Жұма, 29 Наурыз 2024
Шынның жүзі 8056 0 пікір 5 Ақпан, 2015 сағат 12:59

ҚАЗАҚТАР, ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫРСЫҢДАР?!

Украина дағдарысы Қазақстандағы орыс ұлтының жағдайына бұрынғыдан мүлде бөлек көзқараспен қарауға мәжбүрлеп отыр. Қазақстанның солтүстігі мен шығысы, негізінен, орыстілді екені, ал бұл аймақты кеңестік дәуірді көксейтіндер «байырғы орыстың жері» деп қарастыратыны жасырын емес. Сауалды төтесінен қоялық, Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін бе?

Қазіргі Украина территориясын тас-талқан етіп, жік-жікке бөліп жатқан Владимир Путин «Орыс әлемі» атты концепцияның отын өшірмеуге тырысуда. Соғыс, жанжал, адам қаны төгілсе де, Кремль бір кезгі «Совет өкіметінің» құрамында болған елдерді уысынан шығарғысы жоқ. Өйткені, ілгеріде айтып кеткен концепция Қазақстанды да қамтиды… Өз басым Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі тарихын жіті зерттеп келемін.

КСРО құлаған тұста Қазақстанда 6 млн-ға тарта орыс болды және жыл өткен сайын олардың саны азая берді. 1991 және 1997 жылдардың аралығында Қазақстаннан 1,2 млн. орыс көшіп кеткен екен, бұл бүкіл ел тұрғындарының 14 пайызы болатын. Ескерер жайт, осы аралықта бұрынғы Кеңес өкіметінің құрамындағы елдерден Ресейге көшіп келген орыстар мен орыстілділердің арасында Қазақстаннан көшіп барғандардың үлесі 40 пайызды құрады. Салыстырар болсақ, Балтық елдерінен тиісінше Ресейге қоныс аударғандардың үлесі сол кездері небәрі 3 пайызды иеленді.

Бұл парадокс: себебі, Қазақстанда көршілес Тәжікстан, Өзбекстандағыдай белгілі бір этнос қысымға ұшырап, қандай да бір ұлтаралық қақтығыстар болған жоқ. Тіпті, болған күннің өзінде бұған «славян» мәселесінің еш қатысы жоқтығын білеміз. 1991 жылғы Президент сайлауында орыс ұлтының 74,8 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.

Содан да шығар, тіл, діл мәселесіне келгенде Қазақстан билігі өте сақ саясат жүргізді және бұл бүгінге дейін жалғасып келеді. 1989 жылғы «Қазақ КСР-ның тілдер туралы» заңында орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде айқындалып, өз кезегінде қазақ тіліне мемлекеттік тіл деген мәртебе берілген болатын. 1995 жылы бұған сәл өзгеріс енгізіліп, Конституциялық Кеңес «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылатын болады» деген шешім шығарды. 1997 жылғы «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңында осы қағида қайта қайталанды. 2004 жылғы «Тілдер туралы» заңда да соншалықты өзгеріс жоқ. Сайып келгенде, Қазақстан билігі дәл осы тіл мәселесіне келгенде аса сақ саясат жүргізіп, керек жерде «иіле» білді.

Бірақ, қазіргі ахуал Қазақстандағы орыс ұлтының жағдайына бұрынғыдан мүлде бөлек көзқараспен қарауға мәжбүрлеп отыр. Қазақстанның солтүстігі мен шығысы негізінен орыстілді екені, ал бұл аймақты кеңестік дәуірді көксейтіндер «байырғы орыстың жері» деп қарастыратыны жасырын емес. Бұл әлдебір нақұрыстардың негізсіз әңгімесі сияқты естілуі мүмкін. Бірақ…Украиндағы жағдай дәл осындай ақымақ гипотезаның өзі бір сәтте шындыққа айналуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев украин дағдарысына қатысты өзінің позициясын нақты көрсетіп, қатты сын айтқаннан кейін, Мәскеу Астанаға қысымды күшейте түсті. Бұдан соңғы уақыттары Руслан Ибраев, Ермек Тайчибеков сынды арандатушылар ұлт пен ұлттың арасына от салатын және қазаққа қарсы бағытталған жазбаларын жиілетіп жіберді. Олардың әлеуметтік желідегі пікірлері тегін емес, тапсырыспен жүзеге асып отырғаны анық.

Өз басым Тайчибековке (суретте) таңмын. Бұл кім және қайдан шыққан? Өзі Қазақстанда тұра ма? Тұтас қазақ ұлтына қарсы топырақ шашатын оның қандай құқы бар? Оның аузын бууға болмай ма? Қазақстандық әріптестеріммен пікір алмасып, жарытымды жауап ала алмадым. Оның жазбалары сіздерді қойып, біздерге де жетті. Қиялында шек жоқ. Өзім қазақ болмасам да, бауырлас ұлттың өкілі ретінде оның жазбаларын оқып отырып, қаным қараяды. Қайда қарап отырсыздар? Оның күні кеше ғана қазақтарды сепаратист деп атап, Ресейге «тәуелсіз Қазақстан жобасын жабу туралы үндеу» тастағанын білесіздер ме? Сенбесеңіздер, оның «facebook» желісіндегі жазбаларын қаз-қалпында берейін: «Казахстан должен стать неотъемлемой частью России, как Астрахань, Омск, Новосибирск. Можно в качестве Семиреченской губернии…», « Я не враг казахам, я за то, чтобы казахский народ вышел на передовой уровень. Это возможно только в составе Российской империи», «С 1991 года я принципиально не смотрю Олимпиаду, так как Советский Союз распался. Как только Казахстан с Россией объединится, я снова стану смотреть Олимпиаду».

Сайып келгенде, бұл адам қазақтың ас-суын іше отырып, өзі қазақ бола тұра қазақ мемлекетіне қарсы шығып отыр. Ал мұны қазақстандық қауіпсіздік қызметі білмеуі мүмкін бе? Тезірек қамданыңдар! Әйтпесе, бәрі де кеш болады…

Заур РАСУЛЗАДЕ, әзербайжан саясаттанушысы

Дереккөзі: http://www.dalanews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553