2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының Қазығұрт ауданында орындалуы бойынша ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалында аудан әкімі Б.Қыстауов мәлімдеме жасады.
2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
Тұңғыш Президент күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткен мәдени шараларда дәріптелді. Бұл туралы Abai.kz сайты «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
Шымкент қаласындағы Бейнелеу өнері мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы және Оңтүстік» атты фотокөрме ашылды.
2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
Шараға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, құттықтау лебізін жеткізді.
2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
«Сыбайлас жемқорлықтың алдына алуда БАҚ-ның, журналистердің кинематографиялық мекемелердің, мәдениет қайраткерлерінің рөлі» тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бейне байланыс жүйесі ашық келісім алаңы өтті.
2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
Шымкент қаласындағы Ардагерлер үйінде «Ізгілік» сыр-сұхбаты отауының кезекті отырысы өтті. Басқосуда «БАҚ-тағы цензура және журналистің ар-ұяты» тақырыбында қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газеті.
2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Кентау қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №19 политехникалық бағыттағы мектеп-лицей базасында 2015 жылы 19 қарашада ««Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері және «Өзін-өзі тану» кабинетін жабдықтау жолдары» тақырыбында өткізілген облыстық семинарға «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығынан Адамның үйлесімді дамуы институтының аға ғылыми жетекшісі, «Өзін-өзі тану» оқулығының авторы Акимбаева Жазира Жайлаубекқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПКБАИ басшысының орынбасары М.Ақтаев, «Өзін-өзі тану» және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ғ.Жүсіпова, бөлімнің бас маманы А.Биболова және 15 аудан, қала білім бөлімдерінің әдіскерлері, мұғалімдері, тәрбиешілері, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Түлкібас ауданында 4 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар ашылып, ел игілігіне берілді