Сенбі, 23 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 18390 1 пікір 5 Мамыр, 2015 сағат 17:11

ҚЫТАЙЛАР ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА НЕГЕ ҚҰМАР?..

«Әр қазақ ойлануы керек, сіздердің репост жасауларыңызды сұраймын» деп басталатын хат Abai.kz ақпараттық порталының электронды поштасына да келіп түскен екен. Жалпы бұл тақырыпты біздің (авторларымыз Тоғайбай Нұрмұратұлы бастап, т.б.) қоғам талқысына ұсынып жүргенімізге көп болды. «Ойды ой қозғайды деген - осы»: қазақ қыздарына қызыға көз салып, сұлуларымыз туралы сырт елдің сұқтана сөйлеуінің астарында қандай сыр жатқанын Айбану Күнтуарова ханым да жақсы ұқтырыпты. Қараңыз:  

Қазақстан арнасы бірде БҰҰ өкілі, шетелдік әйел Илейн Конкиевичтің біздің мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуін көрсетіп жатыр екен. Неге екенін білмеймін, назарым ауып тыңдадым. Әлгі өкілсымақ әйел: «Қазақтар әлемдегі 146 мемлекеттің ішінен гендерлік саясат жөнінде 32-орынға шықты» деп қол-аяғымызды жерге тигізбей мақтады. Гүлшара ханым қазақ баласының болашағын ойласа, жылауы керек еді, керісінше, мәз болды. Себебін айтайын…

ФРАНЦУЗ ҰЛТЫ ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

 ХIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың соңына дейін Франция мемлекеті Еуропа мемлекеттерінің ішінде бәрінен жоғары тұрды. Франция ғажайыптары бақталас елдердің қызғанышын туғызып, қалайда француз ұлтын жойып, экономикасын құлдырату үшін сан мыңдаған құйтырқы әрекеттерге кірісті. Олар Францияның ғылым мен білімдегі жеткен жетістіктерін оқып, үйреніп немесе жамандап әуре болған жоқ. «Әлемдегі ең сұлу, әрі ақылды, көркем жандар – француз қыздары» деген аңыз шығарды. Содан, әлемнің барлық алаяқ еркектері, ақшасы барлары, көркіне сенгені, ұры-қары, залым, сұрқиялары ағылып келіп француз қыздарын қатын қылды. Француз басшыларын өтірік мақтады. Мәз болған басшылар: «Біз әлемдегі ең толерантты, тыныш, ынтымағы жарасқан, қарқындап дамыған елміз» деп келімсектерге баспана, жұмыс берді. Келімсектер француз қыздарының бірін алып, бірін салып, анада бір бала, мынада екі бала қалып жатты. Әйгілі Франция ақырында ажырасқан қатындар мен шата, метис, дүбәрабалалардың еліне айналып шыға келді. Бір ғасырға жетпей ұрпақ азды, ұлттық құндылық күстаналанып, француздар баяғы атақ-абыройдан жұрдай болды. Әйел азған соң ел тозады. Осы күні бірде-бір елдің еркегі: «Француз қыздары– әлемдегі ең сұлу қыздар» деп өлседе айтпайды. Қазір Франциядан салт-дәстүрін, ұлттық қадір-қасиетін сақтаған таза француз ұлтын таппайсыз. Түгелге дерлік аралас некеден туған, ажырасқан, байсыз бала тапқан, лесбианка, гомик, кәрі қыздар, қойыртпақ, атала, алашұбар отбасылар. Тобырлардан туған ұрпақтар ешқашан өздері тұрып жатқан мемлекетке, оның иесі болып отырған ұлтқа жаны ашымайды.

Тайландта осы Францияның күйін кешті. «Азияда тайлық қыздар керемет сұлу» деген аңыз тарады. Кезінде Азияны дүрсілкіндірген батыр да жаужүрек тайлықтардың еркегі маскүнем, қыздары лесбианка, жезөкшелерге айналды.

Ал, енді өзімізіге оралайық. Жоғарыдағы жайттарды салыстыра келгенде, Сәбина қызымызды қытайлықтар неге мақтады дейсіз? Қазақта Сәбинадан өткен керемет сұлулар да жетерлік. Бұл жерде Сәбинаның сұлулығы әңгіме емес, негізгі әңгіме Қытай мемлекетінің қырық миллион еркегіне қазақтан әйелтауып беру саясатында болып тұр. «Қазақстанға барсаңдар қыздарын өздері қойындарыңа салып береді», «Осындай қыздарды қойындарыңа алып жатасыңдар» - деген үгіт-насихатқа қанша бай қытайдың сілекейі шұбырып жүр екен осы күні?.. Сәбинаны қазақ қызының айнасы етіп, сондықтан әдейі көрсетіп отыр. Осындай жымысқы саясат мысықтабандап ілгері жылжи берсе, миллиондаған аруларымыз қытай саясатының құрбанына айналады. Шетелдіктердің «қазақ қыздары сұлу, әдемі» деп өтірік мақтағанына биліктегілердің түсінігі жетпегеніне қапалымын. Қай ата-бабамыз өз қызын шетелдіктерге көрсетіп, мақтанған еді, олар тауар ма еді, мал ма еді? Қазақстанның «ТАУАРЫ» енді қазақ қыздары болғаны ма? Шетелдіктер солай ойлайды. Олар қазақ қызын не үшін мақтайды? Өз қыздары сонда жаман болғаны ма? Неге қазақ қыздарын өз қыздарынан жоғары қояды? Бұл шын жүректен шыққан шынайы, мейірімді бағалау емес – құйтырқы саясат.

