Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6591 0 пікір 18 Қаңтар, 2016 сағат 16:50

МЕМЛЕКЕТ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ, МҰНАЙЫҢДЫ ТЕҢГЕМЕН САТ

Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы бүгін 372,58 теңгені құрады.

Бұл Қазақстанның Ұлттық банкінің дүйсенбі, қаңтардың 18-не белгілеген ресми бағамынан 11,68 теңгеге қымбат. Алматының валюта айырбастау бекеттерінде доллар 375 теңгеден сатылуда.

Теңге мұнайдың арзандауының әсерінен әлсіреуде. Brent маркалы мұнайдың баррелі әлем нарықтарында Ираннан санкциялар алынып тасталған соң одан әрі құлдырауда. 

Қош! Тәуелсіз елдің теңгесіне төнген қауіпті сейілту үшін не істеу керек? Бұл сұраққа экономика сарапшысы Мақсат Сералы былай жауап береді.

Мақсат Сералы, экономист:

- Кезінде қытайдың экономист сарапшысы Генри Лю: "Мен Қазақстанды 1 жылдың ішінде бай қыла аламын" деген екен. Сонымен "ол не депті?" деп жазғандарына көз жүгіртіп көрдік. Сөйтсек сарапшы біздің үкіметке жалпы есі дұрыс дүние айтқан екен. Экономистің сөзінше, Қазақстан экономикасын көтерудің бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі – елдегі мұнайды теңгемен сату. Нәтижесінде мемлекеттің долларға тәуелділігі төмендейді. Ол мұндай кеңесті кезінде Қытай үкіметіне бергенін, қытайлар қазіргі уақытта сыртқы сауданы төл валюталары – юаньмен жүргізуге көшіп жатқанын айтады.
"Мен антиамерикандық емеспін, – дейді Генри Лю. – Америкалықтар қазір мұнайларыңызды доллармен сатып алып жатыр. Егер "қара алтынды" теңгемен сатсаңыздар, олардың активтері сіздердің қолдарыңызға өтеді. Неліктен? Себебі олар мұнайдан бұрын сіздерден теңгені сатып алады. Ал теңгенің валюталық курсы Қазақстан Ұлттық банкінің қолында".
Генри Людің айтуынша, басқа мемлекеттер де Қазақстанның теңгесін сатып ала бастайды, өйткені теңге оларға мұнай сатып алу үшін керек. Осындай қадамдарға бару арқылы елдің ішкі дамуын, валюта нарығындағы позициясын нығайтуға болады. Ал егер теңге халыққа жетпей жатса, оны көп қылып эмиссиялауға (басып шығаруға) мемлекет құқылы, өйткені төлем жеткіліксіз болып жатса, америкалықтар да долларды басып шығара береді.

Десек те, мұнайды теңгеге сату үшін кем дегенде 40-50 пайыз отандық өніммен ішкі нарықты қамтаммасыз ету керекпіз, олай болмаса мұнай сатудан түскен теңге массасы ішкі нарықта гипер инфлякцияны тудырады. Теңге айналымын күшейту керек, ол үшін мұнайдан түскен табысты өндіріске жұмсау керек.

Теңге - Қазақстан тәуелсіздігінің басты нышаны. Егер де теңгеден айрылсақ, азаттығымыз да қолдан сусып кетуі мүмкін. Сондықтан, мемлекетіміз теңгені сақтау үшін қолдан келген бар мүмкіндікті жасауға тиіс. "Мұнайды теңгемен сату" мәселесі де осындай қысылтаяң сәтте айтылып отырған - идея. Ол идея қолдау таба ма, таппай ма?! Мәселе сонда... 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435