Талқы

"ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫҚ ҰЛТ-2020" БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫРАМЫЗ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Президенттің «Интеллектуальдық Ұлт-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Ұлттың алдындағы бірінші міндет, оның санын өсіру болып тұрған жағдайда мемлекеттің стратегиясы осы мәселелерді шешуге жұмылдырылып, демографиялық саясатта төмендегідей кезек күттірмес шараларды іске асыру керек:

- дүниеге келген әр балаға қазынадан  5,0-7,0 мың АҚШ долл. көлемінде бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы беру;

-  бала кәмелет жасқа толғанша орташа айлық табыстың деңгейінде ай сайынғы жәрдемақы беру;

- үш және одан да көп бала тәрбиелеген анаға балалары кәмелетке толғанға дейін орташа бір айлық, бес балаға 1,5 айлық, жеті балаға екі айлық табыстың көлемінде көмек төлеу;

- төрт және одан да көп бала тәрбиелеген аналарды мемлекеттік орден, медальдармен марапаттау және олардың дәрежесіне байланысты аналарға көрсететін дәрігерлік көмекте, пәтер алуда жеңілдіктер жасауды заңдастыру; - “Батыр Ананың” дәрежесін “Қазақстан Еңбек Ерімен” теңестіру;

- көп балалы отбасыларға әлеуметтік және салық жеңілдіктерін жасау;

- көп балалы отбасынан шыққан балаларға жоғарғы оқу орындарына түсу, жұмысқа орналасу, жас мамандарға пәтер алуда жеңілдіктер жасау;

- ұлттың гендік қорына зиян тигізіп отырған аборт жасауға заңмен тиым салу;

- әйелдер мен қыздардың ауыр және денсаулыққа зиянды жұмыстардан босатып, олардың жеңіл жұмыспен қамтамасыз ету;

- қазақта «қыз он үште отау иесі» дейді және біз солтүстік емес, шығыс халқы болғандықтан қыздардың 16 жастан отбасын құруын заңдастыру;

- Қазақ қоғамында жетім-жесір болмаған. «Жеті жарғы» сияқты дала заңдарындағы әмеңгерлік т.б. заманға сай прогрессивті жақтарын заңдастыру;

- Үкімет тарапынан тастанды бала болмаудың алдын-ала шараларын қабылдап, ана мен сәбиді мемлекет қамқорлығына алу;

- Елде ондаған жылдар бойы 330-350 мың отыздан асқан қыз-келіншектер тұрмыс құрмай қалуда. Қазақстан Ислам өркениетіне жататын ел болғандықтан, осы діндегі ер мен әйелдің семьядағы арақатынасы, ананы құрметтеу, ұрпақ тәрбиесі т.б. өміршең ұстанымдарына қоғамда оң көзқарас қалыптастырып, тәрбие құралына айналдыру қажет.

Дамыған зайырлы елдердің барлығындағы ар (нравственность) мен мораль дінге негізделсе, бізде саяси этикет («Саяси этикеттің қауіптілігі, онда сатушы да сатып алушы да алданады» К. Маркс) не атеизмге шырмалған. Зайырлылық ол қоғамның формасы, ал мазмұны - ол әлемдік дінге яғни өркениетке негізделеді. Мысалы, қазіргі әлемдік нарықтағы қосымша пайда табудың өзі де протестанттық ұстанымға негізделген. Исламда қосымша пайда табу деген жоқ. Қазақ мемлекетінің негізі де Малайзия, Индонезия елдері сияқты Исламның ұстанымдарына негізделгенде ол өркениетке қадам басады;

- Ұлттық қордың белгілі бөлігі, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, демографиялық саясатты іске асыратын “Демографиялық қорға” бөлуді заңдастыру.

Мемлекет тарапынан осындай шараларды жүйелі түрде жасау халықтың тұрақты өсімін қамтамасыз етеді.

