2026 жылғы футзал Еуро финалына өзгерістер енгізілді

Футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу форматына ресми өзгерістер енгізілді.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, бұл жөнінде UEFA атқарушы комитеті арнайы шешім қабылдады.
Бұған дейін турнирді бірлесіп қабылдайтыны белгілі болған Латвия мен Литва өз мәртебесін сақтап қалды. Ал Словения үшінші қабылдаушы ел ретінде бекітілді.
Қатысушы елдер мен инфрақұрылымдық мүмкіндікті жан-жақты сараптағаннан кейін атқарушы комитет Словенияны таңдады. Любляна қаласы 2018 жылғы турнирді жоғары деңгейде өткізген еді. Мол тәжірибесі және заманауи инфрақұрылымымен ерекшеленді. Сондай-ақ Словения футбол қауымдастығы жобаны толық қолдайтынын білдірді.
Жаңа формат бойынша A тобының матчтары мен бір ширек финал Ригада (Латвия) өтеді. B тобы мен бір ширек финал Каунаста (Литва) болады. Құрлықтық додада Словения 18 ойынды қабылдайды. C және D топтарының матчтары, екі ширек, жартылай финал, үшінші орын үшін кезедсу мен финал «Арена Стожице» алаңында болады. Оған қоса үшінші турдағы екі топтық ойын «Тиволи Арена» кешенінде қатарынан өткізіледі.
Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу кезеңінің плей-оффына қатысады. Өтпелі ойындарының жеребесі 3 шілде күні өтеді. Плей-офф ойындары 15-24 қыркүйекке жоспарланған.
Abai.kz