Қазақстанға жұмыс іздеп келген басқа ұлттың еркектері: қытайлықтар жылмиып, еуропалықтар паңданып, орыстар мүләйімсіп, өзбектер иіліп, қазақ қыз-келіншектерінің жатса жастығы, тоңса көрпесі болып жүрген жоқ па? Өздерін сондай «мейірімді», «қайырымды» етіп көрсетіп, «сіз» деп сызылып, мейрам сайын гүл беріп, сыйлық әперіп бәйек болып бас-аяғын жалап отырады. Жүрегі жұмсақ әйел заты осыдан кейін: «Қазақтың еркектерінен мынау артық қой, еркек болғасын бәрібір емес пе?» деген топас түсінік бойын жайлап, күйеуі бары ажырасып, жігіті бары жігітін тастап, байы жоқтар құлай сүйіп, естерінен танып қалады. Әрине, бәрі емес, бірақ осындай ойдың жетегіне еріп, елпілдеп-желпілдейтін жеңілетектер аз да емес.

Өзім тұратын Ақтөбе қаласында қытайлықтар біраз ғимараттар салып тастады. Қаншама мекемелері , компаниялары бар?.. Қазіргі санақ бойынша, Ақтөбе облысында 30 мыңнан астам қытай бар екен. Бірақ, олардың нақты санын билік жасырып отыр. Ал, мигранттар мәселесімен айналысатын Ақтөбе облыстық көші-қон полициясы басқарамсының аузын қытай алпауыттары майлап тастаған. Оларға тек ақша керек, басқа ештеңеде керек емес. Қытай компанияларында қаншама қазақтың қызы жұмыс жасап жүр? Белгісіз. Олар күн сайын қытай құрған қақпанға түсіріп жатыр. Қазақстандағы әрбір қытайдың қазір көңіл көтертін "қазақ қызы" бар. Бұрын қытайлар тығылып, жасырынып жүретін еді. Бұл күнде қазақтың қызын құшақтап ресторан жағалайтын, қонақ үйге баратын халге жетті. Мысалы, өзімнің басымнан өткен жағдайды айтайын. «Великая стена» және ең ірі кәсіпорын СНСП компаниясына «офис менеджері» керек деген соң жай бас сұғып көрдім. Менде жоғары білім жоқ, бірақ жұмыс тәжірибем бар деп айтып едім, «жо-жооқ жұмыс жасай алсаң болды», деп бетіме қарады да «сенің қабылданатыныңа 100 пайыз сенімдімін» деді. Басында өзіміздің қазақтар қабылдайды екен, сосын олар «собеседованиеге» келіңіз» депшығарып салады екен. Ойымда ештеңе жоқ, үмітте жоқ, «оның үстіне жұмыс тәжирбем аз, дипломсыз мені жұмысқа кім алады?» деп қоямын ішімнен. Сөйтіп жұмыс беретін кеңсеге жиналдық 7 қыз. Бір қытай келді, қасында аудармашы қазақ қызы бар. Ананы сұрап, мынаны сұрап жатыр. Арамызда ағылшынша, қытайша білетін қыздар болды. Әлгі қытай: «Жақсы, жұмыс жасай білсендер, бастықтардың көңілдерінен шықсаңдар, жоғары көтерілуге, қытайға саяхаттауға, оқуға жібереміз», -деді. Ұзын сөздің қысқасы– мен жұмысқа қабылдандым. Сөйтсем, бұларға сенің дипломыңда, ағылшынша білмек түгіл әлемнің барлық тілінде сайрап тұрсаңда қажетемес екен. Бойың ұзынша, түрің әдемі болса, болды. Өкініштісі, осындай арбауға қаншама қазақтың қызы ілініп қалып жатыр. Біреуі генеральный директордың көңілдісі болып, енді бірі басқаның көңілдесі болып, қытайға барып, қыдырып, оқуға түсіп жатыр. Жооқ, олар оқуға емес, қытай құрған қақпанға түсіп жатыр. Өзі ғана емес, елінің болашаған да сол қақпанға айдап апарып тоғытып жатыр.

Жалпы, осындай қауіптің алдын алу үшін біз жапондарды өзімізге үлгі тұтуымыз керек. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Жапония білім, ғылым, мәдениет саласында әлемде озық елге айналды. Ұлттық генін сақтап, «жабық есік» саясатын ұстанды. Елге ешкімді, ешқандай еркекті кіргізбеді. Турист болып келген шетелдіктерді бақылап отырып, уақытында елден шығарып жіберіп отырды. Шетелдіктер: «Әлемдегі ең мәдениетті, ең сұлу қыз– жапон қыздары» деп әлемге жар салды. Бірақ, ақылды жапондар ондай ақымақ мақтауға алданбады. Салт-дәстүрін сақтап, қан тазалығы мен ұлттық генін қорғап қалды. Сөйтіп бүгінгі жапон ғажайыптарына жетіп отыр. Бізге де сондай мүмкіндік беріліп тұр. Сол мүмкіндікті уыстан шығарып алмаудың қамы ғана бізді қатты ойландыруы керек.

Айбану Кунтуарова

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364