатып, мемлекеттік іске қазақ тілін жарамсыз қылу керек болған-тын.
Кейін «қазақстандық ұлт» деген дүбәрә ұлт жасамақшы болды. Бұның мақсатын қазақты ұлттық идентификациядан ажырату еді. «Қазақстандық ұлт» идеясы – ол маргиналдық ұлттық идентификациясымен қазақты адастыру мақсатында жасалғаны анықталды.

Ақыры, басы қатқан айлакер саясаткерлер «Үш тұғырлы тіл» дегенді ойлап тапты. Осылайша биліктегі Ресейдің ықпалды агенттері – министрлер, комитет және департамент басшылары өздеріне жүктелген тиісті функцияларын Ресей мүдделеріне сәйкес істеп келеді.
Сонымен қатар, Әзімбай Ғали қазіргі уақытта орыстандыру процесі қайтадан күш алғанын да атап өтті. Қазақ орыстың теледидары және өзіміздің орыс тілді теледидар арқылы зобми-халқына айналып барады. Бұл істі Қазақстанның биік лауазымды адамдары қолдауға көшті. Министрлікке үш тұғырлы бағдар міндеттелді. Біз үш тұғырлы тілдің орнына екі тұғырлыны ұсынамыз – қазақ және ағылшын тілдері. Басқасы керек емес!

Менің Ресейге қаным қас емес, өзім орыс мектебін бітіргенмін. Бір кезде ағылшын бағытындағы мектепте оқып қазақшамнан айырылып қала жаздаған кезім де болған. Құдайға шүкір қазақшамды жөндедім.

Ресей – «изгой» мемлекет. Бүгінгі таңда Ресейге шет банктері не кредит бермейді, не жаңа технология бермейді. Ресей Украинамен соғыс жағдайында, Батыс қауымдастығы (АҚШ пен Европалық Одақ және олардың одақтастары, мәселен, Жапония т.с.с.) Ресеймен «Екінші қырғи қабақ соғыс» жағдайында. Естеріңізге салайын: Бірінші Қырғи қабақ соғысы 1946-1991 жылдары КСРО-ның күйреуімен аяқталған, – деп аяқтады сөзін Ә. Ғали.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2269
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3582