Жұма, 22 Қараша 2024
3238 0 пікір 31 Қазан, 2019 сағат 11:37

Қырғыз президентінің бұрынғы кеңесшісі Икрамжан Илмиянов жеті жылға сотталды

Бішкек қаласы Октябрь аудандық соты 30 қазанда президенттің бұрынғы кеңесшісі Икрамжан Илмияновты жеті жылға соттау туралы үкім шығарды. Бұрынғы шенеуніктің мүлкі тәркіленеді.

Сот Илмияновты "алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 180 мың сом (2600 доллар) айыппұл салынады.

23 қазанда өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунікті 7,5 жылға соттауын сұраған. Сотталушы соңғы сөзінде кінәсі дәлелденбегенін айтып, соттан әділ шешім шығаруын өтінген.

Сот үкімі оқылған соң Илмиянов журналистерге сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді. Ол адвокатымен әрі қарай не істеу керектігін ақылдасқысы келеді.

Икрамжан Илмиянов – бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың сенімді адамдарының бірі. Ол мемлекет басшысы аппаратының басшысы орынбасары және президент кеңесшісі қызметтерін атқарған. Илмиянов сол кезде елдегі ықпалды адамдардың бірі болған.

Бас прокуратура 2018 жылы 28 қыркүйекте оған қарсы қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметі бойынша, Илмиянов президент аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген уақытта бір кәсіпкерден 150 мың доллар пара алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303