Шынның жүзі

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР ТОҚТАТЫЛСЫН!

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

                             Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевқа

ҚР Сенатының Төрағасы Қ.К. Тоқаевқа

                     ҚР Мәжілісінің Төрағасы Н.З. Нығматуллинге

              Министрлерге, Барлық деңгейдегі әкімдерге,

 Парламент және мәслихат депутаттарына,

ректорларға, облыстық және қалалық (аудандық)

 оқу бөлімдеріне, мектептер мен бала-бақшалар

директорларына, Қазақстан азаматтарына!

А Ш Ы Қ  Х А Т

Конституциядағы соңғы өзгерістер тұрақты дамитын ашық қоғамға көшудегі толыққанды реформаға айналу үшін, осы уақытқа дейін қабылданған адам құқығы мен сөз бостандығын шектеп, митингілерге тиым салатын қоғамның қауіпті ісігіне айналған тоталитарлық жүйенің заңдарынан арылу керек. Бұл мәселелерді шешу, елдің әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан диктаторлық режим» деген қара күйеден арылуы, қоғамның жан-жақты дамуына жол ашып, «араб көктемі», Украина т.б. елдердегідей төңкерістерден аулақ қылады.  

Қазақстан 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанда, оған «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет» деп анықтама берілген. Елбасының соңғы сұхбатында елдегі «қазақтың үлесі 70%-ға жетті» дегені (тәуелсіз эксперттердің деректері бойынша 2030 жылдары бұл көрсеткіш 90% құрайды) жоғарыдағы БҰҰ анықтамасындағы ұлттық мемлекетті этникалық және демографиялық тұрғыдан дәлелдегені. Ол, ішкі саясатта заман талабына сай түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етеді. Оның ішінде:

  1. 2016 - 2019 жылға арналған білім бағдарламасы бойынша 10-11 сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде, дүниежүзі тарихы пәні орыс тілінде оқыту енген яғни бұл жерде басқа тілдерді енгізу қазақ тілі есебінен, оны қысқарту не жоюды көздеген;
  2. Қазақстан мектептерінде 1960-шы жылдарынан бері үш тілде оқытады. Ал, соңғы енгізген үш тілді үш жастан оқыту, - ол ғылым мен педагогика заңдылықтарын өрескел бұзып, қазақ тілі мен мемлекеттік институттарды дамытуға қарсы әрекет болуда.

Себебі, АҚШ, Жапония, Оңт. Корея, Қытай, Ресей т.б. алдыңғы қатарлы елдер мен Болонн процессіне кіретін Еуропаның 28, Азия мен Африканың 54 елінде ғылым мен техниканың дамуына тікелей әсер ететін физика, химия т.б. пәндері мен 8-9 жасқа дейінгі тілашар және барлық пәндер ана тілдерінде оқытылады. Ал, Қызылорда облыстық білім Басқармасының бастығы Б. Сайлыбаев және сол сияқтылардың, «қазақ тілі білім мен ғылым тілі бола алмайтындықтан басқа тілдерде оқытамыз» дегенін Ауғандағы талибтердің тірлігімен салыстыруға болады;

  1. Жоғарыдағы бағдарламада 1940-шы соғыс жылдары халықтың рухы мен ұлттық сананы көтеру мақсатында құрылған «Қазақ әдебиеті» кафедралары, Қазақ тарихы мен Қазақстан тарихы мамандықтары жойылған;
  2. Мемлекеттік тіл үшін күрес – ол Қазақстанның болашағы үшін күрес екенін ұмытқан депутаттар мен шенеуніктердің Парламент, Үкімет жиналыстары мен шетелдегі ресми шараларды мемлекеттік тілде жүргізбеуден бастап, қала көшелеріндегі ұлы тұлғалардың суреттері мен ұрпаққа үлгі ұлағатты сөздерін жоқ қалуы, 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің аталып өтпеуі, көптеген ресми басылымдарда мемлекеттік ұстанымдардың болмауы т.б. қоғамды мәңгүрттендіруде.

