Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6652 0 пікір 1 Мамыр, 2016 сағат 15:04

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ ОРЫС ТІЛІН ҚОЛДАУ МА?

«Еуразиялық мониторинг» еурзаиялық экономикалық одақтың сараптамалық зерттеу орталығы сайтына Еуразия ұлттық университетінің жалпы тілдерді меңгеру және аударма теориясы кафедрасының профессоры, Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми сарапшылар кеңесінің мүшесі Нұрсұлу Шәймерденова  (суретте) сұхбат беріпті.

Нұрсұлу ханым білім реформасында жасалып жатқан үштілділік реформасын қолдайтынын айта келіп, өз ұғымында түсіндіреді. Мәселен, былай дейді: «Біз Балтық жағалауы елдері, Грузиядағыдай орыс тіліне қатысты ұстанымымыздан айырылып қалмауымыз керек. Орыс тілі біздің лингвистикалық, мәдени, экономикалық капиталымыз болып қала береді».

Профессормен сұхбаттасқан журналист Жанар Тулиндинова (суретте) да әр сұрағын Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы мен болашағына алаңдаушылықпен қойыпты. Мысалы, бір сауалында: «Бұл реформалар орыс тілін Қазақстан мектептерінде шет тілі ретінде оқуға алып келмей ме?» дейді. Бұл сұраққа жауап берген Нұрсұлу Шәймерденова : «Көріп отырғанымыздай, қазақ тілі мәдени мұраның, этникалық біртектіліктің және мемлекеттік тіл болып қала береді. Орыс тілі - маңызды коммуникативті және мәдени капитал тілі екенін көрсетіп келе жатыр».

Жалпы, сұхбаттың мазмұны үштілділік болғанмен, Қазақстандағы орыс тілі төңірегінде өрбіген.

Бәрімізге мәлім, Еуразиялық одақ – экономикалық одақ. Тіл одағы емес. Биліктің сипаттауынша, саяси да одақ емес. Алайда, еурзаиялық экономикалық одақтың сараптамалық зерттеу орталығының Қазақстандағы білім реформасы мен елдегі орыс тілінің жағдайында не шатағы бар? Одақ – экономикалық одақ. Демек, оған қарасты сараптамалық зерттеу орталығының да жұмысы экономика саласына ғана қатысты болмай ма? Сонда «Еуразиялық мониторинг» тіл мәселесіне килігіп, сұхбат алып,  сол арқылы орыс тілінің жағдайына алаңдаушлығын білдіріп, өз миссиясынан ауытқып, кімнің мүддесін қорғап отыр? Біз білсек, Ресейдің мүддесін қорғап отыр. Оған себеп, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар аталған одақ құрылғанда-ақ, оның саяси сипаты басым болатынын айтып, қауіптенген. Енді, міне, елдегі тіл мәселесіне кірісіп жатыр. Оған Грузия, Балтық елдері секілді Қазақстан орыс тіліне қатысты ұстанымынан айырылмау керек деп сұхбат беруші де жанығып шыға келіпті. Сонда орыс тілі қолдану аясы тарылған, өз тілдеріне үстемдік берген Грузия мен Балтық елдері сорлап отыр ма, әлде өркениет көшінен қалып, мәдениетін жоғалтты ма? Мысалға да мән берген жөн.

Журналист те, сұхбат беруші де орыс тілін шет тілі деп есептемейтіндері көрініп тұр. Сонда орыс тілі шет тілі болмайтындай, Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономия ма?

Міне, «Еуразиялық мониторинг» еурзаиялық экономикалық одақтың сараптамалық зерттеу орталығы «экономикалық» «сараптамалық зерттеу» жұмысы. Кімнің мүддесіне нені зерттеп, ненің шашбауын көтеріп жүргені көрініп тұр...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394