Қауіп еткеннен айтамын

ТЕРАКТІЛЕРДІҢ АРТЫНДА РЕСЕЙ ТҰР МА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Теракт. Бұрындары БАҚ-тан бұл сөзді сирек естуші едік. Ендігі құлағымызға үйреншікті сөзге айналып кеткені өтірік емес. Күн сайын әлемнің әр қаласында жарылыс, атыс-шабыс, қолдан ұйымдастырылған апаттар орын алуда.

Тізбелеп көрсек осы айдың ішінде Бангладештің Дакка қаласында теракт болып 28 адам өлді. Францияның Ницце қаласында (80 адам өлді), Түркияның Ыстамбұл қаласында (50-ге жуық адам өлді), Ыстамбұлда тағы да атыс болды (10 адам өлді), Анкара қаласының қақ ортасында атыс болды (28 адам өлді), Анкарадағы автобус паркінде жарылыс болды (37 адам өлді), Германияның Ансбах қаласында теракт болды (12 адам ауыр жарақат алды), Мюнхен қаласында жарылыс болды (9 адам өлді), Фринхайм қаласында теракт болды (50-ден астам адам жарақат алды), Алматыда теракт болды (6 адам өлді), Ирактың Бағдат қаласында теракт болды(292 адам өлді) т.с.с. Ертең тағы бір қалады, тағы бір мемлекетте теракт болады. Таң қалмаймыз. Осының артында әлдекімдердің тұрғаны ақиқат.

Қазіргі таңда барлық террористік актілерді ИШИМ-ге теліп қою қалыпты құбылысқа айналды. Ал ИШИМ-мен жалғыз күресіп жүрген қаһарман – Ресей. Соны желеу етіп, Сирияға да әскерін кіргізді, Түркиямен де кектесіп қалды. Сенерсіз, мүмкін сенбессіз, бірақ Ресей ИШИМ-ді қолдаушылардың қатыранын емес пе? Өйткені содырлар шайқасының артында «мұнай соғысы» әм пайда тартысы тұрғаны анық қой.

(Мария Захарова)

Жақында Ресей Сыртқы істері министрінің өкілі Мария Захарова БАҚ-қа мәлімдеме жасады. Өз сөзінде Захарова ханым: «терактілерге қарамастан Батыс елдері бізбен серіктес болғысы келмейді»,деп қалды.

«Біз әрдайым айтып келеміз. Қазір  терроризмге қарсы күресте бірқатар елдермен жасасқан екіжақты келісімдер күшіне енбей тұр. Мысалы, Ресей – НАТО кеңесі дәл осы мақсатта бірлесе отырып күрес жүргізу жоспары бар еді. Біздің батыстық достарымыз бұған құлық танытып отырған жоқ. Қазір еуропаның өзінде терактілер орын алып жатыр. Соған қарамастан Батыс елдері бізбен күш біріктіруге құлықсыз»,-депті Мария Захарова.

РИА Новости материалында Ресей СІМ өкілі Мария Захарова контртеррористік жұмыстар жүргізуде Батыс елдері Ресеймен күш біріктіруге мүлдем қарсы екендігін жеткізген. Егер Ресей әскери әл-ауқаты күшті болса, антитеррористік күрес тактикасы жоғарғы деңгейде болса, Батыс елдері не үшін бас тартып отыр?

РЕСЕЙ ШЫНЫМЕН ЖАРЫЛҚАУШЫ МА, ӘЛДЕ ПАЙДА ТАБУДЫҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ МЕ?

Ал Түркияның Әділет министрі Бекір Боздақ елдегі терактілердің арытнда кімнің тұрғанын білетінін, алайда белгілі себептерге байланысты бұл ақпараттың жасырын түрде қалатынын айтты. Әрине, Түркия мен Ресей арасындағы алауыздық енді-енді суып келе жатқанда екі мемлекеттің ортасына от салу ойымызда жоқ. Дегенмен, арадағы талас-тартыстың соңы терактімен аяқталғанын БАҚ жазуда.

Ал Ресейдің агрессиялық саясатының жарқын көрінісі Украина мен арадағы жанжал болғаны белгілі. Мыңдаған адамның өмірін жалмаған жанжал әлі аяқталған жоқ. Ресей аннекциялап алған территориялардан өзге, соғыс шаралары жалғасып жатқан Донецк, Луганск жерлерінде жарылыстар күн сайын орын алуда. Бұдан бөлек Ресей армиясы Сирия жеріне кіріп, бомбалау операцияларын жүргізген еді.

Күні кеше ғана Ақтөбе қаласында атыс болғанда ресейлік саясаткерлер жағдайды тұрақтандыру үшін әскери көмек беруге асығып отырғандарын жеткізді. Тіпті, Алматыдағы шетін оқиға кезінде де РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, жағдайға алаңдап отырғандықтарын жеткізді.

Пост-кеңестік елдердегі шетін оқиғаларға Ресей әскери көмек көрсетугі құлшынып-ақ тұрады. Хош. Сонда Ресейге бұдан келетіп пайда қандай? Ресей шынымен де жарылқаушы ма, әлде бұл да пайда табудың тың тәсілі ме?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

18 пікір 1189 рет оқылды Қосылған: 27.07.16
    • #1
    • 1
    • сн, 27/07/2016 - 15:54

    Нұрзат Тоғжанның есі дұрыс па?
    Нағыз русофоб екен...