Жоғарыдағыларды ескеріп, келесі мәселелерді шешуді талап етеміз:

- Өркениетті қоғамға сай адам құқығы мен сөз бостандығын, митингілер мен т.б. шараларды заңды жолмен іске асыруды заңдастыруды қамтамасыз ету;

- Қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен ұстаздардың қатысуымен Үкімет:

а). білім мен ғылым мәселесін шешетін тұрақты Комиссия құру;

ә). Үкімет қабылдаған «Қазтест» жобасын барлық мемлекеттік жүйеге енгізіп, оны меңгеретіндердің үлесін 2020 жылға дейін 95%-ға жеткізу, қазақ тілі арқылы қоғамды біріктіріп, адам капиталы мен мемлекеттік институттарды дамыту механизмдерін дайындау.

Осы хатты аймақтар мен салалар бойынша тиісті әкімшіліктер мен министрліктер көрсетілген адрестерге жеткізеді деп сенеміз.

Құрметпен, «Нұр Отан», «Ақ жол», «Азат», ЖСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Қазақстан ғалымдар Одағы, Жазушылар одағы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Қазақстан Альянсының Ұйымдастыру алқасы атынан:

ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ӘКІМ Жанұзақ –ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ЖСДП Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті, ЖСДП Президиум мүшесі;

ТОҚАШБАЕВ Марат - «Президент және халық» газетінің Бас редакторы, ҚР ПҒА академигі, профессор;

 

Қазақстан ғалымдары, ақын-жазушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері атынан:

 

ШАХАНОВ Мұқтар – ҚР Төтенше және өкілетті елшісі, «Түрік әлемінің» үздік ақыны, Қазақ Ұлттық кеңесінің Төрағасы;

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы,  профессор, ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; 

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

МЕДЕТБЕК Темірхан – ақын, ҚҰ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕСДАУЛЕТ Ұлықбек – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» жорналының Бас редакторы;

БАЙПАҚОВ Карл - ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану ғылымдары және инновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша филиала директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

БАПИ Ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. - «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ИСА Қазыбек  -  "Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты, Халықаралық Сергей Есенин атындағы сыйлық - "Алтын күз" ордені иегері.

САРЫМ Айдос -  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  - қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы;

АҢСАТ Садуақас- «Тіл сақшысы» газетінің Бас редакторы (Қызылорда);

ЖӘКЕЕВ Ғабиден– Ғ.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы; 

ЖҰМАЛЫ Расул – саясаттанушы, дипломат; Қазақ Ұлттық Кеңесі Төрағасының орынбасары;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

КЕНЕБАЙ Жұмаш - ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

 ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЖАНДАРБЕК Зікірия - тарих ғылымының кандидаты, Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Түркістан университетінің профессоры;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Дала» институтының директоры;

ҚАДЫРБАЕВА Айсұлу – ақын, қоғам қайраткері;

ҚУАНЫШАЛИН Жасарал – қоғам қайраткері;

ҒАБДОЛЛА Қажымұқан – «Қазақ Елі» газетінің Бас редакторы;

ҚАНАТБАЕВ Серік - ветеринария ғылымының докторы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – ЖСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот - ҚР ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

САГИДУЛЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;                                     
БАБАМҰРАТ Дәурен -  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

ЕРҒАЛИЕВА Гүлжан – журналис, қоғам қайраткері;

ҚОСАНОВ Әміржан – қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
ЕГЕУБАЕВ Айдын – «Ұлы дала» қозғалысының Төрағасы;

АЛИБАЕВ Алик     - экономист, ЖСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан
– ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст -  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МАМАЙ  Жанболат - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен - «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі;

СӘДУҰЛЫ Бисенғазы - «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

БЕЙСЕБАЙ ТЕГІ Руза – қоғам қайраткері (Павлодар);

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналис, ғалым;

МҰҚТАЙ Қуаныш – ақын;

ЗАЙТОВ Ринат – айтыс ақыны;

МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы;

НҰР-АХМЕТ Дос -"Ұлт патриоттары"қозғалысының төрағасы;

БӨТЕЕВ Марат - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек - филология ғылымдарының кандидаты;

АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист;

КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын;

Abai.kz

 

54 пікір 3090 рет оқылды Қосылған: 21.03.17
    • #1
    • Алаш
    • сс, 21/03/2017 - 10:00

    бәрібір айтуын айтты ғой, Назарбаев қолдамайды. құр босқа жазылған дүние. қаншама үндеу, ашық хаттар жазылды. Назарбаев біреуінде құлағына қыстырған жоқ. тіл әлде қашан саяси құралға, мазаққа айналғалы қашан ?

