Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 5752 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 15:17

ТЕРАКТІЛЕРДІҢ АРТЫНДА РЕСЕЙ ТҰР МА?

Теракт. Бұрындары БАҚ-тан бұл сөзді сирек естуші едік. Ендігі құлағымызға үйреншікті сөзге айналып кеткені өтірік емес. Күн сайын әлемнің әр қаласында жарылыс, атыс-шабыс, қолдан ұйымдастырылған апаттар орын алуда.

Тізбелеп көрсек осы айдың ішінде Бангладештің Дакка қаласында теракт болып 28 адам өлді. Францияның Ницце қаласында (80 адам өлді), Түркияның Ыстамбұл қаласында (50-ге жуық адам өлді), Ыстамбұлда тағы да атыс болды (10 адам өлді), Анкара қаласының қақ ортасында атыс болды (28 адам өлді), Анкарадағы автобус паркінде жарылыс болды (37 адам өлді), Германияның Ансбах қаласында теракт болды (12 адам ауыр жарақат алды), Мюнхен қаласында жарылыс болды (9 адам өлді), Фринхайм қаласында теракт болды (50-ден астам адам жарақат алды), Алматыда теракт болды (6 адам өлді), Ирактың Бағдат қаласында теракт болды(292 адам өлді) т.с.с. Ертең тағы бір қалады, тағы бір мемлекетте теракт болады. Таң қалмаймыз. Осының артында әлдекімдердің тұрғаны ақиқат.

Қазіргі таңда барлық террористік актілерді ИШИМ-ге теліп қою қалыпты құбылысқа айналды. Ал ИШИМ-мен жалғыз күресіп жүрген қаһарман – Ресей. Соны желеу етіп, Сирияға да әскерін кіргізді, Түркиямен де кектесіп қалды. Сенерсіз, мүмкін сенбессіз, бірақ Ресей ИШИМ-ді қолдаушылардың қатыранын емес пе? Өйткені содырлар шайқасының артында «мұнай соғысы» әм пайда тартысы тұрғаны анық қой.

(Мария Захарова)

Жақында Ресей Сыртқы істері министрінің өкілі Мария Захарова БАҚ-қа мәлімдеме жасады. Өз сөзінде Захарова ханым: «терактілерге қарамастан Батыс елдері бізбен серіктес болғысы келмейді»,деп қалды.

«Біз әрдайым айтып келеміз. Қазір  терроризмге қарсы күресте бірқатар елдермен жасасқан екіжақты келісімдер күшіне енбей тұр. Мысалы, Ресей – НАТО кеңесі дәл осы мақсатта бірлесе отырып күрес жүргізу жоспары бар еді. Біздің батыстық достарымыз бұған құлық танытып отырған жоқ. Қазір еуропаның өзінде терактілер орын алып жатыр. Соған қарамастан Батыс елдері бізбен күш біріктіруге құлықсыз»,-депті Мария Захарова.

РИА Новости материалында Ресей СІМ өкілі Мария Захарова контртеррористік жұмыстар жүргізуде Батыс елдері Ресеймен күш біріктіруге мүлдем қарсы екендігін жеткізген. Егер Ресей әскери әл-ауқаты күшті болса, антитеррористік күрес тактикасы жоғарғы деңгейде болса, Батыс елдері не үшін бас тартып отыр?

РЕСЕЙ ШЫНЫМЕН ЖАРЫЛҚАУШЫ МА, ӘЛДЕ ПАЙДА ТАБУДЫҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ МЕ?

Ал Түркияның Әділет министрі Бекір Боздақ елдегі терактілердің арытнда кімнің тұрғанын білетінін, алайда белгілі себептерге байланысты бұл ақпараттың жасырын түрде қалатынын айтты. Әрине, Түркия мен Ресей арасындағы алауыздық енді-енді суып келе жатқанда екі мемлекеттің ортасына от салу ойымызда жоқ. Дегенмен, арадағы талас-тартыстың соңы терактімен аяқталғанын БАҚ жазуда.

Ал Ресейдің агрессиялық саясатының жарқын көрінісі Украина мен арадағы жанжал болғаны белгілі. Мыңдаған адамның өмірін жалмаған жанжал әлі аяқталған жоқ. Ресей аннекциялап алған территориялардан өзге, соғыс шаралары жалғасып жатқан Донецк, Луганск жерлерінде жарылыстар күн сайын орын алуда. Бұдан бөлек Ресей армиясы Сирия жеріне кіріп, бомбалау операцияларын жүргізген еді.

Күні кеше ғана Ақтөбе қаласында атыс болғанда ресейлік саясаткерлер жағдайды тұрақтандыру үшін әскери көмек беруге асығып отырғандарын жеткізді. Тіпті, Алматыдағы шетін оқиға кезінде де РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, жағдайға алаңдап отырғандықтарын жеткізді.

Пост-кеңестік елдердегі шетін оқиғаларға Ресей әскери көмек көрсетугі құлшынып-ақ тұрады. Хош. Сонда Ресейге бұдан келетіп пайда қандай? Ресей шынымен де жарылқаушы ма, әлде бұл да пайда табудың тың тәсілі ме?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562