Сұхбаттар

Жайна СЛАМБЕК: ПОП-ЖУРНАЛИСТЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Қазақ тележурналистикасында елге етене танымал өзіндік аты мен заты бар кәсіпқой мамандардың бірегейі – Жайна Сламбек. 90-жылдарғы нағыз «Хабардың» «шинелінен шыққан», кейіннен бір өзі бір арна болған Жайна-журналистің экрандағы екпіні де, еркелігі де ерекше әлем. Оның тележәшікті толғататын, түйсігі барды толғантатын, көрерменін тербететін де, теңселтетін де бағдарламасы әдетте ойлы жұртқа арналатын.

Бірер жыл көгілдір экраннан көрінбей кетіп, соңғы уақытта «мен айтамын» деп, «Астана» арнасынан тепсіне шыққан талантты тележурналиспен «Бейсенбідегі бетпе-бет» айдары аясында қысқа-нұсқа тілдесудің сәті түскен еді. Өзгелер туралы өзегі жарыла сөйлейтін қыз өзі және өз кәсібі жөнінде не айтты екен – төменге назар салыңыз.

–Жайна ханым, бірер жыл телеарнадан қол үзіп кетіп, өзіңіздің сүйікті кәсіпке қайта оралған сәтте журналистика сізді жатырқап қалмап па?

– Журналистиканың «Жайна бала бағып отыр ғой, бала тәрбиесімен айналысып жатыр ғой» деп, «жүрісін» аяңдатпайтынын білсем де, балам әңгіменің «парқын» түсінгенше қасында отырдым. Себебі «ол кім, бұл не?» деген сауалдарды қойғызбай түсіндіру, асықпай түсіндіру (жұмыстан шаршап келіп, бір-екі ауыз сөзбен емес) маңызды деп ойлаймын... Ал демалыстан шыққан соң, жұмысқа аса бір құлшыныспен кірістім. Сағынғасын. Өйткені журналистика – менікі. Мен мамандығымды қадірлеймін және оны өзімнің көңілім толатындай етіп істеуге барымды саламын. Сондықтан журналистиканың – мені, менің – журналистиканы «жатырқап» қалуым мүмкін емес.

– Кезінде «Хабар» арнасы дүркіреп тұрган кезде сізбен бірге елге танылған әріптес құрбыларыңыздың біразы теле-бастық болып кетті (Ләззат Танысбай, Бибігүл Жексенбай), енді біреулерін экраннан көре алмай жүрміз (Дана Нұржігіт). Олардың экрандағы орнын әртістер мен шоумендер басып жатыр. Сізге осы жағдай қаншалықты олқы көрінеді?

– Мен уақытымды қадірлеймін және миды «қоқыр-соқырмен» толтырмауға тырысамын... Әрине, шоу-бағдарламалардың көрермені бар. «Талғамға талас жоқ» дегенмен, мені тітіркендіретіні – түк те күлкілі емес, мағынадан да, мәдениеттен де жұрдай бағдарламаларды тесіле көріп отыратын адамдардың көптігі. Телеарналардан көрсетілсе, отыра қарап, тамашалайтындардың ырза болып күліп отыратыны. Бұл жалпыхалықтық деңгей емес шығар, бірақ жақсы тенденция емес. Ал әріптестерге келер болсақ, әркімнің өзіндік таңдаған жолы болады...

– Бұрындары журналистика кез келгенге қол жетпес арман болса, қазір екінің бірі журналист болып жүр. Ақылы оқумен диплом алу – базардан бәліш сатып алумен пара-пар болды. Бұл жағдай осы кәсіптің тым арзандап кеткенін білдірмей ме?

– Мықты журналист болу үшін, журналист болуды армандау және журналистика факультетін бітіру жеткіліксіз. Мықты журналист – қоршаған ортасынан бастап, қоғамдағы, мемлекеттегі, әлемдегі тенденциялардың қалай дамып жатқанын, неге «солай» дамып жатқанын білуге ұмтылатын, зерттеп, зерделейтін адам. Ол үнемі оқитын, іздеп жүріп оқитын, талдау қабілетін дамытатын адам. Әрине, базалық элементтері де мықты болуы керек: ата-анасының қандай адамдар екені, алған тәрбиесі, мектепте және университетте берілген білім концепцияларын қалай қабылдағаны, өмірдегі позициялары мен принциптерінің қандай екені – мұның барлығы журналистің мықты немесе орта, тіпті нашар болуына ықпал ететін маңызды факторлар. Ал қарапайым қағидалардан мақұрым журналистердің көбейіп бара жатқаны рас. Поп-культураның ең төменгі сатысы бар ғой: сол сияқты поп-журналистика пайда болды.

– Белгілі тележурналист ретінде айтыңызшы: бүгінгі тележәшікке келіп жатқан шикі журналистердің кесірінен қазақтың тіліне нұқсан келіп жатқан жоқ па? Мәселен, теледидарды миллиондар көретін және тыңдайтын құдірет иесі десек, оның тілдік ортаға кері әсері болуы заңдылық емес пе?

– Нұқсан келіп жатқаны анық. Бір мысал: соңғы уақытта «көретін боласыздар», «еститін боласыздар», «тыңдайтын боласыздар», тіпті «күтетін боламыз» деген қаптаған «болады» шықты. Ашу туғызатын мұндай мысал көп. Телеарналарда журналистердің материалдарын, жүргізушілердің мәтіндерін қарап, редакциялап беретін мықты редактор отырса, дұрыс болар еді.

Профессор Темірбек Қожакеевтің сөзімен айтқанда, «болмаған Белинскийлер мен толмаған Толстойларды» азайту үшін, сол «белинский, толстойлардың» «тамаша текстерін» талдап, оқырманы көп басылымдар (порталдар) мақалалар жариялауы керек шығар.