    • #2
    • шал51
    • сс, 21/03/2017 - 10:01

    Сонша адамнын қолын жинадыңыз ба? Жоқ, қазір "отказник"тер шыға бастайды ма?

    • #3
    • Ауылдық
    • сс, 21/03/2017 - 11:39

    Осындай, билік пен халыққа үндеу ретінде, жазылған ашық хаттардың, жазылғаны жақсы. Кімнің кім екені, осындай кезде білінеді. Халық алдында, адал болып көрінуге тырысатын басшылардың, халықтан қорыққандықтан немесе халық алдында, өздерінің шын бет - бейнесін көрсетпеу үшін, амалсыздан болса да, халықтың талабына (бір рет болса да), көнуіне мәжбүр болады.

    Өздеріне, ашық хат ретінде жазылған, халықтың талабына келіспесе, ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ АБЫРОЙЛАРЫНА ДАҚ ТҮСЕТІНДІГІН БІЛЕТІНДІКТЕН амалсыздан болса да, келісуіне тура келеді. Өйткені, ХАЛЫҚ ТОЛҚЫҒАН ТЕҢІЗ. Ал, толқыған теңізбен ойнауға болмайды.

    • #4
    • Жұмабай
    • сс, 21/03/2017 - 11:40

    Бір бірімізге айтып жазып ,қайта айтып, тағы,тағы,жазып жатырмыз..Бір бір ін ұқпайтын мал сияқты . Баста былай.Қазақ қазақ қа айтып жатыр.Төрге шығып отырған дарда Қазақ , министрі жанжапайлары бәрі Қазақ,одан айнала алақотан отырғанда қазақ пыз.Басқа ұлттар аз , тіпті жоқ деседе болады..
    Ал сонда не атасының басына Қазақ ша оқылып,Қазақша жазылып,неге Қазақ ша сөйленбейді ?..
    Ешкім мылтық ұстап тұрған жоқ,Қазақша сөйлесең атамын деп..Бұл жерде бір жұмбақ болып тұр.. Басқа елдерде біздердегідей талас тартыс естімедім.Қандай ел , мемлекет болсын өз тілінде асықпай,ешкімге тәуелді емес сөйлеп,оқып,жүріп жатыр..
    Ал біз дерде әрең арең өшіп бір де қайта тұтанып ,буксовать етіп жүріп келе жатқан машина сияқты Қазақ тілі..

    • #5
    • түсінбеген
    • сс, 21/03/2017 - 12:44

    Мына ұзын сонар тізімді жасағанда көп қате бар сияқты. Олар қол қойғаны күдік тудырады. Казпидің бір оқытушысының аты жөні жүр, ол қазақша білмейтін адам, Б.Қойшыбаев "Әділет" қоғамының президенті депті, ол қоғамның басшысы басқа адам, Қапекова деген тарихшының қазақша білмейтінін білеміз, сол сияқты күдіктер көп.

    • #6
    • АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МҮШЕЛЕРІ.
    • сс, 21/03/2017 - 15:40

    Бүкүл ТӘУЕЛСІЗ Қазақ Мемлекетінің басында отырған ТӨРЕЛЕР енді ойланатын мезгіл жетті ғой. ТІЛМЕН ойнағанды тоқтатыңдар... сәл азаматтық парасаттарың бар болса ?!.. Жоқ болса... Халықтың ТІЛІ - оның ЖАНЫ мен РУХЫ... бұдан ары ҚАЖАЙ беру, ұлттық АПАТҚА апарады. Ал егер дұрыс басқара алмасаңдар... кеткендерің жөн. ХАЛЫҚ пен - ойнауға болмайды !! Жетер енді...

