Сейсенбі, 1 Шілде 2025
Маңызды 248 0 пікір 1 Шілде, 2025 сағат 11:51

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салды

Сурет: informburo.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды.

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.

Бет жабатын киімді тек осы жағдайларда киюге рұқсат:

  • заң талаптарын орындау кезінде;
  • қызметтік міндеттерге байланысты;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша;
  • қолайсыз ауа райынан қорғану үшін;
  • азаматтық қорғаныс мақсатында;
  • спорттық немесе мәдени іс-шараларға қатысушылар үшін бетті жабуға рұқсат етіледі.

Бұл талаптар «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында бекітілді.

Abai.kz

0 пікір