    • #2
    • Мақсұт
    • сн, 27/07/2016 - 16:01

    Ресеймен арадағы саясатқа салқындық түссе, бітті -еліңде "теракт" бола бастайды. Еліңде әлдеқандай бір төтенше жағдай бола қалса, бітті -Ресей өзінің "көмек қолын" соза бастайды.

    • #3
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 27/07/2016 - 16:12

    Пайдасы сол - "орысымды қорғаймын !" деп, Қазақстанға "зелёный человечиктерін" кіргізеді.
    Сосын отыра бер : "біз толерантпыз, бізде 140 ұлт пен ұлыстар тату-тәтті жасап жатыр" деп.

    • #4
    • Авторға
    • сн, 27/07/2016 - 16:23

    Ешқандай шындыққа сәйкес келмейтін нәрсені неге жазасың? Алдымен сауаттылық керек. Захарова РФ сыртқы істер министрінің орынбасары емес, болмайды да. Ал батыс пен араб елдеріндегі терактілердің артында АҚШ-ЦРУ тұр. Біздің де селдір сақалын шошаңдатқандардың артында сол қуыршақ ойнатушылар тұр. Бірақ біздің сақалдылар оны өздері де сезбейді, білмейді. Мақаланы ойланып, анализ жасап, тек жалғыз Есенғалидың, сол сияқтылардың ғана көңілінен шығу үшін жазбасайшы, ұят қой.

    • #5
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 27/07/2016 - 17:05

    Россия ведет против Запада "войну нового поколения" - The New York Taims

    ua24ua.info/rossiya_vedet_protiv_zapada_voynu_novogo_pokoleniya_the_new_york_taims/

    • #6
    • pikir
    • сн, 27/07/2016 - 18:24

    2maqsut turasyn aitypsyz men de solai dep oilaimyn

    • #7
    • ШАЛА Казахпын
    • сн, 27/07/2016 - 19:24


    90 % терактыны КГБ-шниктер жасайды.

    • #8
    • https://www.youtube.com/watch?v=ptKpcS3B-as
    • сн, 27/07/2016 - 19:36

    https://www.youtube.com/watch?v=ptKpcS3B-as

    • #9
    • Мақсұт
    • сн, 27/07/2016 - 20:50

    4 ші! Мен Сіздің пікіріңізге қосыламын. Америка, ЦРУ... т. тағылардың да өз "ойындары" бар. Оның "БАР "екенін ФСБ, ГРУ, Путинде біледі. Бірақ айырма мынада -Батыс әлемі мұндай "ойындарын" адамдар тғдырына алаңдай отырып жасаса -кешегі КГБ, бүгінгі -Путин көзсіз кеудемсоқтықпен "прямой" кетеді! Оларға өздерінің құндары көк тиын болғасын адам өмірі түкке тұрмайды. "Өз бетін аямаған кісі бетін қан қылады" -деген сол! "Түркияда соңғы кездері терактілер неге көбейіп кетті "-деп таң қаламызда қоямыз??? С Аравиясымен Орыстардың арасы суықтағасын көп ұзамай Меккеде жарылыстар болды...? Кімнен көрерсіз? Антакиялық Есенғали ма екен? №4 азамат солай түсінетін секілді.

    • #10
    • Есенғали, Антакиядан
    • сн, 27/07/2016 - 21:06

    Орыстардың допинг қабылдаған спортсмендері (жалпы спортсмендердің 90 пайызы) Рио олимпиадасына бармайтын болды.
    Исинбаева деген (орыс армиясының майоры) жылағанда етеге жасқа толып, өкіріп отыр.
    Жарылыстың көкесін енді Риода көресің, қортық "стратегтің" погонды ләшкерлері сау болсын !

    • #11
    • http://www.kasparov.ru/material.php?id=57926D3A19180
    • сн, 27/07/2016 - 22:16

    http://www.kasparov.ru/material.php?id=57926D3A19180

    • #12
    • http://www.kasparov.ru/material.php?id=57977DEDF044A
    • сн, 27/07/2016 - 22:17

    http://www.kasparov.ru/material.php?id=57977DEDF044A

    • #13
    • Мақсұт
    • сн, 27/07/2016 - 22:33

    Есенғали мырза! Көріпкелсіз! Егер айтқаныңыз келмесе -бір ай бойы НӘНді мақтайтын боламын!

    • #14
    • Есенғали, Антакиядан
    • бн, 28/07/2016 - 6:20

    Мақсұт інім !
    VADA-ның әшкерелеуінен кейін "мстительный" ватник кек қайтармай қарап отыра алмайды, ол - соқырға таяқ ұстатқандай белгілі жағдай.
    Эгоист ватниктер әлемге масқара болды, менмен, тәкаппар орыс үшін бұл өліммен бірдей жәйт.

    • #15
    • https://en.wikipedia.org/wiki/Alexander_Litvinenko
    • бн, 28/07/2016 - 8:50

    https://en.wikipedia.org/wiki/Alexander_Litvinenko

    • #16
    • А?
    • бн, 28/07/2016 - 9:52

    Аптор не шегесiн?

    • #17
    • 16-ға
    • бн, 28/07/2016 - 13:16

    Ой, күлгенім-ай!!!

    • #18
    • жынды 16-ға
    • жм, 29/07/2016 - 13:34

    Аптор не шегесін? Аптор шегпеиді тек кез келген сен сияқтыларға сұғады

Пікір қосу

  • 9 + 31 =

Вход