Қазақстанның жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында болғанымен, халқының саны жөнінен алғашқы жүз елдің соңында. Елдің геосаяси жағдайы мен ондағы тұрғындардың көп ұлттылығын ескерсек, оның қорғаныс қабілетін күшейтіп, тұрақты дамуы үшін, халық саны жақын уақытта кем дегенде 20-23 миллионға, 2050-ші жылдары 35-40, ғасырдың аяғында 65-70 млн-ға жету керек. Бұл міндетті орындау мемлекеттің басымды бағдарламасы болып табылады.

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

21 пікір 716 рет оқылды Қосылған: 21.03.17
    • #1
    • Сайлаушы
    • сс, 21/03/2017 - 13:51

    Оған ақшаны қайдан табасыз. Қиялды жеткізетн - ақша.

    • #2
    • Жанашыр
    • сс, 21/03/2017 - 16:06

    Ұсыныс нақты да өте орынды көтерілген. Ұлттық қордың ақшасын ұлттың болашағына жұмсаса қандай жақсы болар еді. Бірақ биліктегілердің ұлт болашағына қатысты іспен бас қатыруға уақыттары болар ма екен? Ағайын Жанұзақ Әкім мырзаның ұсынысын жаппай қолдауға шақырамын!!!

    • #3
    • Ашынған қазақ
    • сс, 21/03/2017 - 17:52

    Ұсыныс дұрыс-ау , бірақ , қанша жерден қолдасаң да биліктегілер өз "қалталарына түсіп жатқан" қаржыны халықпен бөлісіе қояды дегенге сену қиын! Бұл бос қиял болады! Басшылардың ішінде ҚАЗАҚТЫҢ көбеюіне , ҚАЗАҚ тілінің дамуына мүдделі бір адамды тауып беріңдерші , қане?! Жоқ , ондай пенде! 1-шіден бастап , тек ҚАЗАҚТЫ біртіндеп жою бағытында "жұмыс жасап" жатқанда мына ұсыныстарың ОРЫНДАЛМАЙТЫН АРМАН , БОС ҚИЯЛ !!!
    Ана мен баланы , ұрпақтың келешегін ойлаған адам әйелдердің зейнеткерлік жасын 63-ке дейін апармайды!!! Содан-ақ біліңдер!

    • #4
    • Банкир
    • сн, 22/03/2017 - 0:37

    5-7мың акша долларын 18 жасқа толған соңда берсе болады

    • #5
    • мурат
    • сн, 22/03/2017 - 1:30

    билмедим ау аккорданы аиналасынын бари миллионер милярдер боп алды тоятын тури жок булар кетпеи озгерис бола коимас.

    • #6
    • қостанай қазағы
    • сн, 22/03/2017 - 11:00

    әр балағы 5-7 мың доллар табу қиындау болар, бірақ бала туған әйелдерге аталған сома беру, бала тууды ынталандырары сөзсіз. Ал жалпы, біз гендерлік теңдік береміз деп әйел халқын табиғатқа қарсы қойып, оны екі-үш есе артық қанаудамыз, немесе оны басы бостыққа итермелеудеміз. Себебі, ер адам жұмыстан келеді, демалады. Ал әйел адам ерлермен бірдей уақыт жұмыста болады, оның сыртында үй шарцуасын істейді, балаларды күтеді. Сонда оларды қанамағн емей немене. Меніңше әйел адамдарға жарты жұмыс күнін тағайындау қажет. Жасы-кәрісіне қарамай. Қаншама жас қыздар халық бақытына, экономикасын өркендетуге қызмет істеп өзінің жеке бақытын құрбан етуде. Білген адамға ол отбасын құрып дүниеге балалар әкелсе, жиырма жылдан кейін елге өзі жұмыс істеген уақытындағы пайдасынан бәленбай есеге артық пайда әкелер еді. Осыны кім ойлапты!