– Бүгінде телехабар жүргізіп жүрген халыққа танымал бір әншіміз: «Журналистердің түрі әдемі болмаса, аяғы қисық болса, оған біз кінәлі емеспіз» деген екен. Сонда тележүргізушілікте адамның түрі маңызды болғаны ма? Осыған сіз қандай уәж айтасыз?

– Адамдардың танымы, мәдениеті, білімі, деңгейі және талғамы әртүрлі. Адам өз деңгейіне сай, өзінің ішкі сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама көреді. Мысалы, түнде шығатын «Познер» хабарын кім көреді? Таңертең жұмыс екенін ойласа да, ұйқысын қиятын интеллектісі жоғары адам көреді. Ол Познердің жалтыраған тақырбасына қарай ма? Жоқ. Сондықтан «түр-сұр» деген әңгіме мен үшін талқылайтын мәселе емес.

– «Көк жәшікті» жекешелендіріп алған әншілер мен шоумендерге көзқарасыңыз кандай?

– Мен әншілер мен шоумендер жүргізетін бағдарламаларды қарамаймын. Себебін жоғарыда түсіндірдім.

– Сіздің бүгінгі бейіміңіз – сараптамалық бағдарламалар. Сол арқылы көпшілік көрерменге таныссыз. Дегенмен, ток-шоу, шоу-думан бағдарламалар жүргізетіндердің танымалдығы салиқалы, салмақты хабарлар жасайтын журналистерден артып бара жатқанын қалай түсіндіресіз? Бұл жеңіл дүниеге бейім жұртшылықтың қалауын өтеу ме, жоқ әлде қазақстандық тележурналистика «жеңіл жүрісті» тенденцияға ден қойған ба?

– «Қазақстандық журналистика «жеңіл жүрісті» тенденцияға ден қойған ба?» – дейсіз, ал дәл соның алдында өзіңіз жауап беріп тұрсыз – «жеңіл дүниеге бейім жұртшылықтың қалауын өтеу» деп. Өкінішке қарай, сұраныстың ток-шоу, ойын-думанға артқаны рас. Егер тереңірек үңілсек, күйкі тіршіліктен шаршап жүрген адамдарды түсінесің – қарқылдап-сыңғырлап күліп алғысы келеді. «Батпақ» тірлікті ұмытқысы келеді. Бірақ батпақ тірліктің балшығы «бақа» бағдарламаларды көргеннен жуылмайды... Екінші жағынан, сараптамалық бағдарлама қалың көпшілік көретін дүние емес. Жаңа ғана Познерді мысалға келтірдім...

– Сараптамалық бағдарламаға ден қоямын деп, өзіңізді қажытып алмадыңыз ба?

– Мидың әрбір жүйкесіне салмақ түсетіні рас. Бірақ бір бағдарламаны аяқтағасын келесі бағдарламаны жасауға қайтадан құлшынып тұрамын...

– Өзге әріптестеріңіз секілді журналист даярлайтын жеке студия ашу ойыңызда жоқ па?

– Білгенімді үйреткім келеді. Онда да өзім сынақтан өткізген талапкерлерге ғана. Өйткені таяуда кәсіптік тақырыпта семинар өткізуге бір студия шақырған. Барсам, көз тоқтатып, «әңгіме» айтатын адам таппадым. Түрлерін айтпаймын – кілең көрікті. Алайда кәсібилік қуғысы келетін талапкерге арнап, дайындап барған конспектімді «арманы диктор болғысы келетін» қыз-келіншектерге оқығым келмеді. Ондайларға дәріс қонбайды... «Ол кім, бұл не?» деген «бала» сауалдарға жауап беріп, ойын жеткізе алмайтын, екі сөздің басын құрап жаза алмайтын әдемі қыздардың бұл өмірдегі миссиясы не екен осы» деп, ойға өзім батқаным бар... Дәл қазір студия ашу жоспарымда жоқ.

– Сіздің журналистік қадамыңыз басталған Алматыны сағынбайсыз ба? Астананың темір мен әйнектен қаланған архитектурасы ауылдың несібесін жеп жатыр деген пікірге не айтасыз?

– Алматының орны бөлек. Албырт шақ Алматыда өтті. Алғашқыда қатты сағынатынмын. Бірақ сабырға түскелі де біраз жыл. Астана менің өмірімнің мәні, мағынасы Алтай дүниеге келген жер...

Аймақтарға да қомақты қаржы бөлінеді. Бюджетті сауатты жоспарлап, ұқсатып жұмсай алмаймыз. Біліксіздікке жемқорлықты қосыңыз. Ауыз суы жоқ, мектебі құлағалы тұрған, жолы ойқы-шойқы ауылдардың несібесін Астана емес, біліксіз, жемқор, қайырымсыз, тоғышар шенеуніктер жеп жатыр.

– Келтелеу болса да, кесектеу ой-пікір білдірген ілтипатыңызға рахмет, Жайна ханым! Жайнадай жайнаған журналист қыз-келіншектеріміз көп болсын!

Сұхбаттасқан –

Жансая ЕРТАЙ,

«D»

Түпнұсқадағы тақырып: «Қарапайым қағидадан мақұрым ПОП-ЖУРНАЛИСТЕР көбейіп барады»

 «Общественная позиция»

(проект «DAT» № 42 (266) от 20 ноября 2014 г.

50 пікір 9197 рет оқылды Қосылған: 25.11.14
    • #1
    • ШАЛА Казахпын
    • сс, 25/11/2014 - 10:06

    «Хабар» арнасы дүркіреп тұрган кезде ....