    • #7
    • ХАЛЫҚ
    • сс, 21/03/2017 - 16:17

    ЕКІ БІРДЕЙ - АБАЙ кз пен ҚАМШЫ кз - ке шыққан ХАТТЫҢ жауабын... НҰРЕКЕ ӨЗІҢІЗДІҢ БЕРГЕНІҢІЗ ДҰРЫС БОЛАДЫ . Халық күтіп отыр...

    • #8
    • Серік
    • сс, 21/03/2017 - 16:27

    #5-ге! Аздап қәте болса болған шығар оқасы жоқ! Бәріміздің биліктен күтетініміз нәтижесі ғой!

    • #9
    • !
    • сс, 21/03/2017 - 16:41

    Халық жауап күтіп отыр

    • #10
    • Жомарт
    • сс, 21/03/2017 - 17:45

    Тек хат жазып қана қоймай, назарбаевтың өзіне кіріп тоқтатқызу керек бұл масқараны! Сосын: ИСА Қазыбек - "Қазақ үні" газеті президенті, ақын," десе жетпей ма? Екі жолға толтырып "атағын" тіркейтіндей не болды, әлде мақтан сүйетін пенде солай жазыңдар деді ма? Атағын түгел жазса, "атынан ат үркетіндер" бар ғой одан да басқа! Сосын Смағұл Елубай қайда, тығылып қалды ма екен тағыда??? Әншейінде кербезденіп ақыл айтқанда алдын жан салмайды, осындайда басын артына тығып табылмайды! Көбіне қалыс қалады...

    • #11
    • Жомарт
    • сс, 21/03/2017 - 17:47

    Бұл бүкіл Қазаққа ортақ үлкен проблема, бәріміз атсалысып, қарсылығымызды көрсетуіміз керек!

    • #12
    • #8 Серікке
    • сс, 21/03/2017 - 19:07

    Археолог Карл Байпаков бұл хаттан мүлдем хабары жоқ, ал оның есімі тұр. Сонда қолды өстіп өтірік жинап, қара көбейтпе-ақ бес-он адам шын қолдарын қойып жазса болмай ма? Өтірік кімге керек?

    • #13
    • Ақылбек Шаяхмет
    • сс, 21/03/2017 - 19:53

    Қолдаймыз!
    Мәселе орынды көтерілген!

    • #14
    • Жомартқа Махамбеттен
    • сс, 21/03/2017 - 20:04

    Ашық хатқа қол жинағанда атақтарын жазу мәселесі - басты мәселе! Себебі, ол қол қойған адамнан бұрын, Ашық хатты ұйымдастырушылар үшін керек, атақты солар тізіп жазады ел назарын аудару үшін.
    Ал Смағұл Елубай кешегі Конституциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен, Президент әкімшілігі басшылығы ол хатты Президенттің қолына тапсырғанын Елбасыға есебінде елге жария еткен, әйгілі 115 зиялының хатына алғашқы болып қол қойып, белсене араласты және Телеарналардағы телекөпірде "Қазақ тілін қайта қарайтын заң керек" дегенін есіңізге саламын.

    • #15
    • А
    • сс, 21/03/2017 - 23:48

    қазақ тілін бейнелі түрде теңізге теңесек- сол теңіздің толқынын басып кетпесін деп аздаған адамдар қолдарымен көлегейлеп суды ұстап тұрамыз деп əуреленіп жатқан кейіп.буырқанған теңіз толқындары бəрібір əр шеттен шығам деп талпынып жатыр.ал кедергі болып тұрғандар қолдарымен теңізді көлегейлеп ұстап тұру ақымақтық екенін білсе де бетпақтанып қояр емес.

