Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 5848 0 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 16:59

ҚАЗАҚСТАН БАТЫС ЕУРОПА-БАТЫС ҚЫТАЙ КҮРЕ ЖОЛЫНАН ҚАНША ПАЙДА ТАБАДЫ?

Астанада «SarapTime» сарапшылар клубы «Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздік: заңсыз саудадан адал кәсіпке?» тақырыбында кезекті отырысын өткізді. Отырысқа Қаржы министрлігіне қарайтын мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин және экономика жөніндегі сарапшылар, депутаттар қатысты.

Қазіргі таңда Қазақстан өзінің географиялық орналасу ерекшелігіне орай аймақтағы ең ірі транспорт хабы болу мүмкіндігіне ие.

Қазірдің өзінде негізгі бағыттарда транзиттік жүк тасымалымының көлемін ұлғайту үшін жол көлік инфраструктурасы дамытылып жатыр. Мемлекет жүк тасымалы нарығын жетілдіру мен дамытуға тікелей қолдау жасап келеді. Бұл үшін өкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу керек. Өкілетті экономикалық оператор ол – белгілі шарттарға сәйкес келетін және кеден заңнамасында көрсетілген арнайы жеңілдіктерді пайдалануға құқы бар заңды тұлға.

ӨЭО берілетін жеңілдіктер:

  • Тауардың операторда уақытша сақталуы;
  • Бірінші кезекті рәсімдеу
  • Транзиттік жағдайда кеден салығы мен баж салығынан босату;
  • Әр кезеңде декларация жасалып отырса, кеден салығы мен баж салығынан босату;
  • Оператордан тауар босату, кеден операциясын жүргізу;
  • Қауіптермен жұмыс істеу жүйесіндегі құннан шығару;
  • Кеден декларациясын бергенге дейін шығару;
  • Ішкі транзиттен босату;

 

Қазақстанда транспорт қызметі нарығының дамуы отандық бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашады. Мемлекет кәсіпкерлердің өкілетті экономикалық оператор мәртебесімен ірі компаниялардың жүк тасымалына қатысқан қалайды әрі қолдайды. Алайда, бүгінгі күнге дейін өкілетті экономикалық оператор мәртебесін бес-ақ отандық заңды тұлға алды.

«SarapTime» сарапшылар клубындағы отырыс барысында мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Қазақстан арқылы өтетін транзит жайына тоқталды.

Дәулет Ерғожин, Қаржы министрлігі, мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы:

- Біз қарапайым есеп жасадық. Егер жүк оңтүстік бағытта жүрсе, мәселен, Қытайдың оңтүтүстігінен Алматы арқылы Иран, Түркия әрі қарай Еуропаға бара жатса, іс жүзіндегі деректерге сәйкес, 2989 көлік жанар-жағар майға 287 млн теңге, азық-түлік, тамақтануға 26 млн. теңге тастап кетеді. Яғни, оңтүстік бағыттағы бір ғана жүк керуені Қазақстанға 314 млн. теңге әкеледі. Және бұл қаражат әлдебір жиырма топтың ішінде қалған жоқ, керісінше, ҚР азаматтарына теңдей бөлініске. Ал, егер алты айды алсақ, онда статситика бойынша 790 млн теңге түскен. Бұл Батыс Еуропа-Батыс Қытай  халықаралық транзит күре жолының қосылмай тұрғанындағы есеп.  Ал, бұл жол қосылғанда жүк тасымалы керуені кем дегенде үш есеге артады! Яғни, жарты жылда тек жүк машиналарының жүріп өткенінің өзінен-ақ, еліміз 34 млрд. теңге таза пайда табады. Міне, осындай зор мүмкіндік. Бізге транзит жағдайын жасау керек. Ірі транспорт логистикалық компаниялар Қазақстанға келуге әзір. Бұл инвесторларды логистикаға орналастыру керек. Егер олар орналасса, онда ондаған, мыңдаған жыл жұмыс істеп, үнемі кіріс әкеліп отырады.

Міне, Қазақстанның географиялық орналасу өте үлкен экономикалық мүмкін беріп отырған Дәулет Ерғожиннің сөзінен-ақ аңғаруға болады. Яғни, күре жолдың бойы жанданса, жол бойына орналасқан ауыл-аймақтың тамырына қан жүгіріп, тірлігі оңала түседі.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590