Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3821 0 пікір 2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОҚО-ДАН АҚПАРАТТАР: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ

«Сыбайлас жемқорлықтың алдына алуда БАҚ-ның, журналистердің кинематографиялық мекемелердің, мәдениет қайраткерлерінің рөлі» тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бейне байланыс жүйесі ашық келісім алаңы өтті.

Оның мақсаты – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен тәрбиелеуге жағдай жасау. Шара барысында ҚР кинематографиялық ұйымдарының және БАҚ-тың белсенділері сөз алды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз хатшысы А. Жұмағалиев, Қазақстанның Интернет Қауымдастығының президенті Ш. Сабиров, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаев, Қазақстан кинематографиялық ұйымының төрағасы И.Вовнянко өз пікірлерін білдірді.

БАҚ басшылары және мәдениет қайраткерлері қатысқан іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспары талқыланып, ұсыныстар айтылды.

 ОҚО-ДАН АҚПАРАТТАР: ҚАРТТАРЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ЕЛ ҚҰРМЕТТІ

Кешегісіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. Кешегі өмірдің тірі куәгерлері – қазыналы қарияларымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы орайда «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Прокопчикті 90 жасқа толған  мерейтойымен арнайы құттықтады.

Отан үшін от кешіп, бейбіт өмірге өз үлесін қосқан қартқа зор денсаулық, бақыт пен қуанышты күндер тіледі.

Александр Прокопчик 1925 жылы 3 қарашада Томск облысы, Павловка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, 1 Белоруссия майданының құрамында  жаумен шайқасты.  Майданда ауыр жараланып, денсаулығына байланысты Ленинград  қаласында госпитальде ем қабылдайды. Сауыққан соң, Иванов облысы, Кинема қаласына жіберіледі. 1948 жылы елге оралады. Ерлігі үшін мерейтойлық медальдармен марапатталды. Теміржолда, шахтада еңбек етеді.

Сый-құрметке бөленген майдангер алғысын айтып, ақ батасын берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369