    ХАБАР ЕШКАШАН ДУРКiРЕГЕН ЖОК АЙТКАНДАРЫ ЫЛГИ ОТРiК,КОРСЕТЕТiНДЕРi АЛДАУ онымен алыска бара алмайсындар ары кетсе 70 ак жылга жетесiндер ....

    • #2
    • Мұстафа Ыбырайхан
    • сс, 25/11/2014 - 10:29

    Жайна ! Жайна десе Жайнап тұрған -Қазақтың Арлы Азаматы екен -Ау ! Жігіттер , Шаман келсе , Жайнаға ұса ! Анау -экраннан түспейтін-Есентай ева , Аша Маша ,Айгүл ,Сайқы мазақтар ,сендер Жұртқа күлкі боп жүргендеріңді Қашан Түсінесіңдер !Аталы сөзге арсыз тоқтамайды дегізбендер . Ертең балаларың Ұйалады бұл қылықтарыңа .

    • #3
    • Есенқазақ
    • сс, 25/11/2014 - 10:35

    Жайнаны шаршататын жайлар,сау ақылдың иесі болған адамдарды шаршатып жүргені рас.

    • #4
    • сайқымазақ
    • сс, 25/11/2014 - 10:35
    Пікір алынып тасталды!
    • #5
    • Қыртымбай
    • сс, 25/11/2014 - 10:52
    Пікір алынып тасталды!
    • #6
    • Аруз
    • сс, 25/11/2014 - 12:46

    Бұл сылқымды дабір кездері бір дөкейдің "көңілдесі болған" деп естігенмін ықпалды адамдардан! Өзінше ақыл айтып қалыпты жұртқа!

    • #7
    • Қайран
    • сс, 25/11/2014 - 13:23

    Әдеттегі заказной, пиар сұхбат қой... "Концепция, позиция, принцип, тенденция , базалық элементтер, тенденция" деп шүлдірлеуі екеуінің де шама-шарқын білдіріп тұр-ау...

    • #8
    • арғын
    • сс, 25/11/2014 - 13:33

    Күйеуі кім осының?

    • #9
    • солай
    • сс, 25/11/2014 - 14:47

    Біреудің ішкі киімін аңдып не болды сендерге? Сұхбат көңілге тым қонбады. Өйту керек бүйту керек дегенше, жіліктеп Тоқтар Жақаштың ФБ жазғанындай айтпай ма. Тоқтар өткен жолы Қазақстан Ұлттық арнасының басшысы Нұржан Жалауқызының былықтарын жазғанында барлығы дүр сілкініп тоқтап қалған еді. Осы жақында сол арнада қызмет ететін өмірінде адам баласына шағымданбайтын қырықтан асқан журналист кісі Нұржаннан шаршағандықтарын, тезірек кетсе екен деп армандап жүргендерін айтқанында мен біртүрлі болып қалдым. Сіз адам баласына ренжімейтін едіңіз ғой не боп қалды сонша десем, Ой құрысын шыдамның да шегі бар ғой резина емес шығармыз біз де деп күрсінеді. Тоқтар Жақаштың жазғандары дұрыс болды ғой сонда десем, әлбетте дейді. Жағымпазданудан шаршадым, әйелімнің өзіне олай кірмейтін шығармын. Үйге келгенде өзімнен жиіркенемін, әйелімнің бетіне қарауға шыдамаймын. Жаман қатынға жалбақтаған өмірі құрысын деп ауыр күрсінді. Иә, мен ол кісімен қызметтесіп көрмеппін бірақ бір көргенде керемет болып жаны қалмай елбеңдеп тұратын сол әйелдің кескіні көз алдымнан кетпей қойды.

    • #10
    • Еркінбек
    • сс, 25/11/2014 - 15:54

    9-солайға: Неше түрлі құйтырқы әдіспен миллиондап ақша жесе, былықтары көп болса, онда ол Н.Жалауқызын неге ұстап отыр, төңкеріп тастамай?...Оны дәлелдеп, мойнына қойып, ісін сотқа неге бермейді?...Ол әйелдің қонжиып әлі орнында отырғанына қарағанда, әй айтқандарың шылғи өтірік шығар?....

    • #11
    • Жалғыз дарақ
    • сс, 25/11/2014 - 18:11

    Соңғы сұрақты құйысқанға жапсырып керегі жоқ еді.

    • #12
    • Алмас
    • сс, 25/11/2014 - 18:23

    Неге біздің қазақ тілінде сөйлейтін кейбір тележурналистер орысша сөздерді қосып сөйлейді?.... Түсініксіз жәйіт!...Баяғыда бір қазақша білім алған тележурналист әйел орысшалап "олигарх", "толерантность" деп қосып сөйлеп, өзінше білімпазданып қоймаушы еді.....Бұл не сонда - сандырақ тіл шұбарлау ма, әлде хабарын түрлендірейін деген түрі ме?...әйтеуір түсініксіз бірдеме екенін талай аңғардық!....Нәтижесінде: "құдай-ау бұл журналист не айтқысы келді сонда?"-деп түкке түсінбей дал боласың!...Қазақ тіліндегі тележурналистер /газет журналистерінде тіл шұбарлау жоқ/ хабарын орысша сөз қоспай таза қазақ тілінде алып шыққаны айрықша әсерлі болар еді дейсің...Сол орысша қосып сөйлеуге құмар кейбір әйел тележурналистер шын мәнінде орысша таза сөйлеуге шорқақ, сөйте тұра.?...Әйтпесе тілді шұбарламай таза орыс тілінде хабар жүргізуге көшсін... Екінің бірі.... Өйтіп ана тілімізді көре-көзге шұбарламаңыздар, тілдің киесінен, обалынан, құдайдан қорқыңыздар дегім келеді!...

