Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4028 0 пікір 2 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОҚО: СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


Шымкентте Қошқар ата өзенінің бастауынан алғашқы «Street Workout» спорттық алаңшасы ашылды. Көше фитнесі атауымен көпшілікке танымал спорттық алаңшада әуесқой тұрғындар белтемір, қырлы бөренелер, швед қабырғалары мен көлбеу сатыларда және басқа конструкцияларда жасалатын дене шынықтыру жаттығуларын жасауға мүмкіндігі бар.

Шараға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, құттықтау лебізін жеткізді.

– Демеушілер есебінен алдағы уақытта Шымкентте дәл осындай 10 алаңша салынатын болады. Және оның екеуі

халықаралық талапқа сай болмақ. Пайдалануға беріліп отырған бүгінгі алаңша халықаралық деңгейдегі түрлі бәсекелерді қабылдауға әзір, – дейді қала әкімі.

Осыдан 10 жыл бұрын АҚШ елінде пайда болған «Street Workout» спорттық бағыты бүгінде елімізде қарқынды түрде дамып келеді. Аталмыш спорт түрімен бүгінде Шымкент қаласында 3000-ға жуық жастар айналысуда.

Қала әкімі сондай-ақ, спортшылармен арнайы кездесіп, алдағы жоспарларымен танысты. Кездесуге келген спортшылар қатарында есімі көпшілікке танымал Мұхтархан Ділдәбеков, Әлия Юсупова, Біржан Жақыпов та бар.БӘРЕКЕЛДІ: «ҚАЗЫҒҰРТ» «БАРСЕЛОНАМЕН» ТЕҢ ОЙНАДЫ!

Футболдан әйелдер арасында сарапқа салынған УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/16 кезеңінде шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» командасы «БИІК» спорт кешенінде испандық «Барселонаны» қабылдады.

Польшадан келген бас қазы Каролина Радзик-Йоханның ысқырығы естілісімен, қос команда да шабуылдаушы ойынды көрсетуге тырысты. Аса шиеленісті жағдайда өрбіген ойынның алғашқы таймында есеп ашылған жоқ. Дегенмен, матчтың екінші жартысында «барселоналық» шабуылшы Рут Гарсия Оксана Железняк қақпасының кілтін тауып, есеп ашты. Десек те, намысқа тырысқан шымкенттік клуб ойыншылары шабуылдарын жиілетіп, матчтың соңғы минуттарында есепті теңестірді. Клубтың норвегиялық легионер ойыншысы Лиза-Мари Вудс нәтижелі доптың авторы атанды. Тең жағдайда өткен ойынның түпкілікті нәтижесі де 1:1 есебімен аяқталды.

ШЫМКЕНТТІК «СҰҢҚАР» АМЕРИКАНДЫҚ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢДІ

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа Қазақстан, Ресей, Жапония, Корея, Бразилия, Аргентина, Камерун, АҚШ және Украинадан барлығы 24 спортшы қатысты. Осы байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын қорғаған шымкенттік Арман Оспанов (лақап аты «Сұңқар») американдық қарсыласы Джо Элморды жеңді. Айта кету керек, бұл – жерлесіміздің жетінші жеңісі.

 – Отандасымыз Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзоевпен («Черный тигр») кездесуі керек еді. Алайда «Черный тигр» жарақаттанып қалуына байланысты жекпе-жекке қатыса алмады. Сондықтан біздің «Сұңқар» Джо Элмормен сайысқа шықты, – делінген «Alash pride» кәсіби жекпе-жек клубының баспасөз қызметі хабарламасында.

 Еске сала кетсек, 26 жастағы Арман Оспанов Шымкент самбо мектебінің түлегі. Ол жауынгерлік самбодан 2 дүркін әлем чемпионы (2013 және 2014), көптеген ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367