Жұма, 17 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 4125 0 пікір 9 Қыркүйек, 2016 сағат 15:11

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАМАҚ

Отбасы күніне орай қыркүйек айының 7-сі мен 8-і аралығында бүкіл Қазақстан аумағында «Үйдегі тыныштық» ұранымен акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты дәстүрлі отбасылық құндылықтар мен қоғамның адамгершілік негіздерін жандандыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен оларға заңгерлік кеңестер беру, халықтың  полицияға деген сенімін нығайту, сондай-ақ жұртшылықты аймақтардағы дағдарыс орталықтары мен сенім телефондарынан хабардар ету.

«Іс-шара дәрістік жоба түрінде өтті. Шара барысында Алатау ауданында полицейлер үкіметтік емес ұйымдардың еріктілерімен бірлесе отырып дәрістер, акциялар өткізіп, отбасындағы тыныштықтың қаншалықты маңызды екенін айтты. Жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күні Алатау аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен барлық оқу орындарының жоғары сынып оқушылары арасында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» және «Махаббат пен адалдыққа орын бар» тақырыптарында дәрістер өткізілді»,- деп мәлімдеді Алматы қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшенің аға инспекторы, полиция подполковнигі Майя Тоқсанова.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің имиджін арттыру мақсатында, «Отбасы – Қазақстан Республикасының негізі» жобасы шеңберінде жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып, полиция қызметкерлерінің үлгілі отбасыларын марапаттау бойынша салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Соның ішінде ерлі-зайыптылардың екеуі де полиция қызметкері болып табылатын Әміреновтер отбасы бар. Отағасы Әміренов Медет Алатау аудандық ІІБ әскери және қызметтік дайындық бойынша аға инспектор болып жұмыс істейді, ал оның жұбайы Қанабатырова Әсел – осы бөлімшенің мектеп инспекторы. Ол тек өз балаларының тәрбиесімен ғана емес, профилактикалық есепте тұратын балалардың да тәрбиесімен айналысады. Бұл отбасы құқыққорғау органдарының жас қызметкерлері үшін үлгі болып табылады. Ерлі-зайыпты Әміреновтер өздерінің отбасылық қарым-қатынастарын жоғары бағалайды. Олар үшін жанұялары – сыйластық пен жарастық орнаған кішкентай Отаны. Сөз соңында айтарым, әрбір отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,- деп өз сөзін тұжырымдады подполковник Тоқсанова.

Гүлнар Жаманқұлова,

Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2238
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636