    • #13
    • болат
    • сс, 25/11/2014 - 18:27

    Жазған мәтіні Жайнаның түйеден түскендей,оны ежең ежең етіп оқиды.Сонысына қарамай өзін супер журналист санап,біреулерге ақыл айтады.

    • #14
    • Жомарт
    • сс, 25/11/2014 - 19:56

    Жазған пікірлердің көпшілігі қатын өсек бірдеңелер, сонда бұл жерде төмен етекше ойламайтын, ұстамды, Ер мінезді Еркектің қалмағаны ма? Жазарың жоқ болса, айтар пікірің басқа біреудің бетіне түкіргендей болса, жазбай ақ қойсаңдар қайтеді Оу Телпектілер, әлде бәрің Орамал тағып кеттіңдер ме??? Жан-жағымызда әлсірегенімізді, алауыздығымызды күтіп отырған жаулар бар, ал сендер аз ғана сұхбатқа бола сонша жаман пікір жазғансыңдар! Бұдан Қазақ қалай бірігеді, Қазақ қалай Ел болады, Елін қорғайтын Еркектеріміздің әңгімесі мынадай болса?!
    Айтыңдаршы?!

    • #15
    • Қызылорданың Дариясы
    • сс, 25/11/2014 - 20:28

    ЖОМАРТ жарайсың, ер азаматқа тән сөз айттың. Бірақ оны ұғар ерлер болсашы. Ойлы пікір айтудың орнына бірден жеке басына тиіседі.

    • #16
    • Berik SKO
    • сс, 25/11/2014 - 20:59

    Жайнаны журналист ретiнде сыйлаймын,жогары багалаймын,бiрак билiкке карап сойлейтiнi тусiнiктi гой!

    • #17
    • Судыраxмет
    • сс, 25/11/2014 - 21:00

    Кейінгі кездері мынадай бір анекдотқа бергісіз тәмсіл естідім. Ол мынадай: Қазақ--көргенің азап, еститінің--мазақ, айтатының--мадақ.Осы дұрыс-ау деймін.

    • #18
    • адам
    • сн, 26/11/2014 - 2:56

    Сын айтсақ та, бейпіл сөздерді қолдануды қояйық, қазақтар. Ол мәдениетсіздіктің белгісі. Аттила-сымақ, ұят қой жазғаның. Әйел затына осындай ауыр сөз айта ма екен? Өзіңде қарындас, әпке жоқ па?

    • #19
    • Алмас
    • сн, 26/11/2014 - 9:24

    Ал Жайна туралы мен бұдан бұрын да өз пікірлерімді айтқанмын....Жайна өзіндік айтар ойы бар, мәселені терең ашып талдай білетін талантты тележурналист қыздарымыздың бірі...Ол өзінің зор қабілетін экранда талай дәлелдеп те жүр...Жайна сияқты тақырыпты экранда еркін меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді... Экранға шығатын тележурналистің, әрине алдымен қаламы жүйрік болуымен қатар, түрінің әдемі болғаны да абзал....Жайнаға тележурналистке қажетті осы екі қасиетті де табиғат молынан сыйлап бере салған....Өзі айтқандай "түр-сұр" дегенге онша мән бермесе де - біз айтар едік экранда хабар жүргізетін тележурналист үшін бұл екеуі бірі-бірімен ажырағысыз, бірін-бірі толықтырып тұратын өте қажетті қасиеттер.... Әрине, ол өзі туралы басқа не десін, кейбіреулер сияқты айқайлауы керек пе?... Енді ол оның әдептілігі әрі мәдениеттілігі дер едім.... Ал ПОП-журналистер - олар кәсіби маман еместер.... Олар көбінесе даңғаза шуға бейім, бүгін бар, ертең жоқ журналистер.... Мықты журналистің қандай боларын Жайна өз сұхбатында айқын көрсетіп берген... Оған алып-қосарым жоқ.....

    • #20
    • Айқын
    • сн, 26/11/2014 - 10:05

    Жайнаны журналист деп есептемеймін, ол қыз жәй ғана тележүргізуші ғой. Ол журналист болатындай адам емес. тележүргіуші ғой. жалпы журналист деген әлемдік профессия ғой. Онда Жайналардың орны жоқ деп ойлаймын. Журналсит болу үшін үлкен білімділік керек. Көр оқу керек. Сондықтан Жайнаға соншалықты табынатындай түгі жоқ. Жүргізушілігі ғана. Алдындағы оқып береті екі үш сөйлем жалпы жаза ала ма екен деген ғой ?

    • #21
    • Алмас
    • сн, 26/11/2014 - 10:48

    21-қонаққа: Журналистің білімді екенін "түйсігі бар" адам оның жүргізген хабарынан аңғарар еді.... Сен бауырым, Жайнаның хабарын арнайы қара, "миыңды былай қозғалтып", егер әрине, сенің білімің жетсе - оның жүргізу тәсілін, көтерген мәселесін, тақырып таңдай білуін, көрерменге ой сала білетін қабілетін аңғарар едің?.... Құр әншейін келтірер бір де бір дәлелің жоқ жалаң сөзіңмен шағыстырып, еркекке тән "мінез" көрсете алмай отырсың.... "Әлемдік профессия ғой" деп өзіңші бірдеңе айтқың келеді.... Әрі қарай ештеңе жоқ... Одандағы қызғаншақ едім демейсің бе?...Жайнаның әлемнің бірнеше елдерінен дайындаған хабарларын, репортаждарын көрермен қауым әлі ұмыта қойған жоқ.... Ал ұмытып кеткендер - "көрмес түйені де көрместер"... Қазір не нәрсе сен айтпақшы: "әлемдік профессия емес"... Бәрі әлемдік кәсіп..... Ең соңғысы "көше сыпырушыға" дейін....Ағылшын тілін айтып отырған шығарсың?....Біз Кеңестік кезеңнен жаңа ғана шыққанымызды неге ұмыта қалдың?....Ешкім оған табынып отырған жоқ....Біз айтсақ "ақты ақ дедік, қараны қара дедік" .... Әй, "қызғаныштың қызыл иті-ай" орынсыз, еш дәлелсіз қашан да шәуілдеп шаужайға жармасқаныңды қоймайсың-ау... Саған дауа жоқ екен?....