    • #16
    • Ар
    • сс, 21/03/2017 - 23:49

    Қазақ жерінде қазақша оқуға құқылымыз

    • #17
    • Ғаббас Қабышұлы
    • сн, 22/03/2017 - 0:05

    Ау, жарандар, мұндай хатты жазу да керек, жазбау да керек. Жазу керегі - жалпақ жұртқа жете берсін, селт етер, оянар, үн қосар, дауыс көтерер, ал жазбау керегі - Н.Назарбаев мырза миығынан күле салады, бітті. Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің мәртебесін Конституцияда жазылғандай бірден қадағалау, құрметтеу керек еді, олай болмады. Орыс ағайындар ренжіп қалмасынды, оларға орыстілді "ұлы" қазақтар қосылып жүмесінді алдын ала ойлаған Билік Ресейге жалтақтап қарап алды да, орыс тіліне "Ұлтаралық қатнас тілі" деген моншақ тақты, содан кейін Ресейге тағыда жалтақтап қарап-қарап алып, орыс тіліне "Ресми тіл" деген алтын алқа тақты, - ол мемлекеттік тілдің дәрежесін бергендік еді. Осы "артистиканы" қою керек деп соңғы 20 жыл бойы қаншама мақала жаздық, қаншама сөйледік, - жоғарыда оқыған көз, естіген құлақ болмады. Мен жиырма шақты мақаламның бірінде: "Егер президент Н.Назарбаев мырза елді басқаруға кіріскен 1991-жылдан 4-5 жылдан соң "Мемлекеттік жүйеде қызмет істейтіндер 2005-жылға дейін мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті" деп, парламент арқылы жарлық шығарса, мысалы, Ресей бізге шабуыл жасамас еді..." дедім. Саны өздеріндегі орыстардан екі есе аз балтықтықтардың солайша жарлық шығарып, іске асырғандарын мысал еттім. Мәселе менің хатымда да емес, қазақы намыста еді ғой? Не істерсің? Мүлгуизм мыңқ еткен жоқ, әй, мыңқ ете қоймас та, қазақ тіліне анда-санда күле көз қысып қойып, қайтадан мүлги берер.

    • #18
    • Мақсұт
    • сн, 22/03/2017 - 1:57

    Қасқырға,
    Түлкіге.
    Мысыққа,
    Бүркітке.
    Қырғиға.
    Қарғаға
    Ашық Хат!
    Бізді -қойды, ешкіні, тауықты, тышқандарды жеуді тоқтаңыздаршы...Жемеңдерші...Біз көбейейік, семірейік...Сонан кейін -ақ өзіміз кезек -кезегімізбен барып тамақ болып тұрайық. Оған дейін көк шөппен, жапырақтармен тамақтана тұрыңыздаршы...

    • #19
    • Түсінгенім
    • сн, 22/03/2017 - 5:37

    Өз елінде өз тілі осынша халдегі мемлекет дүние жүзінде тек Қазақстан да шығар. Шет елден ұят, қазаққа обал болып тұр-ау

    • #20
    • Жұмабай
    • сн, 22/03/2017 - 8:27

    Осы кей интервью ,роликтер де Қазақ болар,тура қалмақша орыс тілін де сөйлейді.тура фашист..Осыларды қырып жіберетін.министр .тағы бірдеңе бірдеңе төр ағасы,боллмай қалғырлар..басшы болса болды орысша сөйлеу керек пе.?.
    Осы баста ғы басшылар сөйлемеген соң,қалғандары не қылсын.Сөйлемегендерін бытшыт қылып уволнять етіп жұмыстан қуса дұрыс болар еді..
    Бәр басқа мемлекеттер өз тілінде сөйлейді ...
    Ал бұларды қарасаң тура қалмак,тар тіпті кейуана лар диуана лар әдейілеп сөйлемейтін сияқты.
    .Енді шегі бар әр нәрсе нің бұл парламент пен сенат па еді,сондағыларды қамшымен сабап сабап қуып шығару керек,сөйлемегендерін..

    • #21
    • Қазақ
    • сн, 22/03/2017 - 10:13

    Хат жазу деген бос әурешілік қой. Сіздерге ақыл қашан кіреді осы?! Жерді сатқызбай қойғандай бейбіт шеруге шықсаңыздар барлық талаптарыңызды бір күнде-ақ орындатар едіңіздер. Халық алдында азды-көпті атағы бар сіздерді тұтқындаудан менттердің өздері де қорқар еді. Менттердің өздері халыққа қарсы берілген бұйрықты орындаудан бас тартар да еді. Әй, бірақ сіздер бұны түсінбейсіздер ғой. Осыны мен сіздерге қашан түсіндіріп болар екенмін? Қашан саналарыңызға толық жеткізе алар екенмін???