    • #7
    • проф. Совет-Хан Ғаббасұлы.
    • сн, 22/03/2017 - 12:25

    САЙТТАР дың - барлығын да , осы Жанұзақ азаматымыз айтып отырған тәрізді - ИДЕЯЛАР мен ҰСЫНЫСТАР айтылса - қоғамның салауаттылығына және Ұрпақтың Тәлімі мен Тәрбиесіне де үлкен әсері мен игілігі болмақ... Тіпті, бірден орындала қоймаса да, келешекте ескерер мәнге айналады. Айтып отырған ұсыныстар - Халқымыздың келешегі мен Мемлекетіміздің ұлттық сыйпатын жетілдіретін фактордың бірі екені ақиқат. Ұлттық қорды жұмсау - тек Ұлтты көркейтуге арналуы шарт... Бұндай мақсат - бүгінге дейін жоқ екені де рас !!!...

    • #8
    • білмес
    • сн, 22/03/2017 - 14:36

    Тақырып интеллектуальдық ұлтты қалай жасаймыз деген нақты мәселеге арналса да, мақалада ол интеллект деген не, қазаққа ол қалай келеді, қазақты қалай интеллектті ұл етеміз деген мәселеде бір ауыз сөз айтылмаған. Есесіне қазақ қалай көбеюі керек деген мәселе мазалапты авторды. Қазақ қалай көбеюді сізден сұрамайды, қалай болса солай көбейіп, нәрестелерін дәретханаларға лақтырып кетіп жатқанын білмейді деп ойламаймын.
    Мәселе интеллет туралы деп тым "ақылды" қойылғаннан кейін соған жауап айту керек еді. Алдымен отауын емес, нәпсісін сайлаған заманда отау құру мәселесі өте күрделі. Ол өз алдына мәселе.
    Ал мына автор тақырыпты автор интеллект туралы деп қойып алады да, интеллекттің не екенін бір ауыз сөзбен де айтпайды. Ендеше тақырыпты неге олай қояды? Әлде өзі де түсінбей ме?

    • #9
    • Болат
    • сн, 22/03/2017 - 19:21

    Жанұзақ бауырым. Сені ақылды азаматпа десем сенде еліктегіштің біреуімісің. "Интелектуалды ұлт" дегенді ғылыми түсіндіріп берші. Барша адамзат таритхында жоқ нәрсені қайдан таптыңдар. Бұл қазақ ұлтының рухани жаңғыруына қарсы сылтау тауып істеліп жатқан саяси ойынның баламасы емеспе. Қайтсе қазақтың тарихын ұмытып, тілінен айрылып, өзінің рухани құндығынан арылып евроцентризм құрсауына тереңдей еңу жол емеспе ұққандарға. Атақ , мадақ қуаламай елдің намысын ойлайтын уақыт ьжетті емеспе. Ренжіме , біраз ойлану керек сияқты. Не айтсаңдар да ойланып айтыңдар.

    • #10
    • Түңілген
    • сн, 22/03/2017 - 23:56

    Ойбай, ондай ақша берсе бәрі бітті дей бер!
    Басқа ұлттарды білмедім, ал біздің қазақтың қолына ондай ақша түссе, күнде той, күнде арақ, күнде қонақ, бала қайда қалды, шаға қайда қалды, ана қайда қалды, басқа қайда қалды, бәрі елеріп, ешкім ешнәрсе білмей қалады ғой.

    • #11
    • ДАНА ҚАЗАҚ
    • жм, 24/03/2017 - 13:59


    "Маған бір мектептің директоры: "Менің оқушыларымның 45 пайызының əкесі жоқ, ажырасқан отбасынан. Ол баланың психологиясы əке-шешесі бар баланың отбасындай тұрақты емес. Менің мұғалімдерімнің дені -əйелдер. Оның 40 пайызы байынан айырылған. Анау да жынды əкесі жоқ, мынау да жынды байы жоқ. Сыныпта шарт-шұрт талас" деп айтты. Бұл - шындық", - деді қоғам қайраткері Амангелді Айталы.