    • #22
    • Атанбай
    • сн, 26/11/2014 - 12:07

    Осы қызды көрсем жыным ұстайды. Қарапайым сөздерді айқайлап шегелеп, мұрнын делитіп оқиды. Сондағы оқитыны жай ақпарат . Бір түйені құлататындай, бір ғажап сөйлеп тұрғандай көздері бағжаң бағжаң етіп оқып тұрады. "Дат" газеті де ойлап қалған ғой осылай оқығанда шындықты айтатын тура қыз деп. Бұл әртіс нағыз! Осындай тәрбиесіз, халтурщик қыздарды экранға жолатпау керек! Дана Нұржігіт сияқты нағыз таланттар жүру керек!

    • #23
    • Алмас
    • сн, 26/11/2014 - 13:19

    23-Атанбайға: Әдетте, қай сала болмасын талантқа, үлкен білікті маманға қарсылар, яғни дұшпандар аз болмаған.... Қазір де солай!.....олар кімдер, әрине осы Атанбайлар...Басқа кім болушы еді?......Бұл тек қана белгілі тележурналист Жайнаға ғана қатысты емес, басқа да белгілі әдебиет, өнер қайраткерлеріне жарияланып тұратын жасырын-жымысқы қарсылық, жарияланбаған соғыс....Тасада бұқпантайлап, бұта-бұтаның арасын сығалап оқ ататын "Бекежандар", қазіргінің Атанбайлары мен. Айқындары...Жоғарыда мен айтқандай "Іші тар, қызғаншақ қызыл иттер" талантты азаматты, сирек кездесетін үлкен маманды қалай да "омақа астыруға" не беделін түсіруге тырысып бағады....... Бұл үлкен өкінішке қарай өмірде жиі кездесіп жүрген шындық....Осындай топас жандардың тамырына балта шабатын сәт қашан туар екен дейсің, кейде қамығып....

    • #24
    • Жайна Сламбек
    • сн, 26/11/2014 - 15:02

    Аудиторияның бәріне ұнау мүмкін емес. Ол менің мақсатым да емес. Мен осындай Жайна Сламбекпін. Ешкімге "ежіреңдемеймін" де, "айғайламаймын" да. Бұл менің миымда қорытқанымды, астарлы сөзімді, сөз арасына "тыққан" ойымды барынша ұғынықты етіп жеткізуге тырысқан болмысым. Бірі "мықты" десе, енді бірі "алып бара жатқан түгі жоқ", тағы бірі "нашар" дер. Ол әркімнің құқы. Бірақ адамның намысына тиетін сөз айтуға, қорлық сөзбен мансұқ етуге ешкімнің қақы жоқ. Пікірлердің арасында сондай - жеке басымды қорлайтын сөз-дер бар екен. "Азаматтармен" сөйлесейін десем, олардың кім екені белгісіз. Өздерінің "Атилла" деген "есімдері" қандай...Әттең, аты-жөнін ашық айта алатын, конструктивті сынайтын, мәселенің мәнісіне үңілетін, мәдениетті диалог құратын "Атиллалар" болса ғой. Мені "тілді шұбарлайды" деп жазғандар бар, солай ойлайтындар үшін тағы жазам - тығылып тұрып, тас ату жақсы тенденция емес. Аман болыңыздар!

    • #25
    • Жомарт, Атырау
    • сн, 26/11/2014 - 19:01

    Жайна, Қалқам!
    Тасада тұрып тас атып, ойына келгенін жазып отырған "ерлер" үшін кешірім сұраймын Сізден! Әттең, мынадай пікір жазып отырған пенделерге айтарым көп, бірақ оны тыңдар құлақ, түсінер түйсік, сезінер жүрек болса ғой! Сөзге тоқтау дегеннің атасы өлген сияқты...
    Өзіңізді сыйлайтын, тыңдайтын көрермендеріңіз, Қыз сыйлай білетін Ерлер бар! Тағы да Кешірім сұраймын Сізден! Бақытты болыңыз!!!

    • #26
    • Қызымызды мәпелеген Халық едік қой
    • сн, 26/11/2014 - 19:34

    Уа халайық, «ерлері» бүгінгінің адасқан ба?!
    Бірін-бірі мұқатып, санасқан ба!
    Тас ату, бұқпантайлап жатып алып,
    Ерлеріне Қазақтың жарасқан ба?!
    Жомарт, Атырау.

    • #27
    • Жанар
    • сн, 26/11/2014 - 20:28

    Жайна, әрине жаман журналист емессіз. Бірақ мәтінді ақымақ адамдарға түсіндіріп отырғандай тістеніп, шегелеп оқисыз. Әйтпесе, бәрі жақсы.