    • #22
    • Қазақ
    • сн, 22/03/2017 - 10:19

    Масон бастықтарына берген уәдесі бар сияқты. Әйтпесе, халықтың бәріне жаппай ағылшынша білу неге қажет? Өмірінде шетелге бір рет те шықпайын, өмірінде интернетке бір рет те кірмейтін ауылдағы қойшыларға, балықшыларға, жұмысшыларға, жұмыссыздарға, үйлерінде бала бағып отыратын әйелдерге (ал елдің бұндай әлеуметтік топтары қоғам ішінде ешуақытта аз болмайды) ағылшын тілі атасының басына керек пе?!

    • #23
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 22/03/2017 - 15:23

    ЧЕМПИОНАТ МИРА ПО ЗАЩИТЕ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА.
    "Гап йуқ" ! Сорлылар.

    Кеше түрік жігітімен таныстым, қазақша сайрап тұр.
    "Бәрі жоңғар ма, қалмақ па соның қолында, аға" дейді.

    • #24
    • #23 Есенғали, Антакияға қылжақ
    • сн, 22/03/2017 - 15:51

    Көптен боқтауды естімей құлағымыз тыныш, бәрі мәдениетті еді, мынау қайдан шықты тағы?

    • #25
    • Халықтың жағындамын
    • сн, 22/03/2017 - 17:01

    Бір қатындар болатын еді күйеуінен таяқ жегісі келіп қаралай соқтығып отыратын. Мына Есекеңе жөнсіз соқтығып отырған ветерансымақ сондай қатын сияқты екен.

    • #26
    • Есекеңді аяңдаршы
    • сн, 22/03/2017 - 17:50

    Кемпірі мейрамда базарда көбірек табыс таппаққа Есекеңе жүгін тым асыра артып жіберген еді.Болдырып қапты. басқасы тағы бар...Өтірік болса да. Боқтауға уақытында араласа алмағанына кешірім сұрапты.

    • #27
    • казакпын
    • бн, 23/03/2017 - 10:17

    Толык косыламын Осы жогарыдагыдан баска когам каираткерлер академик галымдар белди актерлар аншилеримиз каида Неге олар оз ундерин коспаиды Казак тили ешкимдии беижаи калдырмауы керек Когам болып биригу керекпиз

    • #28
    • Жанашыр
    • бн, 23/03/2017 - 10:37

    Талап орынды қос қолдап қолдаймыз! Жанды әрекет жасау керек.

    • #29
    • аноним
    • бн, 23/03/2017 - 11:54

    Қазақ тіліне қарсы әрекет еткендерді, қазақ халқының қарғысы атсын!!!

    • #30
    • Қазақ тілі
    • бн, 23/03/2017 - 14:42

    Өз жерінде өз тілі үшін күресіп жүрген қазақтан басқа сорлы ұлт барма екен!

    • #31
    • Мейіржан
    • бн, 23/03/2017 - 14:52

    Қолдаймын! Орынды ұсыныс

    • #32
    • Кайрат
    • бн, 23/03/2017 - 18:21

    Өте дұрыс, ояныңдар, барлығымыз қосылайық! Қазақстанда қазақ тілі үстемдік алуы керек!

    • #33
    • Кемек
    • бн, 23/03/2017 - 19:43

    Қолдаймын. Алла жар болсын.

    • #34
    • Қаба
    • бн, 23/03/2017 - 23:35

    Қолдаймын! Қазақ Елінің тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтан жауап күтеміз.

    • #35
    • Б.Шаяхметұлы
    • жм, 24/03/2017 - 8:46

    *** "Тілім жоқ болса , мен де жоқпын!" ҚАЗАҚ Елінде ҚАЗАҚ ТІЛІ толық мәніндегі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ СТАТУСЫНА ИЕ БОЛУЫ КЕРЕК!!! Қазақстандағы жергілікті ұлт - Мемлекет құраушы ұлт - ҚАЗАҚ болғандықтан (ресми мәлімет бойынша 70 пайызға жуық) , ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БІРЕУ ҒАНА БОЛУЫ ТИІС , орыс тілінің "ресми тіл" деген статусын алып тастайтын кез келді!!!