    • #12
    • Қоңырат
    • жм, 24/03/2017 - 19:07

    Ой қозғайтын тақырып Кәзіргі билік тұрғанда бұл бағдарламаның іске асыуы екі талай Мемлекет бірінші саяси реформа жүргізу керек содан кейін бағдарламалар кезен кезенмен іс асуы мүмкін

    • #13
    • нән
    • жм, 24/03/2017 - 19:43

    қазіргі әлемдік нарықтағы қосымша пайда табудың өзі де протестанттық ұстанымға негізделген.
    ------------
    Протестантизм христиан дінінің ішіндегі католицизмнің реформациялауга түсуі арқылы орта ғасырларда пайда болган бағыты. Протестантизмнің әлемдік орталыгы АКШ болып саналады, сонымен катар скандинавия, испания, швеция, швейцария, британия тб батыс еуропамен солт-к еуропа елдері протестантизмді ұстанады. Протестантизмнің келесі ағымдарының- кальвинистердің, адвентистердің, баптистердің, методистердің тб-дың штаб-пәтерлері АҚШта орналасқан, сол жақтан әлемнің түпкір түпкіріне таратылады. Протестантизм христиан дінімен қатар иахуди дінінің қағидаларын уағыздайтын ағым. Ал "классикалық" христиан дінінде, католицизм мен православиеде, қарызға берген акшаның үстінен өсім алмақ түгілі, берген ақшаңды кері сұрама делінген Жаңа Інжілде: «Всякому, просящему у тебя, давай, и от взявшего твое не требуй назад... Но вы любите врагов ваших, и благотворите, и взаймы давайте, не ожидая ничего; и будет вам награда великая...(Лк. 6:30, 34-36).



    Дамыған зайырлы елдердің барлығындағы ар (нравственность) мен мораль дінге негізделсе...
    -----------------------
    Рас па? Соңғы кезде дамыган зайырлы елдерде трендке айналган біржынысты некелерді калай дінмен байланыстыруға болады?

    • #14
    • Бәке
    • жм, 24/03/2017 - 21:24

    Колдаудын орнына кері тартып кашангы бастарынды бұғып жүре бересиндер басымызды котереиік болашағымызды оилаиык

    • #15
    • #14 Бәкеңе білмес
    • жм, 24/03/2017 - 22:27

    Тақырып интеллектуальдық ұлт туралы, сөзі қазақ қалай көбеюі керек. Қайсын қолда дейсіз?
    Қазақ қалай көбеюіне жанашыр болсаңыз енді дүниеге нәресте әкелетін әр отбасы баласына Көбей деген ат қойсын деп ұсыныс айтыңыз. Жолын көрсетіңіз.
    Интеллектуальдық ұлт болайық десеңіз оның жолын көрсетіңіз. Қысыр әңгіме неге керек.

    • #16
    • ДАНА ҚАЗАҚ
    • жм, 24/03/2017 - 22:39


    Капiрлер ПАНИКА-ДА ..... https://www.youtube.com/watch?v=Da-f0daFJEg

    • #17
    • Тентек
    • сб, 25/03/2017 - 0:44

    www.facebook.com тиркелсениз сиздин ойыннызды сол жерден окып отырсак

    • #18
    • Тентек
    • сб, 25/03/2017 - 0:46

    Баке дурыс айтасыз

    • #19
    • https://www.youtube.com/watch?v=CBn8L_Ok0bs
    • сб, 25/03/2017 - 12:51

    https://www.youtube.com/watch?v=CBn8L_Ok0bs

    • #20
    • https://www.youtube.com/watch?v=sMbDiwu3tp4
    • сб, 25/03/2017 - 15:52

    https://www.youtube.com/watch?v=sMbDiwu3tp4

    • #21
    • Білмəсвой
    • сб, 25/03/2017 - 20:11

    Бұндай бағдарламаны түсіңде көресің Əкə.Қазір дағдарыс уақытығой Əр бір туылған балаға 7-8 мың $ беретіндей Қазынаңда ақша көппа не?Қой өшір мынаны Депутат əкəларің көрмесін мына бағдарламаңды

Пікір қосу

  • 2 + 48 =

Вход