    • #28
    • Жанарға
    • сн, 26/11/2014 - 21:19

    Жомарт әрі мейірбан жесір кемпір
    Ұстап апты ауласына келіп қонған бүркітті.
    (Одан мұндай батылдықты кім күтті?)
    Ал Бүркіттің көріп имек тұмсығын
    Кемпір қатты үркіпті.
    Оны өзінше "майысқан" деп ойлапты
    Сөзге келмей пышағын тез қайрапты.
    Имек жерін кесіп, жонып, тегістеп
    Сорлы құсқа бір жақсылық жасауға бел байлапты.
    Гүжім аспан әлеміне айбатты,
    Қайратына тамсандырған аймақты,
    Қайсар қыран тағдыры Ақылсыздау,
    бірақ адал кемпірдің,
    Пышағында ойнапты.
    Кемпір байғұс сыртқа жайып шын сырын,
    "Басы қайтты, - деп қуанды, - қауіптің".
    Жона-жона имек бүркіт тұмсығын
    Тұмсығына ұқсатыпты ол тауықтың.
    Енді бірде бүркіттің
    Өткір, ұзын тырнақтарын аңғарып,
    Басын шайқап тұрып қапты таңданып:
    - Мүшкіл екен, Мүшкіл екен бұл халің,
    Сорлы құсым, егер де мен жолықпасам бағыңа,
    Жетіпсің-ау жүдеп өлер шағыңа,
    - Деп отап ап тастады бар тырнағын.
    **********************************

    - Тағдырыңды қасіретке байланған
    Ап шыға алман, бұл тұйықтан, қайраннан.
    Хош бол, құсым, - деді патша қыранға,
    - Өлген жақсы қасиетін жойғаннан.
    Сонан кейін: - Иә, кемпірім, аман ба?!
    Деп жадырап шыға келді ол табанда,
    - Сендей жомарт адамдар,
    Ауадан да қажет біздің қоғамға.
    Үстем содан мерейің де, бағаң да.
    Шапағатың тиді, міне, маған да.
    Әттең, әттең... осы дарқан пейліңе
    Ақылыңның сай келмеуі жаман да.
    Тұғырыңда тұра алмайсың тағат қып,
    Сөйтіп тағы жасайсың-ау ағаттық.
    Нәрестенің қолындағы қанжардай
    - Ақылсыздың қолындағы жомарттық.
    *********************************
    Жайнаға!
    Тағдырың,
    Түспесін деп әумесердің қолына.
    Егін жұртқа бағалы тек дәнімен,
    Дән саларлық ойларыңды сұрыпта.
    Дос көңілін ұсынғанның бәрінен
    Достық шыға бермейтінін ұмытпа...

    Мұхтар Ш. өлеңінен үзінді

    • #29
    • кәусар
    • бн, 27/11/2014 - 0:45

    Жайнада жасандылық басым.Қымбат апаңнан үйренші дегім келеді

    • #30
    • Гульмира
    • жб, 30/11/2014 - 19:03

    Жайна- талантты журналист. Астана каналын сол үшін көремін. Сорлы қазақ осындай өжет қызыға мақтану дың орнына, өсек теріп, аяқтан шалуды ойлайсыңдар. Ұят емес пе?

    • #31
    • Сараң
    • дн, 26/01/2015 - 23:07

    Жайна да, Бибигүл де журналистер емес. Олар журналист бола алмайды да. Болған да емес. Олар жәй ғана теле жургізушілер ғой бұлны журналаистикамен шатастыруға болмайды. Жолдан қосылғандар ғой. Әншейін сол байқамай "хабарға" шығып қалды да, ары қарай түрлі түрлі киініп боянып сыланып жұлдыз болып кетті. Сөйлесе қалса-ой жоқ, білімділік, көп білушіліктен мүлде ада екен. Сөйлесе алмайсыз өйткені ештеңе біле қоймайды екен...

    • #32
    • Рахмет
    • дн, 02/02/2015 - 3:33


    Теледидарда басқа қазақша "серезный", ой саларлық ештеңе болмағасын ба, әлде оның жүргізген хабары ұнағасын ба, әйтеуір, Жайнаның "Апталық, сараптамалық қортынды бағдарламасын" көруге тырысамын.
    Өзім бұл саланың маманы болмағандықтан журналистерге баға бере алмаймын.
    Маған оның жеке басы мен өмірі емес, оның еліміздің, әлемде болып жатқан өзгерістерді шынайы жеткізген хабары керек.
    Бұл өмірде миллиондаған мамандар бар.
    Солардың жекелеген өмірін, ісін талдап, зерттей беруге менің өмірім жетпес еді.
    Ондай-іспен емес, адаммен алысқан еріккендердің ермегі маған түкте қызық та емес.
    Маған шынайы, түсінікті, қазақша хабарды "шайнап беріп", жеткізгені үшін, Жайнаға мың да бір рахматімді ғана айтамын.

    • #33
    • Апай
    • сб, 21/02/2015 - 22:03

    Жүрегінде халық қамы бар,ұлтын сүйген парасатты, журналист-коментатор ғой,Жайна қызымыз! Өз жерін, өз халқын сүйгендіктен де мақтанышы мол саясатпен жандандыра айта алатын ,өзіне тән өр мінезділігімен танылған өнерлі, өрен жан! Байқағанымыз жөн болар еді , журналист коментаторлар көбінесе, тікелей ашық алаңнан, қаламыздың әсем көшелерінен,табиғаттың не бір өзгешелігінен, суық па, жоқ шыжып тұрған жерлерден, мерекелер мен спорттың қызулы өтіп жатқан жерлерінен, халықтың қуанышты,біріккен у-шуы басым дауыстары бар жерден журналистер сіздерге хабардар ретінде тікелей сұхбат беруі тиісті де кей кезде! Сондықтан елімізде ,журналист-коментатор да өзіміздің қаракөз арулар саусақпен санарлықтай болса егер,неге қадірлемес ке ОЛАРДЫ! "Ежірейген" деп қабылдау біздер жағынан да, өте өрескел тірлік болғаны емес пе екен?!! Коментаторлыққа да - тым майысып,тым жасанды қылықпен күлімсірей беру де ,жараса бермейді,себебі кейбір жеріміздің болып жатқан кемістігін, әрине көрермендерге ашық нықтап, айтумен көрсеткендері . Өр мінезділікпен,жоғарғы дикциялықпен дауыс тонын-нотасын,нығайтып, ашық айтқаны әрине дұрыс! Журналист қыздарыңыздың шындық пен арпалысқан сөздері, кей-кезде бірнеше кемістікті бір оқпен тигендей де болуы тиіс!! Сондықтан Жайнаға халықкөп рахмет айтуда, мен да қосыламын. Өз мамандығының шебері қызымыз! Және де бұл өнер өзіне тән шындық/қазіргі уақытта өте керекті мамандық/ тақырыппен орындалуда! Коментатор, әрі сыншыл журналист болу үшін, қарапайымдылық пен өткірлік және психологиялық ерекше күші бар,сөзін жерге тасататпайтын бейімді, әсем де түр тұлғалылық жағы да болуы тиіс оны да,сәйкестілік ақылдылығы дейді ! Менімше тағы бір баламыз бар, ол балада солай халыққа ұнау да!!