    *** "ҮШТІЛДІЛІК" деген , халықты ұлт ретінде жоюға бағытталған зиянды "бағдарламаны" енгізуге ҚАРСЫМЫЗ !!!

    • #36
    • Шетел
    • жм, 24/03/2017 - 12:41

    е қазақтар тіл тіл деп қоймадыңдар ғой ол тіл керек десең итке де керек емес. одан да қойларыңды бағып масаға таланып отырмайсыңдар ма

    • #37
    • шындық
    • жм, 24/03/2017 - 13:14

    Қазақ елінің тұңғыш һәм соңғы Елбастысы Мәңглік Көсеуовичтен жауап күтеміз Жауапты 2050ші жылы береді Оғандеиі аман болсаң күтебер Қазақ Оғандеиін Қытайдың жартысы Ресейдің Жартысы және бір правинсиясы болып кетпесе

    • #38
    • ДАНА ҚАЗАҚ
    • жм, 24/03/2017 - 13:59

    "Маған бір мектептің директоры: "Менің оқушыларымның 45 пайызының əкесі жоқ, ажырасқан отбасынан. Ол баланың психологиясы əке-шешесі бар баланың отбасындай тұрақты емес. Менің мұғалімдерімнің дені -əйелдер. Оның 40 пайызы байынан айырылған. Анау да жынды əкесі жоқ, мынау да жынды байы жоқ. Сыныпта шарт-шұрт талас" деп айтты. Бұл - шындық", - деді қоғам қайраткері Амангелді Айталы.

    • #39
    • Алжыған шал
    • жм, 24/03/2017 - 15:07

    Қазақ тіліне балта шабамын дегендерге айтарым өз қолыммен бастарыңды кесіп аламын. Мен жалғызбын бірақ сендерге мен әзірейілмін.

    • #40
    • а
    • жм, 24/03/2017 - 15:34

    #21, қазақ дегеннің айтқанына толық қосыламын. Мың, сан рет хат жаз, бәрібір жауапсыз қалады. Одан да, кешірерсіздер, мықты болсақ, осы хат жазғыштар бар, бәріміз түгелдей алаңға шеруге шығу керек. Атақтарынан ат үркеді, бұларды ешкім түрмеге тыға алмайды, әгәрәки, тықса, биліктің өзіне өзі көр қазғаны! Қазаққа жетіспей тұрғаны хат жазу емес, алаңға топтасып шығуы! Әсіресе, дәл осы хатта аты аталған ығай сығайлардың бас қосып шығуы!

    • #41
    • Асеке
    • жм, 24/03/2017 - 20:24

    Жарайсыңдар ағаларым, інілерім, бауырларым. Қазақ тіліне ашық түрде қарсы әрекет етіп жатқан қазіргі депутаттар, министрлердің орындарынан осы тізімдегі өздеріңізді көргім келеді. Дұрыс, жауап талап ету керек.

    • #42
    • ДАНА ҚАЗАҚ
    • жм, 24/03/2017 - 22:40


    Капiрлер ПАНИКА-ДА ..... https://www.youtube.com/watch?v=Da-f0daFJEg

    • #43
    • 42-ге
    • жм, 24/03/2017 - 23:10

    пошёл!..

    • #44
    • 43ге
    • жм, 24/03/2017 - 23:21

    Сен кәпірмісің? Бұлданғаныңа жол болсын

    • #45
    • http://abai.kz/post/view?id=13090
    • сб, 25/03/2017 - 1:01

    http://abai.kz/post/view?id=13090

    • #46
    • М. Шындәулет.
    • сб, 25/03/2017 - 1:49

    Ертеректе өздері тұратын шағын ауданға газ, тоқ тарттыруға кілең тұрғындар (қазақтар) қала, облыс әкіміне қайта-қайта арыз жазып, мұң мен зарын билікке жеткізе алмай жүрген көрінеді. Сонда қу тілділеу біреу ,,Билікке 200-300 қазақ хат жазып жалынғанша, орыстың екі жесір әйелін шағынаудандарыңа көшіріп әкеліп соларға жаздыра салсаңдар болады ғой. Сонда жергілікті әкімдер табандары жерге тимей, өтініштеріңді орындауға құстай ұшады,, деген екен. Сол сияқты анау қазақша ән салып, өлең айтып, қазақша сайрап тұрған өзге ұлт өкілдеріне осы тектес Ашық хат жаздырып, қолдарын қойдырып, ,,Қазақ тілінің мәртебесін көтеріңдер. Әйтпесе, көтеріліс жасаймыз,, деп жоғарыға хат жаздырса қайтер еді? Сонда екі орыс бір қазақты сабаса, қазақты қамайтын, айыппұл салып жазалайтын жалтақ билік селт етпес пе екен? Осы тәжірибені қолға алып көру керек. Егер іске асып, пайдасы тиіп жатса, анау реформашыл министрлерге дереу реформа жасатып алу керек.