    • #34
    • ома
    • сб, 28/03/2015 - 14:28

    жас өспейді ма көкірек теспейді ма деген мақал бар ғой сол сияқты жастар өсіп жатыр сол себептен болар көбейіп бара жатқаны қалай ойлайсыздар

    • #35
    • сыр бойы
    • бн, 23/04/2015 - 11:39

    Жайна замандасым,
    Конилине еш алма казакта соз бар "Ит уреди керуен кошеди" деген, 90шы жылдардын тендеси жок санаулы журналистердин бирисин, бакытты бол бул омирде отбасыннан артык ештеме жок соны тусингенине оте куаныштымын....

    • #36
    • Серік
    • бн, 07/05/2015 - 23:30

    Жайна Сламбек жоғары дәрежелі журналистер қатарында. кес-келген бағдарламасын қарасаң шындыққа толы, оны жеткізу мәнері қандай десеңізші. Жайна апай сіздің "Біздің уақыт" бағдарламасы қазіргі біздің уақытқа керек бағдарлама, осы бағдарламадан алі талай шындықты ашатын жаңалықтар күтеміз.

    • #37
    • данияр
    • сб, 30/05/2015 - 21:46

    Жайна Сламбекті кішкентай кезімен бері білемін. Өзім жиырма сегіздемін, хабар көретін уақытқа жеткен жасымнан бері білемін, даусы ұнайды. Ұлтық намысы бар, талдауы мен талғамы қатар жүретін əлемдік журналистер қатарына қосамын. Қазақ үшін шынымен де жаны ашиды, кейбір мəселеде шындық айдан анық көрініп тұрады. Сол шынайылықты көремін, мен саясаткер немесе журналистика мамандығынан хабарым жоқ. Бірақ профессионал журналист осылай қарапайым халыққа түсінікті жеткізеді деп ойлаймын. Өте шыншыл, қарапайым, сұлу қазақ қызы. Сыртынан іздеп жүремін əрдайым көрінбей кетсе

    • #38
    • Тусинбейм
    • сб, 14/11/2015 - 23:03

    Мен мынаны тусинбейм анши сазгер актер агаларымыз жургiзiп отырады оган журналистер еш нерсе демей ме

    • #39
    • Гүлдәрия
    • жб, 22/11/2015 - 23:26

    Замандасым, құрбым - Жайна! Сүйікті перзентің мен жұмысың дем беріп, кәсіби біліктілігіңді жоғарылата бер! Деніңе саулық тілеймін. Қалғанын қоя бер.

    • #40
    • ж
    • сб, 13/02/2016 - 20:58

    Жайна тек шынды қты айт.,

    • #41
    • Игілік Серин
    • сн, 02/03/2016 - 11:59

    Жайнадай журналистер керек! Бәрін жоққа шығара берсек неге жетісеміз. Тележурналистерді жақтырмайтын телеарна басшылары ток-шоу , реалити шоу, ұлттық шоу ,"Роза шақырады",бенефис-шоу ,т.б. шоуларды көк жәшікке толтырып тастады ғой. Әртістер мен әншілер жәшік ішінде бір-бірін "жұлдыз" атап, мәз. Жының келеді. Оларға ондай атақты халық өзі беретін еді...

    • #42
    • Акмарал
    • дн, 14/03/2016 - 21:45

    Оте билимди,тили мирдин огындай,ойы ушкыр,керемет журналист.Акылына корки сай,сымбатына ажары сай тележургизуши.


    • #43
    • бұрынғы журналист
    • сб, 30/04/2016 - 0:25

    Жайна, айналайын! Егер өзің болсаң. Яки осы сайтқа пікір қоссаң. Онда, мен өзімнің жеке тұжырымды баяндайын. Поп-журналистика Батыс Европа мен АҚШ- тың БАҚ - шығарып алған коммерциялық жобасы емеспе. Ал, қазақ журналистикасын - не болып кетті, түлен түрттіме! Біздің барлығымыздың әке-аталарымыз өтіп кеткен /цензурасы көп/ КССРО-да өмір кешті ғой. Поп-журналистика деп айтып отырғаның:- "нені жазсаң да - тек ақша тап"- дивизімен өмір сүрген, қазір құрып бара жатқан, жоқ жерден /мүмкін фашизмді ақтап алу үшін/ ойлап табылған мультикультуризм талаптарына сәйкес адасулардың прозаикалық келбеті. Мән бермеңдер. Менен артық білмейсіңдер ғой! Сондықтан да, Ел үшін қажетті ақпаратты басқаша жеткізуге тырысыңдар! Сәлеммен ЧЕ!