    • #47
    • Алжыған шал
    • сб, 25/03/2017 - 12:12

    ей ей билік көзіңді үлкейтіп ашып жан жағыңа қара кімді көріп тұрсың? ХАЛЫҚТЫ көріп тұрсың. Қазақ тілі ХАЛЫҚ тілі болғалы қашан тек билік тілі болуы ғана қалды. ХАЛЫҚтан қорық билік. ХАЛЫҚ ол дауыл екенін ұмытпа билік. Назарбаев еске сақта тарихта қалғың келсе Халқыңның тілін жөнде дамыт

    • #48
    • https://www.youtube.com/watch?v=CBn8L_Ok0bs
    • сб, 25/03/2017 - 12:52

    https://www.youtube.com/watch?v=CBn8L_Ok0bs

    • #49
    • https://www.youtube.com/watch?v=sMbDiwu3tp4
    • сб, 25/03/2017 - 15:52

    https://www.youtube.com/watch?v=sMbDiwu3tp4

    • #50
    • Жақсылық
    • сб, 25/03/2017 - 18:51

    Толық қолдаймын.Елімізде басқа тілдерді ығыстыру керек бар саладан.Қазақ тілін ,кәзіргі мазақ тіл жағдайынан құтқаруымыз керек...

    • #51
    • Төре
    • сб, 25/03/2017 - 19:19

    01 ертең Қазақ Елінің ең жоғарғы "Данасы" арбитрі болуға өзінің "келісімін" бередіде, өзін Ассамблеяға солай етіп сайлауды ұсынады...

    • #52
    • Ракон Исатайский
    • сб, 25/03/2017 - 20:17

    Алжыған шал Билікте нең бар Ай сайын пенсияңды алып жүрсің енді саған не керек?!Билік қолынан келгенін жасап жатыр Қазақ тілін дамыту үшін қаншама бағдарламалар қабылданып жатыр!Нұр-ағамыз бен Депутат ағаларыңды кінəлама олардың кінəсі жоқ бар кінə халықта.

    • #53
    • Дала үні
    • сб, 25/03/2017 - 20:53

    Саудың айтқан ы емес,жаманның айтқаны келеді деген..Алжысада шал дұрыс айтып отыр.Сол үшін өкімет кіналы ,ол шал қолына н келмесе басқаға берсін..
    Ешқандай бағдарламалар дурыс жоқ.Ар жиында әр басшы қазақ тілі нде айтып жауап берсін,сосын басшы орындарға қазақ тілі нде сөйлеп,оқитын адам отырсын,т.т.сол сияқты т.б.жаксы сөздер болса мне бағдарламасы деп халық көтеріп алып кетер еді..Ал ол керісінше орысша неге жауап айтпайсың деп арсылдап отыр...

    • #54
    • Жұмабай
    • жб, 26/03/2017 - 1:57

    Азаттық радиосы сайтында ,Менттер, (омон дар) Қыргызстанда оларда менттер адам,сыйлайды.Біздердегідей шакал емес..
    Ал мына Белорусия дағы менттер(омон ),,дар дың нагло ұрып соққылап жатқанына қарап , бейбіт шілік шеру деген ді ұмыту керек болар..Қару мен ғана шығу керек,бейбіт сөздер өтпейтін болып қалды..ау деп ойлаймын..
    Сөз өтпеген соң 17 жылы революция болған ..Тек қолға қару алу керек,демократия ,бостандық үшін,Сөз талапты тыңдамайтын болып кетті..

Пікір қосу

  • 9 + 15 =

Вход