    • #44
    • Сайлаубай
    • сс, 10/05/2016 - 12:51

    Поп-Арт -дегенді естуіміз бар еді. Ал, поп-журналист деген бір жетесіз көкшеке, наданның ойдан шығарып жүргені болар. Давай-давай - былықтыра беріңдер! Қай жерден шығар екенсіңдер! Ай-ай, қазекеңдер-ай, еліктегіш!!!

    • #45
    • Тұрғынбекқызы
    • бн, 26/05/2016 - 17:37

    Жайна,құрбым! мен Сені көп жылдан бері теледидар арқылы танимын. Біліміңе, кез келген қазақ журналисінің қолынан келе бермейтін өрлігіңе, табандылығыңа тәнтімін.Қазақтың мықты қызысың! Тележурналистикада жүрген 20 жылда Сенің жүргізген әрбір бағдарламаңды, тіпті бұрынғы Хабардағы әрбір сюжетіңді қалт жібермеуші ем.Аман бол!

    • #46
    • Корермен
    • жб, 26/06/2016 - 2:23

    Биздин уакыт корсетиуинде журналист озбекстандык самса писириуши азаматты кужжаттары болмаганда елине экстрадиция кылынады деп салды. Журналист репортажында колданатын создеринин маганасын билмейтин сиякты. Экстрадиция - баска елдин сот органдарынын тапсырысымен сол елде кылмыс жасаганда кудикти азаматын камауга алыу жане сол елге бериуди назарда тутады. Журналист экстрадициянын орнына депортация созин колданыуы керек еди.

    • #47
    • Солай да солай
    • жм, 12/08/2016 - 10:45

    теледидар саласымен азды-көпті таныстығым бар. Мәселенің шындығына келгенде Жайнаны да, Бибігүлді де, Ләззатты та талантты журналистер деп айту өте қиын, олар ортаң қол немесе одан төмен жазғыштар... Жылтырағанның бәрі алтын емес, көрермен алдымен осыны түсіну керек. Махат Садық сияқты, (бәрінің де стильдері бірдей, жұрттың дайындаған сюжеттерін жинап алып, соған бірер есті-ессіз "талдау" қоса салған болады.) Олар шынымен де өздерін мықтымыз дейтін болса, Егеменнен көрінсін, шыңғырған шындықты айтып, тас-талқан етер талдаулар жасасын... Осыған әлеуеттері жетер ме екен... Жайна жазғанда,кейде сөйлемнің алды-артын алмастырып жібереді. Олардың қалай және қай жерлерімен көтеріліп жүргендерін шын білгілерің келсе журналист қауымынан сұраңдар... Ащы да болса шындық, мұндайлар өз әрекеттерімен талай-талай талантты журналистердің бағын байлап жүргендер...

    • #48
    • Ұстаз болам дегенге
    • жм, 12/08/2016 - 10:53

    Ой, не айтайын енді, шәкірт тәрбиелемекші ме мына Жайна. Жайна секілділерге шәкірт тәрбиелеуге болмайды, олардың қолына түскен оқушылардың тағдыры М.Шахановтың жырындағы бүркіттің күйін кешеді. Мыныдай болады:
    Жомарт әрі мейірбан жесір кемпір
    Ұстап апты ауласына келіп қонған бүркітті.
    (Одан мұндай батылдықты кім күтті?)
    Ал Бүркіттің көріп имек тұмсығын
    Кемпір қатты үркіпті.
    Оны өзінше "майысқан" деп ойлапты
    Сөзге келмей пышағын тез қайрапты.
    Имек жерін кесіп, жонып, тегістеп
    Сорлы құсқа бір жақсылық жасауға бел байлапты.
    Гүжім аспан әлеміне айбатты,
    Қайратына тамсандырған аймақты,
    Қайсар қыран тағдыры Ақылсыздау,
    бірақ адал кемпірдің,
    Пышағында ойнапты.
    Кемпір байғұс сыртқа жайып шын сырын,
    "Басы қайтты, - деп қуанды, - қауіптің".
    Жона-жона имек бүркіт тұмсығын
    Тұмсығына ұқсатыпты ол тауықтың.

    Бұл өте қауіпті... Журналистика ойыншық емес, журналистикаға осы саланың "отымен кіріп, күлімен шығатын" тәжірибелі ұстаздары, ғалымдар тәрбиелеу керек, ұялмай ма, Жайна кім соншалықты...

    • #49
    • ұстаз
    • сб, 05/11/2016 - 4:16

    Білім адам санасына кішкентай кезінен бастап жинақталады. Мектепті жақсы оқығандығы айқын көрініп тұр. Ал ақымақ адамдарға айтып тұрғандай ежіктейді деген кісілерге келіспеймін. Өйткені тыңдаушылардың білім деңгейі бірдей емес. Сондықтан қарындасқа сәттілік тілеймін

    • #50
    • Жанболат Сәрсенбай
    • жб, 18/12/2016 - 0:41

    Жайна өте білімді, алғыр, білікті журналист. Ол, студент кезінен өжет, ешкімге есесін жібермейтін, әділетшіл,бір беткей, ерекше жан. Осыдан 20 жыл бұрын республикалық "Жас Алаш" газетінде өндірістік практикадан өтіп жатқанда, оның жазған бір мақаласы газетте уакытында жарияланбай қалып, студент болса да соны талап етіп, бүкіл редакцияны аяғынан тік тұрғызғаны бар. Сонда сол газеттің ардагер ақсақал қызметкері Бағдат Жандосой атамыз: -Мына қыз, аман болса түбі бір жерден шығатын журналист болады.Көрде тұр, осы айтқанымды кейін айтатын боласыңдар, - деген еді. Сол айтқандай елге танымал, сауатты, білікті, журналист ретінде өмірдегі өз белесін бағындырып келеді...

Пікір қосу

  • 3 + 1 =

Кіру